23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
6 шілде күні «Ұлы дала елі» алаңында Қ. Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары Астана...
Борьба с коррупцией является одной из важнейших задач, стоящих перед государством и обществом....
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекет пен қоғам алдында тұрған ең өзекті міндеттердің бірі. Бұл...

6 шілде күні «Ұлы дала елі» алаңында Қ. Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары Астана күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырды. Елорданың туған күніне арналған бұл мәдени шара тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ел бірлігі мен Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптеді.
Астана – тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі мен жаңғыруының жарқын символы. Жыл сайын көркейіп, сәулеті келіскен жаңа ғимараттар мен маңызды нысандар бой көтерген елорда бүгінде еліміздің саяси, әкімшілік, экономикалық және мәдени орталығы ретінде дамудың даңғыл жолында келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, елордамыздың мәртебесі туралы конституциялық заң Астананың мемлекет дамуындағы айрықша рөлін айқындап, оның ел өміріндегі стратегиялық маңызын одан әрі нығайта түсті. Бұл – еліміздің болашағына деген сенімнің және тұрақты дамудың айқын көрінісі.
Осы айтулы мерекеге орай ауданымызда өткен концерттік бағдарлама елорданы құрметтеудің жарқын үлгісі болды. Салтанатты кеш Ж. Хасеновтің орындауындағы «Сарыарқа» әнімен ашылды. Одан кейін А. Жүнісова мен Д. Қизатованың әсерлі әндері көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Д. Болатбеков бірнеше әсем әуен орындап, көпшіліктің көңілін көтерсе, «Жұлдыз» триосы өздерінің ән шашуымен мерекелік кештің сәнін келтірді.
Концерт барысында жалпы саны 30-ға жуық ән орындалды. Кештің шарықтау сәтінде Н. Қайратұлы, О. Қапасов, Қ. Бекмолдин, А. Батталова және А. Сейтканова өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің зор қошеметіне ие болды.
Мерекелік кешке жиналған тұрғындар Астана күнінің мән-маңызын терең сезініп, елорданың туған күнін ерекше ықыласпен бірге атап өтті. Әсем ән мен жарқын көңіл- күйге толы шара көпшілікке мерекелік әсер сыйлап, елге деген мақтаныш сезімін арттыра түсті. Еңселі елордамыздың мерейі артып, мәртебесі биіктей берсін! Асқақ Астанамыздың болашағы жарқын, келешегі кемелдене түссін!
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.