Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мариногорка ауылдық округінде мәдениет үйінің алдында сағат 10.00-де «Ұлы Жеңіс жылдары!» атты мерекелік іс шара тойланды. Салтанатты шеруге ауыл тұрғындары, мұғалімдер, оқушылар келді. Шеруге барлығы 13 тыл ардагерлері шақырылды. Салтанатты шара мемлекеттік Әнұранмен және тыл ардагерлерін округ әкімі Қ. Сурашев пен мектеп директоры А. Айдарғазина құттықтау сөздерімен жалғасты. Құттықтау сөзден кейін бір минуттық үнсіздік жарияланды 10 сынып оқушылары саптық жүріспен «даңқ ескерткішіне» гүл тізбесін қойды. Айтулы іс шара мектеп оқушылары және ұстаздары, әкімшілік және ауыл тұрғындарының қатысуымен мерекелік концертке ұласты. Концертте жеңіске арналған әуезді әндер, өлеңдер, әдемі билерін тарту етті. АӘД мұғалімі У. Токтаров ««Журавли»», ауыл тұрғыны З. Айдарханова «Аналар туралы баллада», вокал «Бейбіт күн тілегі» «День победы» сынды әндерін тарту етті. Сонымен қатар, кішкентай бүлдіршіндерімізбен бірлесіп ауыл тұрғындары көріністер көрсетті. «А закаты алые», «Отмените Войну» 2-4 б сынып «Последний бой», 5 -6-7а сынып «Жасұлан» сынды әндерін орындады.


Оқушылар ҰОС туралы нақышына келтіріп саханалық қойылымдар көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кіші сыныптың оқушылары апаларымыз бен аталарымызға дайындалған әдемі гүл шоқтарын ұсынды және ауылдың ШҚ атынан сыйлықтар табысталды. Кешкісін жастар «даңқ ескерткішінің» жанында шырақ жағып, еске алу кешін өткізді.


Ауылдық округ ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз