Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

20 мамыр күні аудан әкімінің орынбасары Жаслан Талғатұлы Майкенов аудан әкімінің қабылдауына тіркелген азаматтарды қабылдап, олардың өтініштеріне құлақ түрді.
Мәселен қабылдауға келгендердің алды болып кірген Үлкенбөкен ауылынан көп балалы ана Әсемгүл Алпысова қазіргі тұрып жатқан үйі апаттық жағдайда, жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражаттың тапшылығын айтып жергілікті билік орындарынан көмек сұрап келді. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік алу үшін құжат жинап өткізсе де әлі алмағанына шағымданды. Әсемгүлді мұқият тыңдаған Жаслан Талғатұлы ауыл әкімі және тиісті бөлім басшысына тапсырма берді.


Ал, Үлгілімалшы ауылынан келген А.Асылханованың өтініші жолдасы ақын, жазушы Елеусіз Асылхан ағаға арнап «Әке арманы» атты жинақ шығаруға және Үлгілімалшы ауылындағы мәдениет үйіне сол кісінің есімін беру бойынша болды. Бұл мәселені шешуді аудан әкімінің орынбасары «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Д.Бердібекке тапсырды.
Сондай-ақ, қабылдауға Самар ауылынан келген Сәуелбай Жеңісбек тұрғын-үй және жұбайын жұмысқа орналастыру бойынша өтінішін білдірді. Отбасының жағдайымен танысқан Жаслан Талғатұлы тиісті бөлім басшылары және ауылдық округ әкіміне тапсырма берді.
Қабылдауда болған ауыл тұрғындарының түйіткілді мәселелері жан-жақты қаралып, оларға тұшымды жауаптар берілді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз