Ақпан 2020

03 Ақпан 2020

ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

24 қаңтар күні Көкпекті орта мектебінде ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Көкпекті ауданы бойынша филиалының басшысы Әлия Орымбекқызы Мұқашева өткен жылы біздің аудан бойынша ШҚО КФП атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нина Укешова, сондай-ақ ауданның әр түкпіріндегі кәсіпкерлер қатысты.
Өз сөзінде Әлия Орымбекқызы Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының негізгі мақсаты ШҚО-да кәсіпкерлікті дамыту және одан әрі дамыту үшін институционалдық негіз қалыптастыру болып табылатынын атап өтті. Аудандық филиалдың жұмысы "Ұлттық палата туралы" Заңға (2013 ж.), Кәсіпкерлік Кодекс-ке, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ ШҚО ТҚФ және ҚР ҰКП тапсырмаларына негізделеді.
- Мен осы салада 6 жыл бойы жұмыс істеймін. Жыл сайын "бизнес рельстеріне" кәсіпкерлер саны артып келеді деген қорытынды жасай аламын. Біздің жұмысымыздың ең басты бағыттарының бірі кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау және бизнес пен билік арасында топтастырылған алаң құру болып табылады. 2019 жылы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша 46 өтініш түсті, олардың 38-і толық шешілді (82,6%). 12 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Кәсіпкерлік субъектілерінің ақшалай қаражатты қайтару бойынша мүдделері 15 миллионнан астам теңгеге қорғалған, - деді Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының басшысы.
Кәсіпкерлердің ШҚО КП филиалына деген сенім деңгейі өте жоғары екенін батыл айтуға болады. Кәсіпкерліктің жүйелі проблемаларын шешудің жарқын мысалы лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және жергілікті әкімшілік кедергілерді жою болып табылады. Олардың қатарына мыналар жатады: 1) "Қазпошта" АҚ-да жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шот ашу кезінде мөрдің болуын талап ету; 2) Ауданның мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан "салық төлеушілерді тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін созу; 3) банктер тарапынан монеталарға ақша қаражатын айырбастау-дан бас тарту. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК 425 бабы бойынша жоғары айыппұлдар бойынша мәселе республикалық деңгейге шығарылды.

Read more

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖАҢА ТӘРТІППЕН БЕРІЛУДЕ

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға жәрдемақы көбейіп, табысы аз отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек беру тәсілі өзгергені баршаңызға аян. Осы тұрғыда аудан көлемінде қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығы бойынша Жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Н.Сүлейменов баяндап берді.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдері енгізілді. 2020 жылдан бастап 4 және одан көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларға және 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу орындарында оқитын студенттерге отбасының жиынтық табысына қарамастан зейнетақы төлеу орталығы арқылы мемлекеттік жәрдемақы төленеді:
4 баласы барларға- 42500 теңге;
5 баласы барларға- 53125 теңге;
6 баласы барларға- 63750 теңге;
7 баласы және одан да көп баласы барларға- 73375 теңге.
2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына кепілдендірілген мемлекеттік әлеуметтік пакет беріледі. Кепілдендірілген мемлекеттік әлеуметтік пакет алушы 697 балаға барлығы 44248,0 мың теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен - 11,3 млн. теңге, аудандық бюджет қаржысынан – 32,9 млн. теңге, атаулы әлеуметтік көмекке - 17, 3 млн. теңге.
Яғни, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайын азық-түлік пакеттері, тоқсан сайын гигиеналық құралдары (тіс щеткасы, тіс пастасы, балалар сабыны, балалар сусабыны, тағы басқалары) беріледі.

Read more

ТҰМАУ - ҚАУІПТІ ДЕРТ.ТҰМАУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Тұмау дегеніміз не?
Тұмау – бұл тыныс алу жүйесін зақымдайтын жедел вирустық ауру. Тұмау ЖРА – жедел респираторлы аурулардың, дәлірек айтсақ, ЖРВИ – жедел респираторлық вирустық инфекциялардың санатына кіреді.
Қалай жұғады?
Тұмаудың жұқтыру көзі ауру адам және тек сирек жағдайларда ғана шошқалар мен құстар сияқты кейбір жануарлар болып табылады.
Тұмау ауа - тамшы жолдары арқылы жұғады. Науқас адам тыныс алғанда, жөтелгенде, түшкіргенде, ауаға тарайтын қақырық пен мұрыннан бөлінген шырыштан айналада ауру жұқтырылған "бұлт" пайда болады. Бұларды жұту – сау адамның ағзасына тұмау вирусының ену жолы.
Тұмаудың белгілері қандай?
Тұмаудың белгілері адамдардың көпшілігіне аян, дегенмен, осындай маңызды ақпаратты қайталау артық болмайды деп ойлаймыз.Жасырын, инкубациялық кезең – 5 - 6 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады. Осы уақыттың аралығында вирус ауыз бен мұрынның шырышты қабықтары арқылы ағзаға еніп үлгереді, ал иммундық жүйе сол уақытта оған кедергі жасауға әрекет жасайды. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы вирустың түріне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына байланысты. Инкубациялық кезеңнен кейін аурудың мынандай белгілері пайда болады:
1. Тұмау, мұрынның бітелуі, түшкіру, тамақтың жыбырлауы сияқты аурудың бастапқы белгілері.
2. Әлсіздік, сырқырап ауыру.
3. Аурудың алғашқы сағаттарында температура көтеріледі. Тұмауға 40°С дейін және тіпті одан да жоғары температуралы қатты қызба тән.
4. Кейінірек өнімсіз, құрғақ жөтел пайда болады, ол бірте - бірте ылғалды, қақырық бөлінетін жөтелге айналады.
Тұмаудың асқынулары

Read more

КОРОНАВИРУС. ЖАҒДАЙ ТОЛЫҚ БАҚЫЛАУДА

Қытай елінен шыққан жұқпалы коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімі Даниал Ахметовтың бұйрығы негізінде облыстық жедел штаб, сонымен қатар, ШЖҚ КМК «Көкпекті орталық аудандық ауруханасы» бойынша жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында аймақтық штаб құрылды.
Вирусты аурулар туралы шұғыл ақпарат алу үшін республика бойынша 1406 номеріне хабарласуға болады. Жұқпалы аурулар бөлімшесі боксталған палаталар, залалсыздандырушы құрылғы, аса қауіпті ауру байқалған жағдайда орналастырылатын палата, қорғаныс костюмдері, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер, бетперделермен қамтамасыз етілген. Қорғаныс комбинезонына, респираторға қосымша тағы да тапсырыс берілді. Медицина қызметкерлермен оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. 29.01.2020 жылдан бастап саламатты өмір салтын қорғау дәрігері - О.В.Дериглазова Көкпекті ауданының мекемелеріне барып коронавирустың алдын алу, жұғу жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп бастады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасымен Қытай мемлекетінен келген тұлғалардың хал-жағдайын бақылау, аталмыш дерт таралуының алдын алу мақсатында жауапты маман тағайындалды, госпитальды эпидемиолог Е.И.Сорокина Қытай мемлекетінен келген адамдармен күнделікті байланыста.

Read more

5 КӨШЕГЕ ҰЛЫ АҚЫН ЕСІМІ БЕРІЛДІ

Көкпекті ауданында 62 көшенің атауы өзгерді. Аудандық ономастикалық комиссия жолдаған құжаттар негізінде Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясы отырысының қорытындысы шықты. Осылайша, жаңа 2020 жыл Көкпекті ауданының тұрғындары үшін қуанышты жаңалығымен басталғандай. 

Әрбір көшеге елге еңбегі сіңген қайраткерлердің, ұлы тарихи тұлғалардың есімі берілген. Оно-мастикалық комиссия мүшелері атауға келгенде жеті рет өлшеп, бір рет кесіп өте ыждаһаттылықпен шешім қабылдағандарын айтады.
- Көшелердің атауын ауыстыру кезінде қоғамның пікірі ескерілді. Барлық көшелерге тарихи жер-су атаулары мен ұлттық танымдық атаулар, көрнекті қайраткер тұлғалардың есімдері берілді. Ағамдағы жылы әлем бойынша 175 жылдық мерейтойы аталып өтетін қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының есімі 5 көшеге берілді. Әр ауылда өткен тұрғындар жиналысында жергілікті қоғамдастық мүшелері ұсынған есімдер қатарында Қабанбай Батыр, Қазыбек би, Төле би, Ыбырай Алтынсарин, Кенесары Қасымұлы, Әлихан Бөкейхан, Бауыржан Момышұлы аталуы өте қуанарлық жағдай. Сондай-ақ Қалихан Алтынбаев, Бармақ батыр, Кегенбай би, Байқадам би, Отыншы Әлжанов, Хамит Тоқтамысов сынды аудан тарихында өшпес із қалдырған тұлғалар есімі де ардақталды. Ономастикалық комиссия мүшелері алдағы уақытта да бұл бастаманы жалғастырып, ел есіндегі ерлердің есімін ұмыт болмас үшін көшелерге беру үрдісін жалғастырамыз, - дейді мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айнұр Отаршина.

Read more

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз