Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Асхат Смаилов ауданның шалғай шеті Ақ Ертістің жағасындағы Сарыбел ауылының бас жоспарын талқылады. Сонау жаугершілік заманда Абылайхан Толағай түбіне ту тігіп, Шорға шайқасының жос-парын талқылапты дейтін... деп әңгіме қосты Сарыбелдік қария Тұрсынбек Зәкіров. Міне, бүгінгі Сарыбел ауылының бас жоспарын талқылауда әкім де, мамандар да отырмай, ауылды көріктендірудегі бас шайқасқа дайындықты қалай бастауды дәл сол бабаларындай тікелерінен тік тұрып, тізе бүкпей талқылады десек асыра айту емес.
Сарыбел ауылының туристік әлеуеті ерен болса, енді сол тартымды істі қалай пайдаға жаратуы сөз болғанда, аудан әкімі былай деді:
- Ауылдың әлеуеті экономикалық та, турис-тікте, әлеуметтік тұрғыда зерделеніп, қай бағытта ауылдық округ халқына пайдалы болатыны ескерілуі керек. Ауылдың бас жоспарын міне осындай ойлармен жасап, демалыс орындарын, тұрғын үйлер мен коттедждер салатын учаскелер конкурс арқылы халыққа сатылуы керек. Сату ережесі мен шарттарын аудандық қаржы бөлімі дереу жасап, жедел жариялау керек. Сатылатын үйлер мен демалыс аймақтары орындар бас жоспарға сәйкес белгіленіп сатылуы қажет.

Бұл арқылы аудан бюджетіне қомақты қаржы түсіп, оны Сарыбелдегі жағалауда сервисті дамытып, жолдар мен көшелерді жөндеуге жұмсау ауылдық округ әкімі міндеті. Бас жоспардағы ойға алынған шаралар іске асқан кезде Сарыбел ауылы ауданның туристік орталығы болып, экономикамызға инвес-тиция құятын болады. Тұрғындардың тұрмысы жақсарып, қалалық сервис келсе, елдің жағдайы қалалықтардың тіршілігінен кем болмайды. Бұл үшін ауылдық округ әкімі, оның аппаратының мамандары, тіпті ауыл тұрғындары да осы бағыттағы жүйелі жұмыстарын ел игілігі үшін жан аямай атқаруы керек.
Округ әкімі Аслан Жапарқұловтың мәлімдеуіне қарағанда жолдарға қойылатын белгілер дайын тұр екен. Демалыс маусымы ашылғанға дейін жергілікті билік тарапынан жасалатын қауіпсіздік шаралары, сервистік даярлықтар түгелдей іске қосылатыны тілге тиек етілді.
Ауылға кіреберістегі арка мен көрнектіліктер жаңартылып, 1 шақырымдық жолға ағымдағы жөндеу жүргізілетінін айтқан аудан әкімі Сарыбел ауылындағы мемлекеттік мекемелердің сырт келбеті мен аулалары талапқа сай болуын ескертті.
Сарыбел ауылында талқыланған бас жоспар іске асатын күнде алыс емес екені, Сарыбел ауылы ауданның көрікті бір жеріне айналатына қуана қосыла отырып, ауыл тұрғындары Тұрсынбек Зәкіров, Тайф Мармалат үшеуіміз жеріміздің «Тұңғиық», «Алтын бел», «Інжу құм», «Ақық төбе», «Маржан түбек», «Баты», «Құлажорға» деген атауларын еске алдық.
Осы орайда айта кетерлік жайт Сарыбел ауы-лына асығып келе жатса да, Қайыңдыбұлақтың бойындағы Миролюбовка ауылындағы дәрігерлік пунктке тоқтаған аудан әкімі Асхат Смаилов, емдеу мекемесінің ғимаратының жөндеу жұмыстарын Самар орталық ауруханасының бас дәрігері Ерік Зияданов екеуі талқылап, жұмыстарды мерзімінде сапалы аяқтауды тапсырды.

Қайрат МАЛҒАЖДАРОВ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз