Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Әкем, анам, көңіл қойса, дем беріп,
Спортты біз сүйер едік тең көріп.
Салауатты өмір салтын сақтайық,
Спорт қана қамалымыз ең биік, - демекші Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған отбасылық «Әкем, анам және мен» атты спорттық жарыс өткізілді.
Жарысқа бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты. Қатысушылар өз отбасының төсбелгісімен, ұранымен, біркелкі формасымен ерекшеленді. 2«а», «ә», 3«а», «ә», «б» сыныптарының намысын қорғаған Сармановтар отбасы «Паровоз жүрісі», «Арқан тартыс», «Секірмемен секіру» ойынында өз шеберліктерін көрсете білсе, Ахметзәки отбасы «Доппен жүгіру», «Теңге алу» сайыстарында ерекше көзге түсті. Советовтар отбасы «Теңге алу», «Арқан тартыс», «Паровоз жүрісі» ойынында ептілік көрсетіп, Сейілқұмаровтар отбасы әкелер сайысында мергендік қасиетімен ерекшеленді. Ал, Оразбаевтар отбасы «Доппен жүгіру», «Секірмемен секіру» жарысында жылдамдылықтарын көрсетті.
Жанкүйерлерінің делебесін қоздырып, тартысты өткен спорттық ойындар мәресіне жетіп, әділқазылар шешімімен 2 «а» сыныбынан қатысқан Сармановтар отбасы І орын, Ахметзәки отбасы ІІ орынды иеленді. 3 сыныптар арасында І орын Советовтар отбасы алса, ІІ орынды Сейілқұмаровтар мен Оразбаевтар өзара бөлісті.
Ата-ана мен бала арасындағы, қарым-қатынасты нығайта түсуіне септігін тигізген, спорттық ойынға қатысушыларды мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Құсайынова жеңістерімен құттықтап, мақтау грамоталары мен сыйлықтар табыстады.
«Отбасы - ұлағат ұясы», - дегендей, салауатты өмір салтын ұстанатын, қайсар, биік рухты отбасылар көбейіп, қазақ елі мәңгі жасасын. Елбасымыздың Нұрлы жолымен болашаққа нық басайық!
Зере Тамызғазина, Ж.Болғанбаев атындағы орта мектептің 6 «а» сынып оқушысы, Самар ауылы

Ұстаз ұлағаты ұрпақ болашағына жол ашар ұлы қасиет екенін ескерсек, ұлы тұлғалардың тәлімді тәрбиесі санадан шықпақ емес. Ұстаз деген ұлы есімді мәңгі ұлықтап өту де артықтық­ етпейді. Бұл ретте белгілі педагог В.А.Сухомлинскийдің өзі: «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады», - деп баға берген.

Қызмет жолында жоғарғы дәрежеге жеткен педагог мамандардың жұмыс сапасын арттыру мақсатында, ағымдағы жылдың 5 қарашасында, Өскемен қаласының «Балалар шығармашылық» сарайында «Қосымша білім берудің үздік педагогы - 2015» облыстық байқауы өтті. Аталмыш байқауға, облыстың 14 ауданынан келген педагогтар өз білімдері мен біліктіліктерін көрсетті. Байқау 2 кезең бойынша өтті, бірінші кезең «Үздік портфолио», ал екінші кезең «Ұстаздық мамандықты таңдау себебім?» атты эссе оқу болатын. Осы байқауға Көкпекті ауданының «Балалар өнер мектебінің» педагогы Шарипа Саруарқызы Таныбаева қатысып, Бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, Шарипа Саруарқызы қызмет етіп жүрген ұжымдағы әріптестері Қ.Ахметқалиева, А.Байғалиева, З.Тұрлыбаева және мекеме директоры А.Сүлейменов «Шеберлік сыныбына» ат салысып, қолдау көрсетті. Көкпекті ауданының атағын асқақтатқан әріптесіміз Шарипа Саруарқызының жеңісіне жеміс тілей келе, алдағы алар асуларыңыз көп болғай дегім келеді.

А.Айпқазиева, 

Балалар өнер мектебі

 

 

 

Қазақ халқының ана тілі –қазақ тілі. «Қазақ тілі - өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан жүрегіңді жадыратып, құлақ құрышын қандырып, ұғымыңа қонымды, жүрегіңе тиімді», - дегенді Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқан. Әр патриот, елін, жерін сүйетін азамат «Ана тілі - қазақ тілі» - деген сөзді көкірегіне емес жүрегіне жазатын, жадында сақтайтын уақыт жетті.

Біздің мектебімізде 12-22 қыркүйек аралығында Қазақстан Рес-публикасы Халықтарының Тілдері күні мерекесіне орай, онкүндік іс-шаралар өткізілді. Онкүндік мерекелік жиынмен басталды. Жиын-да оқушылар әр ұлттың тілінде өлең оқып, ән айтып, тілдер күні мерекесінің маңызы туралы барша оқушыларға мәлімет берді.

Толығырақ...

 «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына із қалдырған», - деп төрелігін өзі шешкен Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына орай Самар орталық кітапханасында «Абай оқулары» кеші өте қызықты өтті. Бұл кештің мақсаты - ұлы ақынның артында қалдырған еңбектерін жас ұрпақтың санасына жеткізіп, асыл қасиеттерін бойына сіңіру.
«Атаңның баласы болма, адамның баласы бол», деп өсиет қалдырған қазақ халқының ғұлама ойшылы, данышпан ақынының шығармаларын және аудармаларын Ж.Болғанбаев атындағы орта мектептің оқушылары, №1 Самар орта мектебінің оқушылары, Этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Э.Степанова кітапхананың үздік оқырманы Б.Саудагерова оқыды. Ж.Болғанбаев атындағы мектептің оқушылары «Ақырын жүріп анық бас» атты қойылым көрсетті. Оны дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Хасенова.

Толығырақ...

«Алтын күз» - берекелі әрі мерекелі күз айларында аталып өтетін кештердің бірі. Күз мезгілінде сары алтындай күйге енетін табиғат көркіне көз тоймайды. Уылжып піскен жеміс-жидектер әр үйдің дастарханын молшылыққа кенелтеді.
Көкпекті ауылындағы «Шуақты шұғыла» балабақшасында байлықтың символы күз мерекесіне арналған «Ғажайып күз» атты мере-келік ертеңгілік болып өтті. Ертеңгілікті балабақша тәрбиешілері жоғары деңгейде жауапкершілікпен жүргізді. Бұл күні балдырғандардың керемет өнерлері, тамаша билері, әсем әндері күз ғажайыбын әрлендіре түсті.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз