Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сан ұлттың басын біріктірген бейбітшілік пен жасампаздықтың мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күнін Көкпекті жұрты шаттыққа толы көңіл күймен қарсы алды. Күн райының күрт өзгеріп, қолайсыздық көрсеткеніне қарамастан, 1 мамырда таңертеңнен Көкпекті ауылының орталық бөлігіне қолдарына қызылды-жасылды шарлар, жалаушалар мен ел бірлігі, ұлт татулығы, бейбітшілік, ынтымақ туралы ұрандарын көтеріп шыққан жұртшылықтың қарасы көп болды. 

Еліміздегі ең жарқын және мерейлі мейрамды өз дәрежесінде атап өтуге аудан орталығындағы барша мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің орталық мәдениет үйі алаңына бір кісідей жиылуы көпұлтты Көкпекті халқының ауызбіршілігі мен берекесінің көрінісі болса керек. Жиылған қауым түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп, әрқайсысы өз тілдерінде құттықтау арнап, салтанатпен алаңға қарай сап түзеді.
Қазақстанның көк байрағын алып жүру мәртебесіне аудан спортына қомақты үлес қосып, республикалық, облыстық жарыстарда озық шығып, халықаралық ареналарда жүлдегер болып жүрген балғын спортшылар – Көкпекті ауылынан шыққан таэквондодан спорт шеберлігіне үміткер, Азия чемпионы Анатолий Бойков пен Азия чемпионатының қола медаль жүлдегері Рахат Байсақалов лайық болды.

 

Мерекелік шараға үлкен жауап-кершілікпен келіп, қолдарына бейбітшілік символы ақ көгершіндер көтерген «татар» ұлтының киіміндегі «Экономика және қаржы бөлімі», «Мемлекеттік кірістер басқармасы», «Қазыналық басқармасы», «Статистика басқармасы», «Қорғаныс бөлімі», «Халық банкі», Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы», «Ұлттық сараптама орталығы», ал Қазақстанда тұрып жатқан тәжіктер диаспорасын сомдаған шеруді «Аудандық білім беру», «Балалар өнер мектебі», «Коррекция» ұжымы таныстырды. Түрікмен ұлты болып шеруге Көкпекті ауылдық округі, Әділет басқармасы, Жер қатынастар бөлімі, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Мұрағат ұжымы, Зейнетақы төлеу орталығы шықты. Шешен ұлтын көрсеткен «Шуақты шұғыла», «Көкпекті – Толағайы», «Балерке» балабақшаларының ұжымы, әзербайжан ұлтын бейнелеген "Ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі", «Көкпекті мал дәрігері» ұжымдары таныстырды.
Немісше киінген жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Қазпошта», аудандық кітапхана ұжымдары болды. Ал, өзбек халқының диаспорасымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, Тұрғын-үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары бөлімі, «Көкпекті» коммуналды шаруашылық жүргізу құқығындағы мекемесі мемлекеттік шеруді жалғастыруда. Орталық аудандық аурухана ұжымы украина ұлтын, Көкпекті орта мектебі орыс ұлтын, Ж.Шайжүнісов атындағы мектеп ұжымы қазақ ұлт өкілдерін көрсетті.
Салтанатты жиынды аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов ашып, көкпектіліктерге құттықтау сөз арнады. - Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүруі үшін береке мен ынтымақ, бірлік пен бейбітшілік аса қажет. Елімізде тұрып жатқан барлық халықтың салты мен дәстүрлерін сақтай отыра, оларды дамыта түсуге бізде барлық жағдай жасалған. 1 мамыр – Қазақстандағы 28 жылда құрған негізгі мереке. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік! – деді Асхат Сайдахметұлы. Сонымен бірге, жылы лебіздерін Көкпекті ауданының Құрметті азаматы Таисия Шнайдер, Самар ауылының Свято-Покровский Приход қызметшісі Иеромонах Севостян Андрюшенко жерлестеріне тілегін арнады.
Алаңның оң жағында түрлі ұлт өкілдерінің тағамдары толтырылған үлкен дастархандағы шешеннің «хингалс» тағамы, әзербайжанның «нырданча» палауы, орыстың пирогі мен «Лазанкиі», грузиннің «чахахбилиі», ұйғырдың «ләгманы» т.б. сол сияқты тәтті-дәмділерден көз сүрінеді. Бірінен-бірі өтетін сәнді дастархандардың арасындағы ең бай жайылғаны украин ұлтыныкі десек, қателеспегеніміз.
Шырайлы мереке күні салтанатты шараның жалғасы мәдениет үйі алаңындағы сахна төрінен әр ұлттың өнерін паш етіп, әсем ән мен мың бұралған көркем билерін көрермен назарына ұсынатын ең думанды сәті де келіп жетті.
Мерекеде ұйымдастырылған әр ұлттардың ұлттық киімдерімен, тамақ-тарына баға берген әділқазылар шешімімен украин ұлты – І орын, қазақ ұлты – ІІ орын, орыс ұлты – ІІІ орынға лайық деп саналса, «Ең үздік тағам» татар, «Ең үздік таныстыру» - тәжік, «Ең үздік ұлттық киім» - түрікмен, «Ең үздік ұлттық үй» шешен, «Ең ұйымшыл топ» неміс ұлттары, «Ең үздік белсенді топ» аталымдарына өзбек ұлты марапатталды. Жеңімпаздарға аудан әкімінің атынан мақтау грамоталары мен заттай сый-сияпаттар ұсынылды.

Зухра Нурлыхакқызы Искакова, татар:
- Биылғы ынтымақ мерекесі бізге ерекше ұнады. Кейінгі жылдары еліміздің тұрғындары тілі мен түрі, діні мен ділі бөлек болғанымен тілектері бір болғандықтан 1 мамыр күнін тойлауға аса мән беруде. Көк байрағымыз жел-біреген тәуелсіз Қазақстанымызда тату-тәтті күн кешіп, бір-бірлерінің қызық-қуаныштарына ортақтасу үлкен бақыт деп білеміз. Әсіресе, әр ұлт өкілдерінің өнерін тамашалап, көңіліміз көтеріліп қалды. Баршамызға ортақ, татулық пен тыныштық орнаған отанымызда халықтар достығы мәңгілік жасай берсін!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз