Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ту, Елтаңба, Әнұран. Еліміздің нышандары төрімізде тұрғанда, жүрегімізде болғанда тәуелсіздігіміз тұғырлы, бейбіт күніміз ғұмырлы. Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімшілігінде 4 маусым «Рәміздер күні» аталып өтілді. Округ әкімі қызметшілерді мейраммен құттықтап, рәміздердің өмірімізде алатын орны туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.


8 маусым күні Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі Н. Назарханов, Гоголь, Киров көшелері тұрғындары үшін аудандық Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Н. Шалбаевтың қатысуымен жиналыс өтті. Жиын барысында былтырғы жылы су жүргізілген көшелердің жолдарын қалпына келтіру туралы мәселе көтерілді. Ал тұрғындар талабына мердігер «Сұлу-Шығыс» ЖШС басшысы Әлібек Нұғыманов жауап беріп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетініне уәде берді. Сондай-ақ бұл жиналысқа арнайы шақырылған мемлекеттік техникалық бақылаушы Болат Бекенов осы жұмысты өз бақылауына алатынын жеткізді.


Ауылдық округ ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз