Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

В период с 8 по 10 марта горный курорт Шымбулак стал центром внимания фристайл-сообщества со...

АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ ПОЗДРАВИЛ ЖИТЕЛЬНИЦ ОБЛАСТИ С МЕЖДУНАРОДНЫМ ЖЕНСКИМ ДНЕМ

На торжественную церемонию, которая прошла 7 марта в городе Семей, были приглашены 80...

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗНАМАНЫҢ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

14 Наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына...

ОБЛЫС ӘКІМІ АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

7-наурыз күні Семей қаласында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев аруларды мерекемен құттықтады. ...

  • «Могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша фристайлдан FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңдерінің қорытындысы

    «Могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша фристайлдан FIS Әлем...

    19.03.2024 11:32
  • Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

    Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и...

    19.03.2024 11:28
  • АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ ПОЗДРАВИЛ ЖИТЕЛЬНИЦ ОБЛАСТИ С МЕЖДУНАРОДНЫМ ЖЕНСКИМ ДНЕМ

    19.03.2024 05:58
  • КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗНАМАНЫҢ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

    19.03.2024 05:49
  • ОБЛЫС ӘКІМІ АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    19.03.2024 05:49

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Кейде күз айларының бірде жылы, бірде салқын құбылмалы ауа райы да қыр астында тұрған қыстың мінезін ептеп сездіретіндей. «Қыс шанаңды жаз сайла» дегендей, күн жылы, жер қара кезде қысқа дайындық жұмыстарын жүйелеп алған жөн. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен дайындық барысы туралы бізге ауданның ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде баяндады.
2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық аясында ауданда ұйымдастыру-дайындық жұмыстарының қажетті кешені жүргізілуде.
Аудан әкімінің өкімімен 2022-2023 жылдардың қысқы кезеңіне ауданның дайындығы жөніндегі аудандық штаб құрылды. Сондай-ақ қажетті отынның нормативтік қорының мөлшері нақтыланды.


Ауданда орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ. Халық жылумен жабдықтаудың жеке көздерін (пештерін) пайдаланады. Жылыту маусымына қажетті қатты отын қажеттілігі тұрғындар үшін 18 244 тоннаны құрайды.
Қазіргі уақытта Көкпекті ауданында «Виничук» ЖК сыйымдылығы 700 тонна 1 отын базасына ие, ол Көкпекті ауылында орналасқан және халыққа көмір жеткізуге және сатуға маманданған. «Виничук» ЖК өзінің көлігімен «Қаражыра» көмір разрезінен көмірді отын базасына жеткізеді және халыққа жылына 9 600 тонна сатады. Отын базасында көмірді тиеуге және жинауға арналған таразы мен трактор-тиегіш бар. Көмірді үйге жеткізу тіркемелі арбамен МТЗ - 80 (Кун) тракторымен жүзеге асырылады. Бүгінгі күні отын базасында 400 тонна көмір бар. Сондай-ақ, аудан тұрғындары үшін көмірді жеткізуді және сатуды «Қаражыра» көмір кенішінен 27 басқа жеткізушілер (Ш/Қ ЖШС, ЖК және жеке тұлғалар) өз көлігімен жүзеге асырады. Қазіргі уақытта тұрғындар үшін 17 250 тонна (94,6%) көмір жеткізілді.
Білім беру нысандары бойынша алдағы жылыту маусымына 21 нысан дайындалуда, оның ішінде 11 мектеп пен 2 балабақша қатты отынмен, 7 мектеп пен 1 балабақша-электр қуатымен жылытылады.
Қатты отынға қажеттілік 4313 тоннаны құрайды. 1 тонна үшін жоспарланған қатты отын бағасы – 18,0 мың теңге. Аудан мектептері бойынша қатты отын сатып алу конкурсы толығымен аяқталды. Биржалық сауда-саттық қорытындысы бойынша Семей қ. «ENBEK ZНULDYZ» ЖШС, қатты отынмен жылытылатын 11 мектеп және 2 балабақша жалпы сомасы 77617,9 мың теңгеге қатты отынды жеткізуге толық шарт жасасты.
Қазіргі уақытта Көкпекті ауылынан үлкен қашықтықта орналасқан мектептерге қатты отын жеткізілуде. («Абай атындағы мектеп балабақша кешені» КММ және «Әуезов атындағы орта мектеп» КММ және «Көкжайық орта мектебі» КММ). Қатты отынды жеткізу 12.09.2022 жылға 1200 тоннаны құрайды. (аудан мектептерімен қатты отынды қоймада сақтауға «ENBEK ZНULDYZ» ЖШС жеткізушісімен шарттар жасалды. Сондықтан мектептер мен балабақшалардың қатты отынмен қамтамасыз етілуі 100% - ды құрайды.
«Үлкенбөкен орта мектебі» КММ-де 20,0 млн.теңге сомасына терезе блоктарын, есіктер мен едендерді ауыстыру бойынша ағымдағы жөндеу жүргізілді. Мердігер «Каз Проект Инновация» ЖШС-гі. Сондай-ақ, жалпы сомасы 2 292,0 мың теңгеге ауданның 7 қазандығына ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Жаңа 2022-2023 жылыту маусымы басталғанға дейін қазандық пен жылу трассасына ағымдағы жөндеу жүргізу және түтін құбырын ауыстыру қажет болды («Абай атындағы мектеп балабақша кешені» КММ және «Көкпекті Толағай» бөбекжай – балабақшасы КМҚК).
Үлгілімалшы ауылы «Абай атындағы мектеп балабақша кешені» КММ-жылу трассасы мен түтін мұржасын ауыстыру қажет; қазандықты, жылу трассасын ағымдағы жөндеуге және түтін мұржасын ауыстыруға «Доремлужба 2» ЖШС әзірлеген жобалау-сметалық құжаттама бар. Жылу трассасы мен түтін құбырын жөндеу жұмыстары өз күштерімен жүргізілді. Уақыт өте келе барлық жөндеу жұмыстары аяқталды.
«Көкпекті-Толағай» бөбекжай-балабақшасы КМҚК қазандықты ағымдағы жөндеуге «Зайцев» ЖК әзірлеген ЖСҚ бар (КВТ- 400 маркалы 2 қазандықты ауыстыру, 3к 9 электр қозғалтқышы бар сорғылар және күлтұтқыш). Балабақша жұмысшылары өз күштерімен қазандық пен түтін мұржасындағы қазандықтарға жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жөндеу жұмыстарына 350,0 мың теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Көкпекті ауданы бойынша білім бөлімі ММ 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымына дайындыққа ауданның 4 мектебіне электр қазандықтарын, электр ванналарын, циркуляциялық сорғыны, жел тартқыштарды, 63 А автоматын, батареялар мен құбырларды сатып алуға 1946,0 мың теңге бөлінді:
1) Көкжайық ауылындағы «Көкжайық орта мектебі» КММ-жалпы сомасы 85,0 мың теңгеге қазандықты ағымдағы жөндеу қажет;
Қарамойыл ауылындағы «Ю. Гагарин атындағы бастауыш мектебі» КММ-жалпы сомасы 1040,0 мың теңгеге жөндеу қажет. Білім беру нысандары бойынша алдағы жылыту маусымына 21 нысан дайындалуда, оның ішінде 11 мектеп пен 2 балабақша қатты отынмен, 7 мектеп пен 1 балабақша электрмен жылытылады.
«Үлкенбөкен орта мектебі» КММ-де 20,0 млн. теңгеге терезе блоктарын, есіктер мен едендерді ауыстыру бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер «Каз Проект Инновация» ЖШС. Сондай-ақ, ауданның 7 мектебінің қазандықтарына жалпы сомасы 2 292,0 мың. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жылыту маусымына қатты отынға қажеттілік 4313 тонна құрайды. Қазіргі уақытта тауар биржасы арқылы көмір сатып алу бойынша конкурс қорытындысы бойынша Cемей қаласынан «ENBEK ZHULDYZ» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Қатты отынның 1 тоннасының бағасы 17 997.7 теңге. Ағымдағы жылдың 15 тамызыны дейін 100 пайыз көмір жеткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта 4313 тонна (100 %) көмір жеткізілді.
Денсаулық сақтау нысандары бойынша 11 нысан дайындалуда. Ауданда 1 орталық, сонымен қатар 6 АДА (ауылдық дәрігерлік амбулатория, 4 МП (медпункт). Оның ішінде 1 аурухана қатты отынмен жұмыс істейтін автономды қазандықпен, 5 ауылдық дәрігерлік амбулатория пешпен және 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория электрмен жылытылады.
«Көкпекті ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да жылу желілеріне жалпы сомасы 24 609 433,69 теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер «AGM Strvice» Семей қаласы.
2022-2023 ж.ж. жылыту маусымына «Көкпекті орталық аудандық ауруханасы» КМК қатты отынға қажеттілігі 2200 тоннаны құрайды. Семей қ. «Рахимов» ЖК қатты отынды жеткізуші. Қатты отынның бағасы 20 720 теңге. Қазіргі уақытта 2200 тонна (100%) көмір жеткізілді.
Мәдениет нысандары бойынша 14 нысанды да-йындау қажет. Қазіргі уақытта барлық мәдениет нысандары бойынша профилактикалық жөндеу және дайындық жұмыстарын жүргізілуде. Мәдениет объектілері бойынша 2022-2023 жж.жылыту маусымына қатты отынға қажеттілік 550 тоннаны құрайды. Тауар биржасы арқылы көмір сатып алу бойынша конкурс қорытындысы бойынша «Виничук» ЖК қатты отынның бағасы 21,0 мың теңге жеңімпаз болып танылды. Қазіргі уақытта 500 тонна (100%) көмір жеткізілді.
Осылайша, Көкпекті ауданының алдағы жылу беру маусымына дайындығы аяқталуға жақын деп айтуға болады

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз