Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Наурыз айының соңында Көкпекті ауданына Қарағанды облысынан ҚР ТЖМ күштерінің әскерилері жергілікті атқарушы органдар мен халыққа көмек көрсетуге келген болатын. ҚР ТЖМ №52859 әскери бөлімнің жиынтық механикаландырылған отряды біздің ауданда көктемгі су тасқынына қарсы шараларды өткізу мақсатында жұмыс жүргізді.
Төтенше жағдай қызметінің құрамы су бөгеттерін нығайтып, арықтардың арнасын кеңейту,тереңдету, бұрылған суға арналған орындарды дайындауға кірісті. Атап өтсек, осы уақытқа дейін олардың көмегімен 3000 қап инертті материалдар дайындалды, су тасқыны қаупі бар учаскелерге 700 қап инертті материалдар төселген. Самар, Преображенка, Миролюбовка ауылдарындағы 3 км арық желілері, Мариногорка ауылдық округіндегі 5 су өткізу құрылыстары тазартылған. Су тасқыны жағдайына және су тасқынына қарсы іс-шараларға мониторинг жүргізуден басқа, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына практикалық көмек көрсетілді. Атап айтқанда, 7 үйдің арықтары мұз бен қардан тазартылды, отын дайындалды және кесілді. Сонымен қатар, құтқарушылар ЖАО қызметкерлерімен және жергілікті құтқарушылармен бірлесіп, Үлгілімалшы ауылдық округінің аумағында орын алған дала өртін сөндіруге қатысты.


Әскери бөлім командирі подполковник Асылбек Ахметжанов ТЖМ қызметкерлері әрдайым толық дайындықта және халықты төтенше жағдайлардан қорғауға әрқашан дайын екендігін атап өтті, өйткені халықты қорғау - олардың бірінші кезектегі борышы және міндеті. №1 тарату тобы Көкпекті ауданына 19 сәуірге дейін қалтқысыз қызмет етіп, қарғынның қаупін сейілткен.
Ауданға келген құтқарушылар тобын марапаттау рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов ақжарма тілегін айтып, жас жауынгерлерге алғысын білдірді. Аудандық ардагер ұйымының, қоғамдық кеңестің төрағасы Слямбек Насырбайұлы Мұқашев ауданға көмекке келген жас сарбаздарға аудан тұрғындары атынан аталық алғысын айтып, ендігі қалған қызметтерін аман-есен өтеп, елдеріне аман-сау қайтуларына тілектестік білдіріп, сәт-сапар тіледі. Ерекше құрмет ретінде аудан әкімінің алғыс хатын табыстады. Салтанатты шара соңында Көкпекті аудандық Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің майталман, күміс көмей, жез таңдай әншілері әннен шашу шашты.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз