Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Еліміздің келешегі - өскелең ұрпақтың қолында. Тұңғыш Президент күнімен орайластыра өткізілген шаралардың бірі аудан орталығындағы «Балерке» балабақшасында «кофе-брейк» түрінде ұйымдастырылған жалпы ата-аналар жиналысы еді.
Жиналыста көтерілген мәселелер «Бала-бақшаның жетістіктері мен материалдық базаның толықтырулары» өте өзекті. Себебі заман талабы балалардың білімінен бұрын тәрбиесіне ерекше көңілдің бөлінуінде. Ғұлама ойшыл Әбу-Насыр-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» демекші, тәрбие мәселесі қазіргі таңда бірінші орынға шығуда. Бүгінгі күннің басты талабы келешек ұрпақты өмір сүре білуге үйрету, сыни тұрғыдан ойлай алуға дағдыландыру болып отыр. Бұл мәселелерді ата-ана ойына жеткізіп, көпшілік қауымға меңгерту әрбір білім мен тәрбие беру ошақтарының негізгі міндеті екендігі белгілі. Осындай мақсатты көздеп, көңілмен жайылған дастарханда бас қосқан ата-аналар өздерін еркін сезініп, мазалап жүрген сауалдарына нақты жауаптар алды. Балаларының тәрбиелену ошағының жетістіктері мен материалдық базасының жаңар-тылуына көңілдері толды. Мәнді отырыстың жалғасы кішкентай бүлдіршіндердің Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарламасы мен тәрбиешілердің, балалардың, ата-аналардың қолөнер және аспаздық шеберлік бұйымдары қойылған жәрмеңке нұр үстіне нұр қосқандай болды. Ата-аналардың көңілінен шыққан бұл шараны өткізуде еңбек сіңірген әкімшілік пен сол ұжымның белсенді тәрбиешілерінің арқасы екендігі айдан анық. Мерекеге тұспа-тұс өткен бұл шарадан шыққан әрбір ата-ана тек дүниетанымын ғана артырып қойған жоқ, сонымен қатар, балаларының қолдан жасаған бұйымдарын қы-зықтап, жәрмеңкеден алған заттарына риза болды. Балабақша меңгерушісі А.Назарханова мен әдіскер А.Жұмашева, сондай-ақ тәрбиешілер мен ұжым мүшелеріне бүгінгі мерекелік көңіл күй сыйлап, ерекше жиын өткізгені үшін ата-аналардың ризашылығы шексіз!
Ш.Қияқпаева,
ата-аналар
комитетінің мүшесі

«Отаның үшін еңбек етсең, халқыңның сүйген ұлы боласың» дейді халық нақылы. Міне, тәуелсіз еліміз егемендігін алғанына жиырма төрт жыл толды. Ал осы тәуелсіздікті алып берген халқының қалаулы азаматы, алтын Елбасымызға үлкен алғысымды айтар едім. Себебі, біз осындай ғажап адамның арқасында ғана өз елімізде емін-еркін асыр салып, өз тілімізде бұлбұлша сайрап жүрміз. Менің ойымша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының елі, халқының маңдайына біткен Тұңғыш Президент.
Нұрсұлтан атамыз - талантты тұлға, өз елін, жерін сүйетін ұлтжанды азамат. Бар өмірін еліне, жеріне, жұртына сарп еткен алаш баласын жақсы көрмейтін адам жоқ. Біз Елбасымызды сүйеміз, еліне деген ыстық махаббатын бағалаймыз.
Әуелі Алла, содан кейін Елбасыма алғысым шексіз. Меніңше осындай ғажап адам болмаса, мен бұлай мектепте тегін білім алар ма едім!? Әрине, жоқ. Мен өз Елбасымды мақтан тұтамын, себебі осындай дара тұлғамыздың арқасында ғана бейбітшілікте өмір сүріп, нұрлы күнді көріп жүрмін.
Біздің Елбасымыз - ел ағасы, жүз отыздан астам ұлт өкілін мейірімге толған құшағына сыйдырып, татулық пен бірлікте ұстауда, елімізді елу елдің қатарына қосып, жастарға көңіл бөлуде.
«Арыстандай айбатты ,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,

Толығырақ...

«Басқарушы болмаса, ел қадірі кетеді,
Елінде айтыс болса, ер қадірі кетеді».

Арғымақтың белі бүгіліп, ұшқан құстың құстың қанаты талған ұлан-ғайыр, шетсіз де шексіз өлке Қазақстан - менің Отаным! Туған жер дегенде жүрегім дір етіп, қаным толқып, денем ғаламат күй кешкендей болады.
Ата-бабаларымыздың арманы келешек ұрпаққа, яғни біздерге тәуелсіздік туын ұстату еді. Сол арман бүгінде орындалып отыр. Бүгінгі таңда Қазақ елі тәуелсіз мемлекет атанып, елдігінің, халықтығының белгісі, биік мәртебесі болып табылатын рухани байлығы - тілінің, тарихы мен мәдениетінің ауыр тағдырын қайта қарауға мүмкіндік алды. Халқымыз ежелден аңсаған мақсатына жетті. Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен еліне қамал болған батырларымыз бен жарқын болашақтың, кемел келешектің жолында ел бірлігін сақтаған ұландарымыз аянбай тер төкті. Бірақ, «Ақтабанның ізі», «Желтоқсанның сызы» жүрегімізге жазылмастай жара салды. Бүгін көп ұлтты, түрлі дінді ұстанған халықты бір тудың астына біріктіріп, сүттей ұйытып отырған Қазақстан сынды ел кемде-кем. Бұл - баға жетпес құндылық.

Толығырақ...

«Қазіргі заман өзіне сенетін арманы мен оны іске асыруға ерік-жігері бар, дарынды, қажырлы адамдардың уақыты» деген Елбасымыздың данышпан сөзін ойыма алып отырмын. Ұлт тарихын меңгере отырып, сан ғасырлар бойы ел үшін, жер үшін жанын пида еткен ата-бабаларымыздың қанымен келген бүгінгі бейбіт заманымыздың төл Президентінің барына мақтанамын, аса қадір тұтамын. Мемлекетімізде тыныштық орнап, еліміздің біршама жаһандануы - бәрі-бәрі басшы іскерлігі деп танимын. Басшының дүйім бір елді шебер басқаруына, оның елге деген махаббаты үшін халқының қолдауы үнемі қажет-ақ.

Толығырақ...

Қазіргі күні ұстаздық мамандықты таңдайтындар аз. Ал таңдағандары мектепте жұмыс істеуге құлықты емес деген пікір жиі айтылады. Ал енді біздің аудандағы мектептердегі жас мұғалімдердің жыл сайын артып келе жатқанына қарап, бұл пікірдің қате екеніне көз жеткізе аламыз. Жас мұғалімдер шоғырланған мектептің бірі Сарыбел ауылындағы орта мектеп.
Жас ұстаздар жаңалық жаршылары, олар оқушылардың ғана емес мұғалімдердің өздеріне де жастық жалындарымен оң әсер берері сөзсіз. Сондай жігерлі жастардың бір тобы осы мектепте. Олар Биғайша Смағұлова, Гүлім Қабылқақова, Нұрберген Өскенгүл, Ситора Нұрпейісова, Жандарбек Нұрпейісов, Алтай Ардагүл. Биғайша Тұрақанқызы педагогикалық колледждің түлегі, осы ауылдың тумасы, ол – технология пәнінің мұғалімі. Гүлім Бекзатқызы Үлкенбөкен ауылынан келген, Шәкәрім атындағы Семей университетінің түлегі, хим-биолог. Жоғары білімді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұрберген Өскенгүл. Ерлі–зайыпты жас мамандар Ситора – дене шынықтыру сабағынан дәріс берсе, Жандарбек – психолог. Алтай Ардагүл – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз