«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ су тасқынынан...

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Мечеть Махмут-бей в деревне Касаба в Кастамону — последнее сооружение на маршруте анатолийских...

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамонудағы Қасаба ауылындағы Махмут бей мешіті Анадолы ағаш мешіттерінің жолындағы соңғы...

  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10
  • ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    08.04.2024 07:13
  • Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    04.04.2024 05:04
  • Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    04.04.2024 05:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

4 наурыз күні Шұғылбай ауылында жаппай көкпар ойыны өткізілді. Көкпекті ауданында бастау алған эстафеталық көкпардың жалғасы болған жарысты ауыл азаматтары ұйымдастырды. Дүбірлі додаға Көкпекті ауданының Көкпекті, Ажа, Шәріптоғай, Тассай, Үлкенбөкен, Ақой, Көкжайық, Мамай, Үлгілімалшы, Теректі, Шұғылбай ауылдарынан келген 100-ден астам көкпаршы қатысты.
Эстафеталық көкпар – Көкпекті ауылдарының арасында кезекпен көкпар ойынын өткізу арқылы жас-тарды ұлттық спортқа кеңінен тарту мақсатында басталған жоба. Шұғылбайда өткен жаппай көкпар аудандағы оныншы эстафеталық ойын. Қыркүйек айында Үлкенбөкен ауылынан басталған эстафеталық көкпар бұған дейін Ажа, Тассай, Көкжайық, Көкпекті, Ақой, Теректі ауылдарында өткізілді.


Көкпекті ауданында ұлттық спорттың қарыштап дамуына аудан басшылығы мүдделі екенін ісімен көрсетуде. 2023 жылы Көкпекті ауданының тарихында алғаш рет аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың бастамасымен «Ұлттық спорт орталығы» құрылды. Мамыр айында ресми ашылу салтанаты жасалып, ұлттық спорт ойындарының Спартакиадасы өткізіледі деп жоспарлануда.
Шұғылбайдағы дүбірлі додаға алыс-жақыннан аймаққа аты мәшһүр шабандоздар, ауылдың тумалары, көкпарсүйер көпшілік қауым ат басын бұрды. Жүректі де білекті жігіттердің тартысын тамашалауға жиналған жұртшылықтың қарасы өте көп. Ұлттық үлгіде киіз үй тігіліп, қонақтарға көл-көсір көңілмен ақ дастархан жайылды. Ауылдың кәрі-жасы тойшыл қауымға риясыз көңілмен қызмет етіп, керемет қонақжайлық танытты. Бала-шаға тай-құнанына мініп, жаппай додаға түскен қалың топтың соңынан шапқыласып, мәз болды. Бұл күні ұялы телефондар жайына қалып, смартфондар тынымсыз саусақтардан бір тыным тапқан шығар. Дала төсін дүбірлеткен қалың шабандоз баһадүр бабалар рухын қайта оятқандай сезімге бөледі.
Эстафеталық көкпардың Шұғылбайда өтуіне себепші болған – Қаныш шабандоз. Көкпектідегі көкпарда ерекше қайрат пен ептілік танытқан жас жігіттің жігеріне сүйсінген ағалары Қанышқа серкені ұстатып, келесі эстафеталық көкпардың тізгінін ұсынған. Шұғылбай ежелден береке-бірлігімен танылған құтты мекен. Жас шабандоз Қаныш Айтқалиев арқалаған игілікті істі Әсет Айдарбеков және Еркін Биназаров сынды ауыл азаматтары абыроймен атқарып берді. Ауылдың барлық азаматтары жанынан қаржы шығарып, қайратымен күш қосып көкпардың жоғарғы деңгейде өтуіне бір кісідей жұмылды. Алыста жүрсе де ауылым деп елеңдеп, ет жүрегі елжіреп тұратын Бақытбек, Әділет, Сымбат сынды азаматтар арнайы келіп, шараның басы-қасында жүрді. Ауыл әкімі Ержан Күзембаев бастаған ауылдық округ әкімдігі, мектеп ұжымы, шаруа қожалықтарының барлығы жүкті жұмыла көтерісті.
Аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов көпшілікке жүрекжарды лебізін арнап, шараны өткізуге атсалысқан азаматтарға аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыстады. Шұғылбай ауылының азаматтары көкпар тартып жүрген жастарға муляж серке және бірыңғай форма, көкпар ертоқым сыйлады.
Катрен сал, Ермек сері, Фархат ақын бастаған өнерлі азаматтар той тізгінін ұстады. Катрен Байжұманов сүбелі сөзімен көпшіліктің делебезін қоздырып, көкпаршылардың рухын тасытты. Ермек сері жалындай сөйлеп жігер берсе, Фархат ақын Иманжүсіптің термесін әуелете жөнелгенде 2 сағатқа жуық тартысқан көкпаршылар алғашқы салымды көмбеге атып ұрды.
Көкпардың салым қоры да қомақты болды. Беташар салымды Тассайдан келген Азамат Сләмов салды. Алғашқы салым 40 мың теңге болды. Тассайлықтар бұл көкпарға ерекше дайындықпен келген екен. Ағайынды Азамат және Дидар Сләмовтар, тектінің тұяғы Арман Ізғұтты, жас бөрі Дастан шабандоз бастаған тассайлықтар тамаша ойынымен, бірдей киім үлгісімен де қалың топтан ерекшеленіп тұрды.
Ардагер көкпаршы Нұржан Смағұлов бастаған Көкжайықтың шабандоздары да салымды молынан олжалады. Тақымы тастай Әлібек шабандоздың бір өзі 3 бірдей салымға қол жеткізді. Ең қомақты 60 мыңдық «Өгіз өлді» салымын да алтынсары тұлпармен топтан суырылып шыққан Әлібек шабандоз салды. Көкжайықтың көкжалы Ерлан Әзімбаев 20 мыңдық салымды қанжығасына байлады.
Ажарланып келген Ажаның жігіттері де азулы арландай алапат ойын көрсетті. Таудай тұлпар мініп, сақадай сай киініп келген Ажаның шабандоздарын Данияр палуан бастады. Айдос атты жас шабандоз 2 бірдей салымға қол жеткізіп, Ажа ауылында ұлттық спортты дамытамын деп барын салып жүрген Қайрат азаматтың еңбегін ақтады.
Көкпарды Кеңестің заманынан бері тартып келе жатқан ардагер ойыншы Болат Сыдықовтан өнеге алған Ақойдың шабандоздары да намысты қолдан бермеді. Кирилл атты жас жігіт 20 мыңдық салымды еншіледі. Бұл салымды «Өрнек» шаруа қожалығының басшысы Ержан Қойгелдин атады. Сондай-ақ жас кәсіпкер Марат Кеңесханов өз атынан 50 мың теңге қаржылай көмек қосты.
Эстафеталық көкпарды бастап берген Үлкенбөкен ауылында мықты буын көкпаршылар өсіп келеді. Бұл күні Серік, Мейірбек, Нұрасыл атты шабандоздар салымды болды.
Келесі эстафеталық көкпар ойыны Мамай ауылында өтеді.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз