Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні Абай облысында кең көлемде...
20 сентября в Казахстане начнется второй этап сельскохозяйственной переписи. Интервьюеры будут...
20 қыркүйектен бастап елімізде ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңі өтеді. Интервьюерлер...
Көкпекті ауданындағы Оқушылар шығармашылық сарайында балалардың қиялын ұштап, талантын ашуға бар...
Көкпекті ауданында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды....

Көкпекті ауданында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды. Аудандық мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының бас-тамасымен өткен жиын «Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы» және «Тіл – рухани қазына» тақырыбында өтті.
Жастар арасында ұйымдастырылған дөңгелек үстел отырысында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызы кеңінен сөз болды. Шара барысында кішігірім тренинг өткізіліп, қатысушылар тақырыпқа сай сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Жиын соңында тілдің қоғамдағы орнын дәріптеп жүрген белсенді жастар мен тіл жанашырлары алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл шара жас ұрпақтың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге үлкен серпін берді.
Фархат Маратұлы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.