Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

В период с 8 по 10 марта горный курорт Шымбулак стал центром внимания фристайл-сообщества со...

АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ ПОЗДРАВИЛ ЖИТЕЛЬНИЦ ОБЛАСТИ С МЕЖДУНАРОДНЫМ ЖЕНСКИМ ДНЕМ

На торжественную церемонию, которая прошла 7 марта в городе Семей, были приглашены 80...

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗНАМАНЫҢ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

14 Наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына...

ОБЛЫС ӘКІМІ АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

7-наурыз күні Семей қаласында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев аруларды мерекемен құттықтады. ...

  • «Могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша фристайлдан FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңдерінің қорытындысы

    «Могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша фристайлдан FIS Әлем...

    19.03.2024 11:32
  • Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

    Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и...

    19.03.2024 11:28
  • АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ ПОЗДРАВИЛ ЖИТЕЛЬНИЦ ОБЛАСТИ С МЕЖДУНАРОДНЫМ ЖЕНСКИМ ДНЕМ

    19.03.2024 05:58
  • КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗНАМАНЫҢ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

    19.03.2024 05:49
  • ОБЛЫС ӘКІМІ АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    19.03.2024 05:49

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев 6 қыркүйек күні жұмыс сапарымен ауылдарды аралады. Қойгелді Аухадиев атындағы, Теректі, Шұғылбай және Үлкенбөкен ауылдық округтерінде болып, жергілікті жерде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, ауыл әкімдеріне бірқатар маңызды тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді.
Жүгері алқабында аудан басшысын серіктестік директоры Ержан Қойгелдин қарсы алып, қысқы мал азығын да-йындау барысымен таныстырды. Кездесу барысында «Өрнек» ЖШС жаңбырлатып суғару жүйесін енгізу, суармалы алқаптарды ұлғайту мәселесі жан-жақты талқыланды. Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Бақытжанұлы, жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуат Әлкенов, «ҚазСуШар» РМК басшысы Қанат Социалұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Рахымбаев қатысқан кеңесте «Победа» су каналын пайдалану арқылы суармалы алқаптар көлемін ұлғайту мәселесі қаралды. «Победа» су каналын Көкжайық ауылдық округінің теңгеріміне қою үшін құжаттарды дайындау аудан әкімінің орынбасары Дәурен Бақытжанұлына тапсырылды. Аудан бойынша суармалы алқаптарды 3 мың гектарға ұлғайту мүмкіндігі бар. «Өрнек» ЖШС алдағы уақытта 1 500 гектар аумаққа жаңбырлатып суару жүйесін енгізуді көздеп отыр.


