Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні Абай облысында кең көлемде...
20 сентября в Казахстане начнется второй этап сельскохозяйственной переписи. Интервьюеры будут...
20 қыркүйектен бастап елімізде ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңі өтеді. Интервьюерлер...
Көкпекті ауданындағы Оқушылар шығармашылық сарайында балалардың қиялын ұштап, талантын ашуға бар...
Көкпекті ауданында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды....
Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні Абай облысында кең көлемде аталып өтті. Семейдегі Абай атындағы кітапханада ұйымдастырылған «Алтын күз» салтанатты шарасы аясында өңірдің ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген үздік мамандар марапатталды.
Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің мерекесінде құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Берік Уәли аймақтың ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарға, агросаланың алдағы бағыт-бағдарына тоқталды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында сөйлеген сөзінде «Жалпы, мемлекет пен бизнес ауылдағы барлық мәселені бірлесіп шешуі керек. Агроөнеркәсіппен айналысу үшін ауылға келген жас кәсіпкерлерді бағалаймын. Мемлекет те сіздердің еңбектеріңізді ұмыт қалдырмайды. Жауапкершілігі мол кәсіпкерлер мен инвесторларға да елдегі оң өзгерістердің нағыз көшбасшысы бола алады. Мемлекет сіздерге жан-жақты қолдау көрсетіп, лайықты бағалайды» деп айрықша атап өткен болатын. Абай облысының ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді. Осы жылдың 10 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 404,3 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,8 пайызға жетті. Мал шаруашылығында 105,2 па-йыз өсім болса, қайта өңдеу саласында жаңа зауыттар іске қосылып, техника паркі жаңартылуда. Бұл бағытта 15 млрд теңгеден астам субсидия және жеңілдетілген несиелер берілді, 446 бірлік жаңа ауылшаруашылығы техникасы алынып, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік жасалды. Бұл жетістіктер – Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауы және Сіздердің маңдай теріңіздің, қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі. Ауыл еңбеккерлерінің күнделікті еңбегі облыс тұрғындарын сапалы азық-түлік өнімдері мен қамтамасыз етіп қана қоймай, өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда. Сіздерге шын жүректен алғысымды білдіре отырып, еңбектеріңізге мол табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін»,- деді аймақ басшысы.
Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 10 айда 112,5 мың тонна ет (5,2% өсім) және 275,2 мың тонна сүт (6,2% өсім) өндірілді. Биыл өңірде 349 мың тонна астық, 258 мың тонна картоп пен көкөніс, 502,9 мың тонна майлы дақылдар жиналды. Облыстың ауыл шаруашылығы саласына жыл басынан бері 45,9 млрд теңге инвестиция тартылып, жалпы құны 12,8 млрд теңге болатын 8 инвестициялық жоба іске қосылды.
Мерекелік шара барысында ауыл шаруашылығында еңбегі мен ерекшеленген жандарға мемлекеттік және салалық марапаттар тапсырылды.
Еңбек адамдары мен сала үздіктеріне «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдары, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі», «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі мен облыс әкімінің Алғыс хаттары, Құрмет грамоталары берілді.
Көкпекті ауданының ауылшаруашылық еңбеккерлері де марапатсыз қалған жоқ. «Елім-ай Көкпекті» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Серік Нұрбекұлы Уәлиев пен«Алекс» ШҚ басшысы Александр Анатольевич Бойков Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Алғыс хатын алды. "Қажымұқан" ШҚ қызметкері Жандарбек Шаймарданұлы Ботабаевқа "Ауыл шаруашылығы үздігі" төсбелгісі табысталды. "Елім-ай Көкпекті" ЖШС директоры Болат Мигражұлы Бекбердинов "Абай облысына сіңірген еңбегі үшін" медалімен марапатталды. "Арна" ШҚ басшысы Мұрат Кеңесұлы Жақыпов облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Ерекше атап өтерлігі, биыл алғаш рет ауыл шаруашылығы саласының озаттарына 10 автокөліктің кілті сыйға тартылды. Олар «Үздік шопан», «Үздік зоотехник», «Үздік механизатор», «Үздік комбайншы», «Үздік бақташы», «Үздік агроном», «Үздік диқаншы», «Үздік жас маман», «Үздік технолог», «Үздік тракторшы» сияқты номинациялар бойынша анықталды.
Облыс әкімі салтанатты шара аясында ұйымдастырылған көрмені тамашалап, өңірдің ірі және шағын кәсіпорындары ұсынған өнімдермен танысты.
018.kz
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.