Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Раджан Сейтқанов халық алдындағы есептік кездесулерін өткізуді жалғастыруда. Аптаның басы дүйсенбіде аудан басшысы Ақтас, Жансары, Үлкенбөкен, Қараөткел, Жанажол, Аққала, Қойтас ауылдары тұрғындарының алдында есеп берді. Кездесуде Көкпекті ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, өткен жылы атқарылған істер, алдағы жоспар, биылғы міндеттер таныстырылды. Тұрғындардың сауалдарына да жауап берілді. Аудан әкімінің есептік кездесуіне аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, маслихат хатшысы, дербес бөлімдердің басшылары қатысты. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, енді мұндай кездесулер әр тоқсан сайын өткізілетін болады.

 

Ақтас

Есептік кездесуде шешімін күткен мәселелер жайлы айтылды. Ақтас ауылының тұрғыны Марат Акчабаров Толағай ауылы мен Ақтасқа  бір    фельдшер медициналық қызмет көрсеткенін, бүгінде жас маманның жұмыстан кетуіне байланысты ауылға фельдшер маманы керектігін, су мәселесі жайлы, жаз мезгілінде алтын жуатындар су құбырына бөгет қоятынын, жайылым мәселесін көтерді. Тұрғындар ауылдың жолына шағымданды.  Ауыл халқын экологиялық жағдай да алаңдатып отыр. «Сәтпаев» кен-байыту компаниясы алтын өндіру кезінде қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына зиян келтірмеуі керек.  Егер заңбұзушылықтар анықталса, компания заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады – деп, жауап берді Раджан Қайрқанұлы.

 

Қырықбаев Мағзум ақсақал шабындық жерінің жоқтығынан қолындағы азын-аулақ малына шөпті сатып алып отырғанын айтты. Раджан Қайрқанұлы орынбасары Дәурен Қойгелдин мен Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі Қайрат Жылқышевқа ірі шаруашылықтармен келісіп, арзандатылған бағада шөппен көмек көрсетуді тапсырды.

 

Жансары

Кездесуде Құрман Хамитов аудан әкімінен Жансары ауылына медбике штатын бөлуді сұрады. Жансары ауылына бекітілген Үлкенбөкен дәрігерлік амбулаториясының медициналық қызметкері жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. Көкпекті аудандық ауруханасының бас дәрігері Әсем Рахимбаевның айтуынша халық саны аз, шағын ауылдарға медициналық қызметкер штаты берілмейді. Бұл ауылдың тұрғындары да мал жайылымының тапшылығын көтерді. Ауыл тұрғынының екінші сұрағы «Сарыолен Агро» ЖШС-нің құрамына бұрынғы жылдары кірген, қазіргі уақытта  шабындық жері жоқ. Тұрғындардың айтуынша ауыл тұрғындарының басты мәселесінің бірі – ұялы байланыс пен ғаламторға қосылу.

Тұрғындар сонымен қатар облыстық маңызы бар жолға жататын трассаның бойына жылдамдықты шектейтін белгілер қоюды сұрады. Аталмыш сұрақ бойынша Көкпекті АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының орынбасары Жасұлан Разаев тұрғындарға малды қараусыз жіберу кезінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Ал жол белгілерін орнату жөніндегі  ұсыныс-тілектері ескерілетінін жеткізді.

Үлкенбөкен

Үлкенбөкен ауылы ауданымыздағы Көкпекті мен Самар ауылдарынан кейінгі жер аумағы мен халқының саны бойынша үшінші ауыл болып есептелінеді.  Округ әкімі Қайрат Жылқышев өткен жолғы есептік кездесуде көтерілген сұрақтардың жауаптарын айтып өтті. Кездесуде аудан әкімі Раджан Сейтқанов Үлкенбөкен ауылының тұрғындарына Көкпекті  ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша баяндай келіп, алдағы уақытқа арналған жоспарлармен таныстырды.

Жиында аудан басшысы үлкенбөкендіктерге еліміздегі әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру бойынша  ұсыныс, пікірлерін білдіруді сұрады.

Ауылдықтар округте атқарылып жатқан жұмыстар үшін округ әкімі Қайрат Жұмагелдіұлына алғыстарын білдірді.

Үлкенбөкен орта мектебінің мұғалімі Қайырлы Мағзумов Үлкенбөкенде ұлттық  спорттан (ат спорты, қамшы өру) үйірме ашылса деген  ұсынысын жеткізді. Бұл ұсынысты құптаған аудан басшысы Көкжотадағы ұлттық ат спорты мектебінің филиалы ретінде шағын үйірме ашуды  жоспарлау бойынша аудан басшысының орынбасары Жаслан Майкенев пен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімнің басшысы Ержан Кәрібаевқа жазбаша түрде ұсыныс жасауды тапсырды.

Бұл күнгі аудан әкімінің халық алдындағы есептік кездесуі Аққала ауылдық округіне қарасты Қараөткел ауылында жалғасты. Есептік жиынға ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен  бақылау комитетінің ШҚО бойынша аумақтық департаментінің басшысы Еркебұлан Орынбайұлы Сергебаев қатысты. Есептік кездесуде шешімін күткен мәселелер жайлы айтылды. Қараөткел ауылы тұрғындарының атынан Ибраимов Жандос сауал жолдады. Ауылдың проблемалық мәселелерінің бірі – жолды тегістеуге грейдер көлігі қажет, көктемгі су тасқынын алдын алу бойынша техника керек, блокты-модулдік станциянының істен шығуы, көшені жарықтандыру жұмысын жалғастыру,  клуб үйін жөндеу, ауыл жастары мен балаларға спорт зал ашу сұрақтары қозғалды.

Кездесу барысында Раджан Қайрқанұлы ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

-Ауыл жолын грейдерлеу мәселесін шешу үшін әкімдік қана емес, тұрғындар да ұжым болып күш салуы қажет. Күн жылынып, жол кеуіп, дегдіген соң   ауданнан қажет техника бөліп, ауыл болып, бірге атқарайық – деді аудан басшысы.

Ауыл тұрғындары Каримбек Бөлькенов пен Берік Енсебаевты мал жайылатын жайылымның жоқтығы толғандырды.

Жердің құжаттарын бір жыл бойы жөндеп жүрген Сәуле Нүрсейтова құзыретті мекеменің мамандарының орынында болмайтынын айтып шағымданды.

 Аудан әкімі Р.Сейтқанов жер бөлімінің  өкілі Қуат Алкеновке жиыннан кейін қалып, азаматшаға жер мәселесін шешу жолдарын түсіндірді тапсырды.

 

Жаңажол

Жаңажол ауылындағы есептік кездесу пікіралмасу түрінде өрбіді. Жиын Жаңажол шағын комплектілі мектебінде өтті. Жиын барысында аудан тұрғындары әкімге өзекті мәселелерді ортаға салып, толғандырған сауалдарына жауаптарын алды. Сұрақ-жауап форматында өткен жиында тұрғындар аудан басшысына сан түрлі сауалдар жолдады. Коммуналдық, әлеуметтік, тұрмыстық сипаттағы сұрақтардың  бәрін  әкім  жауапсыз  қалдырмады.   

Бұл ауылда клуб үйін салу, көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауыз су мәселесі, балалар ойын алаңын салу, мал қамайтын орын, мал өлекесесін тастайтын орыннын, шабындық, жайылымдық жердің болмауы сияқты   сұрақтар күн тәртібінде көтерілді. Кездесуде қозғалған барлық сауалдар бойынша аудан басшысы құзырлы мекемелердің басшыларына міндет жүктеді. Аудан әкімі Раджан Қайрқанұлы көпірді жөндеу, клуб үйін салу, ауыз су мәселелерін шешу үшін шаралар қабылданатынын жеткізді. Жиын соңында аудан әкімі ауыл тұрғындарынан Қазақстан Республикасы Президентінің 16 наурыздағы жолдауында айтылған  әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру бойынша  ой-пікірлерін білдіруді сұрады. Раджан Қайрқанұлы орынбасары Дәурен Қойгелдин мен Аққала ауылдық округінің әкімі Нұрлан Назархановқа ірі шаруашылықтармен сөйлесіп, ауыл тұрғындарына арзандатылған бағада шөппен көмек көрсетуді тапсырды.

 

Аққала

Аққаладағы тұрғындармен есептік жиын  мектеп – балабақша кешенінде өтті. Кездесуде ауылдық округ әкімі Нұрлан Үмітқазыұлы округте атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жылға қойылған жоспарлармен таныстырды. Есеп беру жиынында аудан әкімі Раджан Сейтқанов ауданның 2021 жылы атқарылған жұмыстары мен 2022 жылға арналған міндеттері туралы баяндап берді.  

Кездесу барысында ауыл тұрғыны Шынар Байгожина  Тәуелсіздік көшесі бойында автокөліктер  қатты жылдамдықпен жүреді. Бұл көшеде көп балалалы жас отбасылар көп тұрғандықтан, балалар жүреді.  Балалардың қауіпсіздігі үшін осы көшенің жолына жылдамдық соққысы (лежачий полицейский) белгісі қойылса деп өтініш білдірді.

Аталмыш сұраққа Самар полиция бөлімі жауап берді. Тәуелсіздік көшесі бойындағы жол «ОблШығысЖолға» қарайтын болған соң, қызметтік  хат  жолданған,  бүгінгі күні шешімі күтілуде. 

Қоғамдық кеңес мүшесі, 40 жылдық еңбек өтілі бар педагог  Күлпану Кожаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауына әсіресе жолдаудың 8 тарауына тоқталып өтті. Самар аймағы Көкпекті ауданынан бөлініп, Самарға аудан дәрежесі берілсе деген ұсыныс айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты  жолдауының 8 тарауы бойынша аудандардың бөлінуі және облыстарға бөлінуі ауыл тұрғындарының және жергілікті қоғамдық кеңестің өткізген жиналыстарының хаттамалары сайтқа жарияланатын болады.

   Сондай-ақ, ауыл  тұрғыны  С.Косылбаева Аққала-Өскемен  бағытындағы автобус маршруты шыға ма деген сауал қойды. Аудан әкімі Р.Сейтқанов жолаушылар санының аздығынан және маршрутты ұйымдастыру тиімсіз болғандықтан Аққала-Өскемен бағытындағы автобус тасымалы тоқтағанын түсіндірді.

 

Қойтас

Аудан әкімінің халық алдындағы есептік кездесуі Аққала округіне қарасты Қойтаста аяқталды. Көше бойында өткен есептік кездесуге 10 шақты тұрғын жиналды. Аудан әкімі Раджан Сейтқанов ауыл тұрғындарына атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жос-парларымен бөлісті. Қойтас ауылына қатысты проблемалық сұрақтар туралы айта келе, олардың шешу жолдары мен нақты мерзімі де аталды. Сұрақ-жауап кезегінде ауылға апарар жолды жөндеу, интернет байланысының нашарлығы, ауылға мектеп ашу, клуб үйін ашу сынды мәселер көтерілді. Аудан басшысы барлық сұрақтарға жауап беріп, шешу жолдарын ауыл тұрғындарымен бірге талқылады.

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз