Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

11 Мамыр 2020

300 ҚАП ҰНДЫ ТЕГІН ТАРАТТЫ

Еліміздегі Төтенше жағдай кезеңінде Көкпекті ауданының кәсіпкерлері мен әкімшілік қызметкері белсенділік танытып, тыл ардагерлеріне түрлі көмектер көрсетуді жалғастыруда.

Көкпекті ауданы ардагерлер кеңесі, Кәсіпкерлік және туризм бөлімі, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Көкпекті ауданында тұратын соғыс және тыл ардагерлеріне ұн таратылып берілді. Аталмыш игі істің өтуіне мұрындық болған Көкпекті ауданы әкімінің аппараты және кәсіпкерлеріміз. Атап айтсақ «Теректі» ШҚ басшысы Қанат Бидахметов, «Рустам» ШҚ басшысы Қайрат Дүйсенбаев, «Виничук» ЖШС басшысы Виктор Виничук, «ҚалМұхЖом - Ахмед» ШҚ басшысы Мұхамед Хабидолданов, «Қабылқапар» ШҚ басшысы Күлән Дакежанова.

Read more

ЭКСПРЕСС-ТЕСТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ - ОҢАЙ ӘРІ ЖЫЛДАМ

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Карантиндік шараларды күшейту туралы» 20.04.2020 жылғы қаулысы негізінде коронавирустық инфекцияны экспресс-тестілеу бойынша түбегейлі қадамдар жасалды.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Көкпекті ауданындағы меди-циналық мекемелерде тегін экспресс-тест жүргізіледі. Мысалы, «Көкпекті ауданының № 2 аудандық ауруханасы» ағымдағы жылдың 24 сәуірінде 425 дана экспресс-тест алды.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз