Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауылындағы тігінші Жанна Жабекова қолмен тігілген мата маскаларын шығаруды іске қосты. Дәрі-дәрмектің тапшылығы сезіліп отырған бүгінгідей жағдайда бұл бастама тұрғындар үшін де игілікті іс болып отыр.

Ауданымыздың көптеген тұрғындары Жанна Берікбекқызын қолөнер шебері ретінде біледі. Оның жұмсақ ойыншықтарды тігумен айналысатын шағын тігін цехы бар. Бірақ қазір сүйікті мультфильмдердің кейіпкерлерін жасаудың орнына, маскаларды тігуге басты назар аударады. Оның айтуынша, бірінші даналары наурыз айының басында тұрғындар өтініші бойынша тігіле бастапты.

Қазір Жанна ұйымдармен де, бөлшек сатып алушылармен де жұмыс істейді. Бір күнде шамамен 20 бетперде сатылады.


- Мен мекеме қызметкерлері мен қатар, барлық тұрғындар үшін бірнеше рет қолданылатын мас-калар оңтайлы деп санаймын, өйткені оларды әр үш сағат сайын жаңасына ауыстырудың қажеті жоқ. Адамдар өздерін медициналық маскаларды таққанға қарағанда жайлы сезінетін айтады.

Жанна шебердің қолынан шыққан маскалар ерекше. Олар қарапайым бетперделерге қарағанда үлкенірек әрі сыртқы ортадан толық қорғау үшін тығыз етіп тігілген.
- Пішіні ыңғайлы — үстіңгі жағында бетперде тығыз жабысуын қамтамасыз ететін фиксатор бар, дегенмен ол қолданушының сөйлеуіне немесе тыныс алуына кедергі келтірмейді, - деп нақтылайды қолөнер шебері.
Бұл бұйымдарға сұраныстың тағы бір себебі - олардың стандартты емес дизайны. Жанна Берікбекқызы жарқын және стильді көрінетін маталарды таңдайды. Осы маскаларды қолданатын ересектер мен балалар тек қорғалып қана қоймай, өзіне және айналадағыларға жағымды көңіл-күй сыйлайды.
Қолөнерші цехының мекенжайы: Көкпекті ауылы, Лермонтов көшесі, 20. Байланыс телефоны: 8-708-197-10-08.

Виктория ГАРМАШОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз