Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қыркүйек 2019

16 Қыркүйек 2019

«ФРОНТ КЕҢСЕСІ» АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында сотқа келушілерге арналған фронт кеңсесінің ашылуы өтті.
Іс-шараға сот төрағасы Б.К.Қаджиақпаров, Самар ауылының Әкімі А.Ф.Кудербаев, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Ф.Садықов, Самар полиция бөлімінің бастығының орынбасары К.Ж.Меткенов және өзге мекемелердің өкілдері қатысты. Іс-шара «Үлгілі сот», «Сот төрелігінің 7 түйіні» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Read more

ШӘКІРТТЕРІН БАҚЫТҚА БӨЛЕГЕН - БАХТЫГҮЛ ҰСТАЗ

Жұмыс барысында ізденіс жолы қашанда шексіз. Оған шын ниетімен берілгендер ғана қол жеткізбек. Сондай тұлғаның бірегейі Маяковский атындағы негізгі мектептің ұстазы Ермекбаева Бахтыгүл Құнанбасқызы.
Ол кісі 1964 жылы, 14 мамырда бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауы-лында қарапайым отбасында дүниеге келген. Ауылдағы 10 жылдық орта мектепті бітірген соң, Семей қаласындағы Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институттың математика пәнінің мұғалімі мамандығына түседі де аталған оқу орнын 1992 жылы жақсы деген бағамен тәмамдайды. Ұзақ жылдар Егінбұлақ ауылындағы Ш.Құдайбердиев атындағы негізгі мектепте жас ұрпақты тәрбиелеп, сапалы білім беріп, аудан, облыс көлемінде әріптестері арасында өз іс тәжірибесін таратқан. Ш.Құдайбердиев атындағы негізгі мектепте 13 жыл тәлімгер және тәрбие ісінің меңгерушісі болып жұмыс атқара жүріп, облыстық «Ұстаз. Білім. Шәкірт» газетіне «Менің Отаным - Қазақстан» атты тақырыптағы модульдік технология бойынша жасаған тәрбие сағатын жариялайды. Дарабоз ұстаз қашан да жаңалыққа жаны құмар және өзінің сабақ берудегі әдіс-тәсілін жаңа технология элементтерімен ұштастырып, үнемі озат тәжірибемен жетілдіруде, оқушыларға тиянақты білім беру жолдарын үздіксіз іздестіруде. Оқушыларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, өз білімін жаңа оқу үрдісіне сай жетілдіріп отырады. Көп ізденетін жаңашыл, өз пәнін жетік, терең білетін ұстаз әріптестерімен педагогикалық оқуларда, бірлестік отырыстарында ой бөлісіп, тәжірибе алмастырып отырады. Өзінің қажымай жинақтаған мол тәжірибесін жас мамандарға үйретуден бір сәт те жалыққан емес, керісінше олардың көздерінен білімге деген ұшқын көрсе қолдап, көмек қолын созуға даяр тұрады.

Read more

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ. 2020 ЖЫЛЫ НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

Келесі жылы енгізілетін медициналық сақтандыру мен тегін медициналық көмек жайлы не білеміз? 2020 жылдың алғашқы күнінен бастап күшіне енетін бұл жүйе бойынша кім тегін медициналық көмек ала алады, кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлеміне не енеді? Қандай қызметтер тегін көрсетіледі?
Кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлеміне шұғыл медициналық көмекке жататындардың барлығы енеді:
- жедел жәрдем;
- санитарлы авиация;
- созылмалы аурулармен ауыратын науқастарды бақылау;
- стационарды алмастыратын жедел көмек.
Бұлар барлық адамға қол жетімді. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек бойынша барлық адам емханаға жүгініп, стационарда емделуге және тексерістен өтуге құқылы.
Мұның құрамына әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу де жатады:
- туберкулез;
- АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы);
- ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы);
- созылмалы вирустық гепатит және бауыр циррозы;
- қатерлі ісік;

Read more

ШАҒЫН АУЫЛДЫҢ ТЫНЫСЫ

Ақтас ауылында Үлкенбөкен ауылдық округінің бастамасымен ауылдағы мектептің ғимараты жөндеуден өтті. Бұрынғы мектеп ғимаратының шатыры жөнделіп шағын ауылдың мәдени ошағына айналды. Сондай-ақ, бұнда енді ауыл тұрғындары түрлі мерекелік шараларды өткізе алады. Және де ауыл үшін тойхана ретінде де қолдана беруге болады. Осындай игі бастаманың басында жүрген ШҚ басшылары Жәнібек Қалиев пен Мұрат Ақшабаров сынды азаматтарға ауыл тұрғындарының алғысы шексіз.

Read more

БИҒАШТЫҚТАР ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы – тарихи құжат. Президенттің әрбір жолдауын талқылауды дәстүрге айналған. Биғаш ауылдық округі бойынша әкімшілік қызметкерлері, ұстаздар ұжым болып тыңдай отырып алдағы қойылған міндет, мақсаттарды талқылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларын айналып өтпей, керсінше үнемі бұл мәселеге зор көңіл бөліп келеді.

Read more

ЖАСТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ КӨП

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күні Көкпекті ауылының белсенді жастары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылады. Мемлекет басшысының Жолдауын көкпектілік жастар да қолдайды. Бәсі басым құжатты насихаттаушы топ аудандағы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында бас қосты. Басқосу барысында мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің орындалу жолдары талқыланды.

Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда жастарға артылар жүк орасан. Келешек ел тұтқалары диплом емес, білімді болуы үшін оқуы қажет. Сонда ғана мемлекет мерейі, ел ертеңі үшін еңбек ете алады.

Read more

ӘЛЕМДІК ОЙЫНДАРДЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегі күні Көкпекті жұртшылығы Оңтүстік Корея елінде күрес түрлері бойынша өткен әлемдік додаға қатысып келген жерлесіміз, Еуразия құрлығының қола медаль иегері, дзюдо, самбо және қазақ күресінен спорт шебері Өскен Төлеубековты қошемет, құрметпен қарсы алды. Осылайша спорт шебері Корея жерінде өзінің алыптар мен батырлардың ұрпағы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. 

Жерлесіміз әлемдік сыннан жүлдемен оралды. Қазақ күресінен Оңтүстік Кореяның Чиханжу Сеул қаласында өткен дүниежүзілік жауынгерлік ойындарына қатысып, Өскен Төлеубеков күміс медальға қол жеткізді. 106 мемлекеттің спортшылары бақ сынасқан байрақты бәсекенің алғашқы күндері келген қонақтар үшін мерекелік кеш түрінде әрбір ел өз спорт түрлерін дәріптеу тапсырылды. Жарыс қыркүйек айының 3-5 аралығында өтті. «Қазақ күресі» бойынша Оңтүстік Корея елінде 30 мемлекеттің спортшылары белдесті. Бұл белдесуде Өскен 70 келі салмақ дәрежесінде үнді, швед, поляк елдерінің балуандарымен күресті. Ал финалдық бәсекеде қырғыз елінің спортшысымен белдесіп, ІІ орынды иеленді.

Read more

ЕГІН ОРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Көкпекті ауданында егін ору науқаны басталды. Алғаш болып іргелі шаруалар күзгі жиын-терімге кірісті. Таяу күндері өзге де диқандар дәнді-дақылдарға орақ салады. Мамандар биылғы егістің шығымы жақсы дейді. Егін ору науқанын Марат Каликовтың «Қалиқанұлы» шаруа қожалығы егістік алқабынан өз көзімізбен көріп, мамандардың дерегіне қанық болдық. 

Биыл Көкпекті ауданында егілген дәнді дақылдардың егіс алқабы 82.5 мың гектарды құрайды. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Расул Сармановтың айтуынша, егіннің шығымы тәуір. Күзгі жиын-терім де уақытында басталған. Бүгінгі күнге дәнді дақылдардың 12,6 пайызы орылыпты. 11 мың тоннадан астам астық қамбаға құйылған.

Read more

10 Қыркүйек 2019

БАХЫТЖАМАЛ БАЗЫЛРАХМАНҚЫЗЫ КАРМЕНОВА, Ж.БОЛҒАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ САМАР ОРТА МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ, ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

- Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына алғашқы жолдауын жариялады. Бұл жолғы жолдау "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" деп аталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Жолдауында мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту секілді қоғамды толғандырып жүрген мәселелерге тоқталып халыққа жауап берді деп ойлаймын. Маған ерекше ұнағаны мемлекет басшысының қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін нақтылағаны. Оның айтуынша, алдағы уақытта қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек.
Өзім мұғалім болып істегендіктен мені көп алаңдататыны шәкірттерімнің білімі, болашағы, мектептен алған білімдерін өмірге жаратуы. Әсіресе, дарынды оқушылардың жағдайы. Осы орайда президент Жолдауындағы - Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек. Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырамын деген көкейтесті сұраққа нақты жауап беретін жолдары шәкірттерімнің жүрегіне үміт отын жағады.

Read more

09 Қыркүйек 2019

ҮШ БАТЫРДЫҢ ОТАНЫНДАҒЫ ЖЫЛЫЖАЙ

Аудан әкімі А.С.Смаиловтың Подгорное ауылының тұрғындарымен кезекті кездесуі кезінде ауыл климатының күзі ерте, жазы қысқа болуына байланысты көкөніс өсіру мәселесі айтылған болатын.

Ол кезде Асхат Сайдахметұлы ауыл тұрғындары мен мектеп асханаларын жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз ету үшін мектеп жанынан жылыжай салуды ұсынды. Қуанышқа орай, мектеп жанында скважина бар.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз