24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің директоры, II дәрежелі “Барыс” орденінің иегері, Абай облыстық мәслихат депутаты Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы қызметтік сапармен келді. «Ұлағат» тәрбие жүйесі, «Тағзым» жобасы аясында колледж, мектеп ынтымақтастығын нығайту мақсатында Социалистік Еңбек Ері Жақия Шайжүнісовтің 110 жылдық мерейтойына арналған «Ұрпаққа аманат» атты қойылымын көрерменге тарту етті.
Қадірлі қонақтарымыз ең бірінші Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектептің мұражайымен танысты. Білім ордасында өткен Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің кіші ғылыми зерттеу орталығының Жақия Шайжүнісов туралы қойылымына аудан әкімі Әділет Қожанбаева қатысып, Шағангүл Алдамжарқызына, педагогикалық колледждің ұжымы мен студенттеріне ауданға келіп, Жақия Шайжүнісовті ұлықтау шараларын ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.