- Қазір жүгері алқабында 3 бірлік «КСК-600» комбайны астық жинауда. Жүгері өнімділігі биыл гектарына 150-200 центнердан айналуда. Судандық гибрид тұқымын 300 гектарға ектік. Ол алқаптан 2 мың тоннадан артық пішендеме бастық. Күздік қара бидайдан 1 500 тонна пішендеме дайындалды. Енді жүгері алқабынан 7-8 мың тонна басу жоспарда. Барлығы 12 мың тонна пішендеме да-йындау қажет. Қазіргі уақытта «Восток Молока» сүт корпорациясына тәулігіне 7-8 тонна сүт өткіземіз. Болашақ жоспарда тәулігіне 10 тоннаға жеткізу мақсатында жұмыс жасап жатырмыз. Мал азығын құнарлы әрі тұрақты дайындап отыру үшін бізге жаңбырлатып суғару жүйесін іске қосу өте өзекті, - дейді шаруашылық басшысы Ержан Тұрсынханұлы.
Айта кетейік, 180 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «Өрнек» ЖШС басшысы Ержан Қойгелдин Абай облысының жаңадан құрылған қоғамдық кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Су каналдарын қалпына келтіріп, бөгеулерді дұрыс пайдалану арқылы жайылмалы суғарумен қамтылатын шабындық жерлерді ұлғайтуға зор мүмкіндік туады.
- Суармалы жерлерді тиімді пайдалану, мол өнім алу үшін ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану арқылы сапалы өнім өндіру керектігі бүгінгі күннің бас-ты талабына айналды. Ол үшін әрине өндірілетін өнімнің көлемі мен сапасын арттыру да керек болады. Осы агросаланы қарқынды дамыту бағытында «Өрнек» ЖШС базасында көп тірліктің бойына қайта қан жүгіріп жатқанын көріп тұрмыз. Ал лемандық суғару жүйесін дұрыс іске асыратын болсақ мал азығын дайындауда көп ілгерілеуге болады. Су жайылатын жерге шөп көп шығады. Мал азығы мол болса баға да арзандайды. Халыққа да керегі осы. Су ресурстарын ұтымды пайдалану аса маңызды, - дейді Ділдәбек Тәжібайұлы.
Ең алдымен, ерте күзден каналдарды тазалау мәселесіне көп көңіл бөлінбек. Бұл жұмыстарды осы бастан қолға алу туралы ауыл әкімдеріне шұғыл тапсырма берілді. Аудан басшысы каналдарды тазалау, бөгеулерді қалпына келтіру жұмыстарын жеке бақылауында ұстап, өзі барып тексеретінін қатаң ескертті. Шаруа қожалық басшылары да техникамен көмек көрсетуге ниетті екендерін білдірді.
Шұғылбай ауылында осы мәселені қозғаған қожалық басшысы Мұрат Игіліков ауыл әкімі бастаса көтерсе бөгеулерді қалпына келтіруге техника беретінін айтты. Бұл жұмысты ұйымдастыру ауылдық округ әкімі Ержан Күзембаевқа міндеттелді.
Тағы бір маңызды мәселе округ орталығы Преображенка ауылында көктемгі су тасқыны шайып кеткен каналды қалпына келтіру болатын. Бүгінгі күні бұл сұрақ оң шешімін тапты. Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы алғаш осы ауылға келіп, жергілікті тұрғындармен кездес-кенде көтерілген мәселе еді. Көктемгі тасқын су каналды бұзып, Тәуелсіздік және Достық көшелеріне жайылған. Аудан басшысы шұғыл шараларды қолға алып, нәтижесінде 2,5 шақырым канал бойы 4 метр тереңдікте тазаланып, кеңейтілу жұмыстары атқарылды. «Толағай Кен» ЖШС канал бойын қазып, тазалауға қажетті арнайы техникамен көмек жасаған. Қашан да ауылдың қамын ойлайтын елжанды азамат Ержан Тұрсынханұлы ауыр техникаға қажетті жанар-жағармайды тегін бөліп берді. Аудан басшысы жұмыс нәтижесін көзімен көріп, алдағы уақытта да каналды жеке бақылауында ұстайтынын мәлімдеді.
Теректі ауылдық округінің әкімі Талғат Шаймарданов ауылға кіреберіс арканың тұсында қарсы алды. Дәл осы күні ауылдық округ аппаратының барлық қызметкерлерін арка бояуға жұмылдырып қойған ауыл әкімінің «тапқырлығына» еріксіз бас шайқадық. Аудан әкімінің халықты жұмыспен қамту, жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру тұрғысында берген тапсырмаларын орындау барысымен таныстырды. Ауыл әкімінің айтуы бойынша келесі жылы «Өтей» шаруа қожалығы Тәлменке өзенінің бойынан 10 гектар аумаққа картоп егуді қолға алмақ. Өзен суын шабындық аумақтарға жаю және көктемгі қарғын суды дұрыс пайдалану мәселесін осы бастан қолға алу тапсырылды.
Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі Қайрат Жылқышев абаттандыру жұмыстарын көрсетті. Жас әкімнің тың бастамалырана оң бағасын берген аудан басшысы орталық көше бойындағы қашаларды түзету және сырлау жұмыстары жалғастыру керектігін айтты. Сондай-ақ жарық шамдары орналасқан бағандарды түзету, энергия үнемдеу шамдарын қою тапсырылды.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз