Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып тосын мінез көрсетуі мүмкін. Осыған орай аудан әкімі өзі барып қауіпті деген аймақтарды аралап көрді. Наурыздың 1 күні аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы жұмыс сапарымен Ажа ауылына барып, көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша атқарылған жұмыстармен егжей-тегжейлі танысып шықты.
Бұған дейін ауыл тұрғындары өзен мен еріген қар суының ауылға қауіп төндіруі мүмкін екенін айтып, дамба салу қажеттігі туралы мәселе көтерген болатын. Аудан әкімі бұл мәселенің шұғыл шешілуін талап еткен еді. Көкпекті ауылдық округінің әкімі Бек Назарбекұлы бұл шаруаны дереу қолға алып, ауыл сыртынан ұзындығы 750 метр болатын дамба салдырды. Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалған бұл жұмыстардың дұрыс атқарылуы аса маңызды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.