Шілде 2018

09 Шілде 2018

Қысқа мерзімде қаралған өтініштер

Шілде айының 2-3 күндері аудан орталығы Көкпекті және Самар ауылдарында аудан әкімі Асхат Смаилов кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, Көкпекті, Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Бұл жолғы қабылдауда жеке сұрақтарымен жеті азамат болды. Аудан басшысы қабылдауға келген тұрғындардың барлық сауалдары мен өтініштерін мұқият тыңдады. Олар негізінен тұрғын үй, жер мәселесі, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік қызмет ауқымдарын қамтыды.Қабылдауда болған азаматтардың өтініштері ескерусіз қалған жоқ.

Read more

ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ДІНИ ДҮНИЕТАНЫМЫ

Қазақ ойшылдарының діни дүниетанымы Құран-кәрім, Хадис-шәріп, Шариат секілді исламның қайнар көздерiнен бастау алып, дәстүрлі ислам арнасында қалыптасты. Жалпы дәстүрлі ислам дегенде, Қазақстан жеріне ислам Хижаз бен Хорасан жерлерінде қатаң әһл әл-хадис мектебіне тән ортодоксалдық күйінде тарала қойған жоқ. Жергілікті мұсылман жамағатының басым бөлігі діни ұстанымы мен көзқарастарында ақидада самарқандық матуридилік ілімді, фыкхта ханафилік мазхабты басшылыққа алады. Құлшылық, ғибадаттарында ата-баба жолын ұстанатындықтан, оларды «дәстүрлі мұсылмандық сенімдегілер» деп атау әдетке айналған. 

Қазақ халқының діни дүние-танымының дәстүршілдігі, оның синкреттілігі мұнда исламның өзгеше түркілік реңге ие болуына әкелді. Бұл аймақта ханифилік мазһабтағы суннилік ислам, ең алдымен, жергілікті салт-дәстүрге деген төзімділігімен және жаңашылдыққа деген либералдық қатынасымен ерекшеленді. Сондай-ақ исламды таратуда йасауйиа, накшбандйиа тәрізді сопылық ағымдар – тариқаттар ерекше орын алды. Жалпы Йасауиден Шәкәрімге дейінгі қазақ даласының ойшылдарының дүниетанымдық көз-қарастарында сопылық дәстүрдің негізгі рухани қайнарлардың бірі болғаны және бұл тарихи-мәдени сабақтастықтың кешегі кеңестік дәуірге дейін сақталып келгені баршаға аян. Әрине, біз бұл жерде, Шәкәрім заманында кең етек алған «надан сопылық», «жалған сопылық» туралы, қазіргі заманда бой көрсеткен «күмәнді сопылық» туралы айтып отырғанымыз жоқ.

Read more

МЕРЕКЕЛЕРІ АТАЛЫП ӨТТІ

28 маусым Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні болып бекітілгені бәрімізге белгілі. Байланысшылар, БАҚ қызметкерлері қоғам мен билік арасында пікір алмасуды және тиімді өзара байланысты орнату жолында еңбек етуде.
Аудандағы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы қалың көпшілікке хабардар етіп, ақпараттық қолдау көрсетіп жүрген тілшілер қауымын кәсіби мере-келерімен аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин және ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаев құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Ауданның әлеуметтік-экономикалық саласына қосқан еселі еңбектері үшін аудан әкімінің алғыс хатымен «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің тілшісі 12 жыл тәжірибесі бар Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Қанат Апсадықова, өз ісінің шебері, білікті маман төрт жылдық еңбек өтілі бар редакция ұжымының тілшісі Клара Туенбаева марапатталды.

Read more

АСТАНА МЕРЕЙТОЙЫНА ТАМАША ТАРТУ

Астана күні - барша қазақтың тойы, көпке ортақ мереке! Бұл біздің еліміздің жаңа орда тігіп, ақ сарай салдырған күн. Ұлы өзгеріспен әлемді таңдандырған күн. Астана қаласының туған күніне орай Аққала ауылдық округінде балалар алаңы және Ақой ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды.
Бұл күні «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 250 ге жуық түтіні бар Аққала ауылдық округінде балалар ойын алаңы ашылды, оған 777 мың теңге қаражат жұмсалды. Бұл Аққалалық бүлдіршіндер үшін қуанышты жаңалық, мерекелік тарту болды.

Read more

04 Шілде 2018

ПОДДЕРЖАТЬ ИНИЦИАТИВУ ЗЕМЛЯКОВ, РАДЕЮЩИХ ЗА ОБЩЕЕ ДЕЛО

25 - 26 июня текущего года аким района Асхат Сайдахметулы Смаилов провел очередной прием граждан райцентра и населенных пунктов Кокпектинского сельского округа, а также граждан Самарского региона.
Проблемы кокпектинцев касались жилищных проблем: отсутствие жилья и материальная помощь для ремонта. Из одиннадцати граждан Самарского региона – пятеро также обратились по вопросам жилья. У одних есть крыша над головой, но нет средств на оформление собственности, у других- требуется ремонт кровли, у третьего- проблемы с приватизацией жилья, признанного аварийной, нарушение очередности на получение жилья. В ходе встречи был поднят вопрос о некачественном грейдировании трассы в село Караоткел, где вместо гравия красуются булыжники. На все поднятые вопросы жителей по жилью, по ремонту данной дороги, ответ перед акимом района держал руководитель отдела ЖКХ, пассажирского и автомобильного транспорта К.Джылкишев. Вместе с тем, Асхат Сайдахметулы дал разъяснения обратившимся гражданам по острой проблеме обеспеченности жильем в нашем районе и пути выхода из него на перспективу.

Read more

02 Шілде 2018

ЛЮБОВЬ К СВОЕМУ ДЕЛУ

Редакция любого печатного периодического издания направлена для подготовки и выпуска газеты или журнала и удовлетворения потребностей читателей. Для того, чтобы работать в редакции, нужны специальные способности, знания и умения, особая подготовка и жизненный опыт.
Специфика редакции как трудового коллектива заключается и в том, что это производственный и творческий коллектив. Редакция работает по плану, подчинена производственному ритму — графику выпуска газетных номеров. Материалы выпуска должны в определенное время поступать читателям.
В настоящее время намного облегчен труд журналистов, которые набирают свои материалы на компьютере или ноутбуке. Раньше было намного сложнее, и в большинстве своем, применялся ручной труд. К примеру, все материалы корреспонденты писали от руки, затем сдавали их секретарю-машинистке для набора на пишущей машинке. Следовательно, вся рукопись газеты проходила через машинописный набор. Это был колоссальный труд.

Read more

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз