«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ су тасқынынан...

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Мечеть Махмут-бей в деревне Касаба в Кастамону — последнее сооружение на маршруте анатолийских...

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамонудағы Қасаба ауылындағы Махмут бей мешіті Анадолы ағаш мешіттерінің жолындағы соңғы...

  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10
  • ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    08.04.2024 07:13
  • Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    04.04.2024 05:04
  • Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    04.04.2024 05:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

19 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Көкпекті ауданына келді. Аймақ басшысы аудандық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өткізіп, оқушылар шығармашылық сарайының ашылу салтанатына қатысты.

Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде өткен кездесуге ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, қоғам белсенділері және зиялы қауым өкілдері жиналды. Бірінші сөз алған Көкпекті ауданының әкімі Раджан Сейтқанов аудан көлемінде жүзеге асырылған жобалар мен атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.


- Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын іске асыруға бағытталған ауқымды шаралар Көкпекті ауданының жан-жақты дамуына зор мүмкіндік туғызады. Басты мақсатымыз ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және тұрақтандыру. Алға қойылған барлық мақсаттар мен міндеттерді, ауқымды жоспарлар мен ұтымды жобаларды жүзеге асырамыз деп сенемін, - деді Раджан Қайрқанұлы.
Ауданда атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға оң бағасын берген Даниал Кенжетайұлы көкпектіліктерді облыс көлемінде атқарылып жатқан ауқымды шаруалармен таныстырды.
- Біз егемен елде, тамаша жерде тұрамыз. Бізде барлығы бар. Бастысы бірлік керек. 5 маусымда өтетін референдумға барып, жаңа өзгерістерді қабылдайық. Көкпекті ауданының тұрғындары саяси-қоғамдық мәселелерге үнемі үлкен жауапкершілікпен қарайды. Референдумға барлық тұрғындар қатысады деген үлкен сенімім бар, - деді аймақ басшысы.
Әр сөзін нақты деректермен сабақтаған аймақ басшысы халықты алаңдатқан негізгі мәселелерді қамтыды. Сөз соңын «Әрбір азамат еліміздегі бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді көзінің қарашығындай сақтап, «Жаңа Қазақстанды» құру жолында аянбай еңбек етуі керек» деп түйіндеді.
Аймақ басшысы Көкпекті халқының көптен күткен үлкен қуанышымен бөлісті. Бұл күні аудан орталығында күрделі жөндеуден кейін оқушылар шығармашылық сарайы ашылды. Заманауи үлгідегі сәулетті, көздің жауын алатын көркем ғимарат жас ұрпақ игілігіне қызмет ететін болады. Сондай-ақ бұрынғы Құмар Раев атындағы балалар үйінің күрделі жөндеуден өткен ғимаратында аудандық кітапхана, бірнеше дербес бөлімдер орналасқан.
- Көкпекті ауданының дарынды балалары тамаша ғимаратта, барлық жабдықтары қамтылған сыныптарда білім алып, сүйікті өнерімен айналысуға мүмкіндік алды. Бүгінгі күні түрлі бағыттағы 53 үйірмеде 840 оқушы қамтылып отыр. Музыка-эстетикалық, бейнелеу өнері, әлеуметтік-педагогикалық, технологиялық, спорттық және өлкетану бағыттарында үйірмелер жұмысы ұйымдастырылды, - деп таныстырды оқушылар шығармашылық сарайының директоры Асқар Сүлейменов.
Ардагер ұстаз Амантай Нұрғалиев өнерлі өрендерге ақ батасын беріп, ақ жол тіледі. Салтанатты лента қию рәсімін елімізге ардақты, көкпектіліктерге сыйлы ардагерлер Амантай Нұрғалиев және Галина Орсаева жасады. Ақ әжелер шашу шашып, балғын домбырашылар шаттық күйін күмбірлетті.
Ғимарат тарихын жас ұрпақ тарихында сақтау, туған өлке шежіресін жаңғырту мақсатында шығармашылық сарайында мұражай ашылған. Балалар үйінде ұлы ұстаз Жақия Шайжүнісовтың тәрбиесін көрген шәкірті, балалар үйінің директоры болған ардагер ұстаз Галина Орсаева құрметті қонақтарға мұражай жәдігерлерін таныстырды.
Аймақ басшысы ғимаратта жүргізілген күрделі жөндеу жұмысының сапасына өте жоғары баға беріп, аз қаражат жұмсай отырып, үлкен шаруа тындырылғанын ерекше атап өтті. Бұл бағаның әділдігіне аудандық кітапхана орналасқан ғимарат бөлігіне бір рет қана көз жүгірткен адам сөзсіз сенеді. Соңғы 30 жылда тұрақты ғимаратқа орналаса алмай, кемінде 10 рет көшірілген кітапхана заманауи үлгіде жабдықталған бөлмелерге орналасуы барша көкпектіліктер үшін қуанышты жаңалық болды.
Жұмыс сапарының соңында Даниал Кенжетайұлы дарынды оқушылармен естелік фотосуретке түсті. Ал өз кезегінде жас жеткіншектер аймақ басшысына алғыс айтып, ауданымызға тағы келіңіз деп шақырды.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз