Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 11 қазан күні Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектептебінде Көкпекті аудандық білім бөлімі және ШҚО Білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру шеңберінде «Отбасылық тәрбие және ата-ананың құзіреттілік деңгейін арттыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Аталмыш семинардың мақсаты, мұғалімнің педагогика-психологиялық құзыреттілігін арттыру мақсаттарында тәрбие жұмысының формалары мен әдістемелерін және олардың балаларды мектепте тәрбиелеуде жауапкершілігін зерделеу болды. Семинарға облыс мектептерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, әлеуметтік педагогтер, әдіскерлер қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталық директорының орынбасары Исаев Аркадий Анатольевич семинарға модераторлық етті.


Семинардың салтанатты ашылуында Көкпекті ауданының білім бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғазықызы Мұстафинова сөз сөйлеп, қонақтарға ризашылығын білдірді. Ал пленарлық бөлімде «Әжелер алқасының» төрайымы Гүлжан Галиева, Преображенка ОМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Динара Димисинова, патронаттық тәрбиеші Әния Құсаинова, Көкжота орта мектебінің психологі Сара Қожамбетова әр түрлі тақырыпта баяндамалар оқыды. Сонымен қатар, білім бөлімі әдіскерлері Раушан Қанапиянова, Индира Тоқтарбаева, Гүлшат Бақытбектің ұйымдастырумен аудан мектептерінің мұғалімдері шеберлік сыныптар және әртүрлі тақырыпта баяндама, тренинг коучингтер өткізілді. Семинар соңында Көкпекті ауылындағы Балалар өнер мектебі ұжымы мен тәрбиеленушілері дайындаған «Ұлы дала сазы» тақырыбында концерттік бағдарлама қойылды.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз