Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

9 Мамыр-Жеңіс Күні. Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі. Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Төрт жылға жуық, 1418 күн, Ұлы Отан соғысы болды. Бұл қайғы-қасірет, ауыр еңбек жылдары. Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды Сонымен қатар бұл ерлік, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік жылдары болды. Біз ардагерлерге олардың ерліктері үшін алғысымызды білдіреміз. Жыл сайын осы күні еліміздің шағын ауылдары мен үлкен қалаларында Даңқ мемориалының жанында майдангерлер, тыл еңбеккерлері мен қаза тапқан жауынгерлерге құрмет көрсету үшін салтанатты шаралар өтеді.
9 мамыр күні Самар ауылындағы Даңқ мемориалына адамдар мерекелік көңіл-күймен жиналған. Бұл жерде жиырмасыншы ғасырдың ең қанды және қатыгез соғыстағы жеңістің қандай жолмен келгенін, осы қасиетті күнді еске алу үшін барлық адамдар жиналды. Біз бейбіт аспан астында өмір сүріп, осы жарқын және қымбат мерекені 74-рет қарсы алып отырған Ұлы Жеңіс күнін жадымызда мәңгі сақтауымыз керек.


Дәстүр бойынша орталық көшемен Даңқ мемориалына «Мәңгілік полк» парадтық маршпен өтті. Мемлекеттік Әнұран орындалып мерекелік бағдарлама жүргізушілерінің сәлем-десуінен кейін мәдениет үйінің қызметкерлері көрермендерге әскери тақырыптағы әдеби композицияны ұсынды. Соғыс жылдарындағы әндер орындалды. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан барлық батырларды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.Қаза тапқан жауынгерлердің жарқын естелігіне алғыс ретінде ескерткіштерге гүл шоқтары қойылды.
Көкпекті ауданынан шыққан 9 жауынгер-отанқорғаушылар Кеңес Ода-ғының Батыры атағына ие болғанын мақтан тұтамыз. Олардың есімдері ел тарихының жылнамасына алтын әріптермен жазылған және жарқын бейнелері Даңқ Мемориалының гранит қабырғасында мәңгі бейнеленген. Олар Иван Михайлович Яроцкий, Сергей Егорович Седнев, Николай Яковлевич Фонов, Қойгелді Аухадиев, Николай Александрович Шарабарин, Николай Дмитриевич Авдеев, Иван Григорьевич Сапалев, Федор Петрович Полынин, Лаврентий Сергеевич Константиновтар.
Бүгінгі күні Ұлы Отан соғысы арда-герлерінің арасында Жеңіс күнін Валентина Степановна Федосова, Мүталяп Ықласов, Павел Яковлевич Балахонов, Семен Михайлович Винников, Елеусіз Кинбаевтар қарсы алуда.
Жиналғандарға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Бақытжанұлы Қойгелдин құттықтау сөз сөйледі:
- Құрметті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Құрметті жеңімпаздар! Сіздерді Ұлы Жеңістің 74 жылдығымен құттықтаймын! Біз өз ардагерлерімізді құрметтейміз, өкінішке орай, жыл сайын олардың қатары азайып келеді. Соғыс миллиондаған адамдардың тағдырын өзгертті,өйткені адам тағдыры-өмір өзен сияқты. Біз қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иеміз және олардың даңқы мен ерлігіне лайықты боламыз. Мерекелеріңізбен, қымбатты ардагерлер, бақыт, игілік және бейбіт заман тілеймін!, - деді. Бұл құттықтауларға «ДСУ-14» ЖШС бас директоры А.Федосов, Самар ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Садықов, Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Е.Бекмұрат қосылды.
Бұдан кейін дәстүр бойынша, алаңда тізіліп сап түзеп мектеп пен колледждің жас жауынгерлері өтті. Бұл күні барлығы аграрлық-техникалық колледжі мен Қарттар үйінің ұжымы дайындаған дәмді солдат ботқасынан дәм татуға мүмкіндіктері болды.
Даңқ мемориалының маңында жергілікті кәсіпкерлердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара мәдениет үйінің әртістері, округ мектептерінің, «Дәншік» бала-бақшасының оқушылары, арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығы қызметкерлері, «Альтаир» вокалды-аспаптық ансамбльдерінің әдемі және әсерлі концертімен аяқталды.
Самарлық жерлестеріміз дәстүр бойынша Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтады:
Нәсілғазы Байтұманов, тыл еңбеккері:
- Жеңіс күні - соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері үшін көптен күткен мереке. Соғыс жылдары 6 жасымда анаммен колхоздың қойын бақтым. Қысқы уақытта да, ыстықта да біз соғыс балалары ересектермен бірге Жеңісті жақындаттық. Жалаң аяқ, аш құрсақ соғыс балалары көп қайғы-қасіретті білді. Соғыс ешқашан қайталанбасын, әрқашан бейбітшілік болсын.

Валентина Дорожко, зейнеткер:
- 9 мамыр-Жеңіс күні-бұл біздің еліміз үшін ең ұлы күндердің бірі. Бұл күні біз Отан бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресте жеңіске жеткендерге құрмет көрсетеміз.
Олар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз. Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.
Біздің парызымыз — бұл алапат соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету.

Еркебұлан Бекмұратұлы, Ж.Болған-баев атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы:
- Қымбатты соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Біздің жарқын болашағымыз үшін, жер бетіндегі бейбіт өмір үшін жауынгерлер өздерінің басын қатерге тікті. Біз қаза болған батырлардың рухына бас иеміз! Аға ұрпақтың жауынгерлік және ерен ерліктеріне лайықты боламыз! Және 45-ші жылы алып берген еліміздің ең құнды құндылықтары бейбітшілік, еркіндік, тәуелсіздікті сақтаймыз! Мерекелеріңізбен!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз