«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ су тасқынынан...

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Мечеть Махмут-бей в деревне Касаба в Кастамону — последнее сооружение на маршруте анатолийских...

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамонудағы Қасаба ауылындағы Махмут бей мешіті Анадолы ағаш мешіттерінің жолындағы соңғы...

  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10
  • ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    08.04.2024 07:13
  • Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    04.04.2024 05:04
  • Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    04.04.2024 05:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданында ауыл шаруашылық қызметкерлерінің кәсіби мерекесі кең көлемде тойланды. Мерекелік шаралар Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінде өткізілді. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысқан іс-шара барысында еңбегімен елге сыйлы, ауыл шаруашылық саласына үлес қосқан көкпектілік шаруалар марапатқа бөленді.

 

Елімізде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы Жарлығымен бекітіліп, ресми түрде қарашаның үшінші жексенбісінде тойланып келеді. Мерекеге орай Преображенка ауылдық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Жиынға ауданның барлық дерлік шаруа қожалық басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Мерейлі мерекенің басын аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев құттықтау сөзімен бастап, Көкпекті ауданы бо-йынша ауыл шаруашылығы саласының биылғы жеткен жетістіктеріне тоқталды.
- Құрметті ауыл шаруашылығы саласының өкілдері, еңбек ардагерлері. Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке жерде еңбек ететін, мал шаруашылығымен айналысатын, азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс жасайтын, еліміздің және өңіріміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген жандардың еңбегінің жемісі деп білемін. Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты.
Жылдан жылға ауданда мал санының артуы байқалады. Бүгінгі күні аудан бойынша барлығы 61 мың бас ірі қара мал, 7 238 бас ұсақ мал, 15 612 бас жылқы, сонымен қатар 17 бас түйе, 815 бас шошқа және 61 мың 451 бас құс бар. Асыл тұқымды мал санының артуы да байқалады. Бүгінгі күні ауданда 14 асыл тұқымды шаруашылық тіркелген.
Биылғы жылы 87 мың гектар егістік алқаптары игерілді. Оның ішінде 56 мың гектар жерге егістік дәнді дақылдар егіліп, орта есеппен гектарына 9 центнерден өнім алынса, 30 мың гектар жерге майлы дәнді дақылдар егіліп, орта есеппен гектарына 11 центнерден өнім алынды.
2022 жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 4 млрд 113 мың теңгеге 198 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы және қосалқы бөлшектері сатып алынды.
Осындай жетістіктерге жетуімізге атсалысып, тер төккен баршаңызға Отанымыздың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбектеріңіз бен туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамын. Сарқылмайтын еңбексүйгiштiгiн бейнелейтiн ауыл шаруашылық саласы қызметкерлеріне, өндiрiс озаттарына, барлық диқандар мен мал өсiрушiлерге кәсіби мереке қарсаңында ерекше алғыс пен ризашылығымды бiлдiремiн, - деді Ділдәбек Тәжібайұлы.
Салтанатты жиынға Абай облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қуанбаев Ертай Мубаракұлы қатысты.
Бұл күні көкпектілік шаруалар сый-құрмет пен марапатқа бөленді. "Толағай табыстары", "Ауыл еңбегі үшін" атты аудандық төсбелгілер табысталды. Ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері Нукубаев Нуролла, Жазнаев Тоқан, Түсіпбеков Қуан, Лис-кевич Мирон, Орсаев Құмар, Мұқашев Сләмбек, Пономарев Валентин, Искаков Қабатай, Тлеукенов Мейрамбек, Қалдыбаев Қайырлы сынды ел ағаларының иығына оқалы шапан жабылды. Абай облысы әкімі орынбасарының, Абай облысы кәсіпкерлік және индустриялық - инновациялық даму басқармасы басшысының, Абай облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының, Аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» бірқатар азаматтар мен азаматшалар марапатталды.
Сонымен бірге "Өрнек" ЖШС директоры Ержан Тұрсынханұлы 2 қызметкеріне, "Талап" ШҚ басшысы Жұмабек Құрмашұлы 1 қызметкеріне тұрғын үй сыйға тартты. Салтанатты шара барысында үздік қызметкерлерге тұрғын үй кілтін табыстау рәсімі жасалды.
Салтанатты шараның соңы ел экономикасына елеулі үлес қосып жүрген ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні мерекесіне арналған Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай
"Толағай табыстары" медалімен марапатталған жерлестер

1. Бекбердинов Түсіпбай, «Елім-ай» ШҚ басшысы.
2. Булькенов Мұрат, «Қарақас» ШҚ басшысы.
3. Хабидолданов Мұхамед, «КалМухЖомАхмет» ШҚ басшысы
4. Күркебаев Нұрғазы, ауыл шаруашылығы саласының ардагері.
5. Оспанов Асхат, «Көкпекті несие» ЖШС басқарма төрағасы.
6. Баймолдин Кайрат, «Табиғат» ШҚ басшысы.
7. Бойков Александр, «Алекс» ШҚ басшысы.
8. Байназаров Жәлел, «Қажымұқан» ШҚ басшысы.
9. Чинтемиров Александр, «Заря» ШҚ басшысы.
10. Дюсембаева Индира, «Рустам» ШҚ басшысы.
11. Мухамадиев Рустам, "Алтай балы" ШҚ басшысы.
12. Солтабаев Данияр, "ИП Таим" ШҚ басшысы.

"Ауыл еңбегі үшін" медалімен марапатталған
жерлестер

1. Абылкаиров Серікбек, «Сеит» ШҚ басшысы.
2. Хощанов Кенжетай, «Бастау» ШҚ басшысы.
3. Жармухамбетов Болат, «Жандан» ШҚ басшысы.
4. Курочкин Николай, «Өрнек» ЖШС қызметкері.
5. Батиновская Галина, «Өрнек» ЖШС қызметкері.
6. Увалиев Бауыржан, «Санжар Агро» ЖШС басшысы.
7. Ибраимов Айдын, «Сұлтман» ШҚ басшысы.
8. Оразаев Құмарбек, «Қасымжан» ЖШС механизаторы.
9. Малгаждаров Серік, «Салтанат» ШҚ қызметкері.
10. Ибраимов Даниар, «Ағайынды» ШҚ қызметкері.
11. Гридякин Юрий, «Виктория» ШҚ механизаторы.

Абай облысы әкімі орынбасарының
«Алғыс хатымен» марапатталған жерлестер

1. Помозов Василий, "Талап" ШҚ көлік жүргізушісі.
2. Исмухамбетова Тамара, "Өрнек" ЖШС сауыншысы.
3. Калиолдин Нуржан, "Елімай" ШҚ механизаторы.
4. Мұқажанов Нұрлан, "Рустам" ШҚ қызметкері.
5. Есжанов Төлеген, "КалМухЖомАхмет" ШҚ қызметкері.
6, Митрофанова Александра, аудандық статистика басқармасы бас маманы.

Абай облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының «Алғыс хатымен» марапатталған жерлестер

1. Сәрсенбаев Бақытбек, жеке кәсіпкер.
2. Түсіпбеков Біржан, жеке кәсіпкер.
3. Дегтяренко Александр, жеке кәсіпкер.
4. Қыдырбаев Арман, жеке кәсіпкер.

Абай облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының «Алғыс хатымен» марапатталған жерлестер

1. Холодкевич Николай, "Алекс" ШҚ қызметкері.
2. Амренов Ринат, "Мансур Р" ЖШС басшысы.
3. Капаров Санжар, "Санжар М.М." ЖШС қызметкері.
4. Жұмағазин Советхан, "Арна" ШҚ механизаторы.
5. Жұмажанов Аслан, "Мадина" ШҚ механизаторы.
6. Клыжко Сергей, "Табиғат" ШҚ қызметкері.
7. Русякин Константин, "Талап" ШҚ қызметкері.
8. Карелин Вячеслав, "Өрнек" ЖШС механизаторы.
9. Койбагаров Марат, "Галымжан" ШҚ басшысы.
10. Мухамадиев Нуржан, "Елім-ай" ШҚ қызметкері.
11. Каримов Медет, "Рустам" ШҚ қызметкері.
12. Геккель Ринат, "Диана" ШҚ қызметкері.
13. Абдрахманов Ильнур, "Мұқаш" ЖШС басшысы.
14. Оспанов Берік, "Қалиқанұлы" ШҚ қызметкері
15.Тұраров Мейірбек, "КалМухЖомАхмет" ШҚ қызметкері.
16. Мұсаханов Айдар, "Қажымұқан" ШҚ қызметкері.
17. Слямханов Мерей, "Берік" ШҚ механизаторы.
18. Тлебалдин Берік, "Дарын" ШҚ басқарушысы.
19. Дулат Дүйсембаев, «Нұрсағым» ШҚ жылқышысы.

Астана қаласында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне белсенді қатысқаны үшін Астана қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған жерлестер
1. Игликов Саят, «Көпжасар» ШҚ басшысы.
2. Мухамадиев Рустам, "Алтай балы" ШҚ басшысы.

Аудан әкімінің «Алғыс хатымен»
марапатталған жерлестер

1.Потолицын Денис, "Алекс" ШҚ қызметкері.
2. Халитов Руслан, "Алекс" ШҚ қызметкері.
3. Мухамадиев Мират, "Көктерек" ЖШС қызметкері.
4. Сейлханов Магзумбек, "Султман" ШҚ қызметкері.
5. Смагулов Батыр "Султман" ШҚ қызметкері.
6. Акшалов Медет, "Санжар" ШҚ қызметкері.
7. Сарымсаков Болат, «Арсен» ШҚ қызметкері.
8. Махин Талгатбек, "Расим" ШҚ қызметкері.
9. Сатпаев Дархан, "Расим" ШҚ қызметкері.
10. Отарбаев Рустам, "Жансары" ШҚ қызметкері.
11. Семак Вадим, "Тұйғын" ШҚ қызметкері.
12. Ержанов Руслан, "Надежда" ШҚ қызметкері.
13. Пархоменко Николай, "Талап" ШҚ қызметкері.
14. Лахно Николай, "Талап" ШҚ қызметкері.
15. Булумбаев Мұрат, "Талап" ШҚ қызметкері.
16. Калиахметов Нигметдолла, "Талап" ШҚ қызметкері.
17. Есбаев Дархан, "Талап" ШҚ қызметкері.
18. Огурцов Денис, "Талап" ШҚ қызметкері.
19. Калимусанов Нариман, "Талап" ШҚ қызметкері.
20. Пчелинцев Иван, "Жандан" ШҚ қызметкері.
21. Асхат Жанарбай, "Рустам" шаруа ШҚ қызметкері.
22. Пархоменко Николай, "Рустам" ШҚ қызметкері.
23. Кустапаев Аслан, "Рустам" ШҚ қызметкері.
24. Абишев Мейрамхан, "Өтей" ШҚ қызметкері.
25. Аскаров Токтар, "Қарақас" ШҚ қызметкері.
26. Серикбаев Кайрат, "Заря" ШҚ қызметкері.
27. Кунапиянов Жаныбек, "Жасталап" ШҚ қызметкері.
28. Бакариус Алексей, "Өрнек" ЖШС қызметкері.
29. Черкашин Николай, "Өрнек" ЖШС қызметкері.
30. Лаишев Сергей, "Өрнек" ЖШС қызметкері.
31.Сарсембаева Найля, "Өрнек" ЖШС қызметкері.
32. Алаудинов Асланбек, "Өрнек" ЖШС қызметкері.
33. Ахременко Анатолий, "Қызыл Ту" ШҚ қызметкері.
34. Тырнақов Қаршыға, "Әділет" ШҚ қызметкері.
35. Шотанов Қанат, "ШығысҚазСуШар" республикалық мекемесінің басшысы.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз