Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

В период с 8 по 10 марта горный курорт Шымбулак стал центром внимания фристайл-сообщества со...

АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ ПОЗДРАВИЛ ЖИТЕЛЬНИЦ ОБЛАСТИ С МЕЖДУНАРОДНЫМ ЖЕНСКИМ ДНЕМ

На торжественную церемонию, которая прошла 7 марта в городе Семей, были приглашены 80...

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗНАМАНЫҢ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

14 Наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына...

ОБЛЫС ӘКІМІ АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

7-наурыз күні Семей қаласында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев аруларды мерекемен құттықтады. ...

  • «Могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша фристайлдан FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңдерінің қорытындысы

    «Могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша фристайлдан FIS Әлем...

    19.03.2024 11:32
  • Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

    Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и...

    19.03.2024 11:28
  • АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ ПОЗДРАВИЛ ЖИТЕЛЬНИЦ ОБЛАСТИ С МЕЖДУНАРОДНЫМ ЖЕНСКИМ ДНЕМ

    19.03.2024 05:58
  • КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗНАМАНЫҢ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

    19.03.2024 05:49
  • ОБЛЫС ӘКІМІ АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    19.03.2024 05:49

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауылында 15-17 қараша күндері грек-рим күресінен Олимпиада жүлдегері, КСРО-ның 7 дүркін чемпионы, қазақтың даңқты балуаны Дәулет Тұрлыханов жүлдесіне арналған грек-рим күресінен 2010-2012 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы облыстық турнир өткізілді. Аудан орталығында жаңадан салынған дене шынықтыру сауықтыру кешенінде жалауын көтерген жарыстың өткізілуіне мұрындық болып, ұйымдастыру жұмыстарын атқарған Көкпекті аудандық №1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Аслан Балабекұлы Танысбаев.
Даңқты балуан, Еуропа чемпионы, Әлем чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы, Олимпиаданың күміс және қола жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен Еңбегі үшін», «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері Дәулет Болатұлы Тұрлыханов жүлдесіне ұйымдастырылған спорттық шараға Шығыс Қазақстан облысының талантты жасөспірімдері қатысып, күш сынас-ты. Бұл жарыста Өскемен және Семей қалалары, Үржар, Аягөз, Жарма, Тарбағатай және Көкпекті аудандарының балуандары бақтарын сынап, боз кілемдегі шеберліктерін көрсетті.


Іс-шараға аудан әкімі Раджан Сейтқанов, ШҚО грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі федерациясының төрағасы Марат Мұзапаров, бокстан ел құрамасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов, грек-рим күресінен КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қайыртай Оразалинов, аудан спортының ардагерлері арнайы келіп, құрметті қонақтардың қатарынан көрінді.
Жарыстың ресми ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Раджан Сейтқанов жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға, спортқа баулитын іс-шаралардың маңызды екенін ерекше атап өтті.
- Ұлтымыздың біртуар азаматы Дәулет Тұрлыхановтың есімін ұлықтап, еңбегін бағалау жолында бүгінгі іс-шараның маңызы зор. Дәулет Болатұлы даңқты балуан ғана емес, бүкіл халқымыздың ықыласына бөленіп жүрген қайраткер тұлға. Өмірін еліне қызмет етуге арнап, туған өлкесін өркендетуге өлшеусіз еңбек сіңіріп жүрген ел ағасы, жастардың үлгітұтар азаматы. Болашақта бұл жарыстың дәстүрлі жалғасын тауып, ал оның бүгінгі қатысушылары арасынан Дәулет ағамыз сияқты даңқты жолын жалғастыратын спортшылар шығарына сенемін. Алдағы уақытта осы турнир қатысушылары еліміздің көк байрағын Олимпиада ойындарында жоғары көтеретініне сенім білдіре отырып, бүгінгі жарыста барлықтарына сәттілік тілеймін, - деді аудан басшысы.
Екі күнге созылған боз кілемдегі балғын балуандардың белдесулері өте тартыс-ты өтті. Әрбірі өз аудандарының намысын қорғап, жақсы нәтиже көрсету үшін бар күш-жігерін салды. Ашық біріншілік болғандықтан бұл сайыста жалпы 180 бала 11 салмақ дәрежесі бойынша өзара сынға түсті. Нәтижесінде 44 бала жүлдегер атанып, арнайы марапатталды. Әр салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы тапсырыспен дайындалған медальдар мен мадақтама қағаздары, чемпиондық белбеу, ұлттық құраманың күрес формалары табысталды.
Ауданда алғаш рет өткізілген осындай деңгейдегі жарыстың ұйымдастырылуына көрермендер ризашылық танытып, халық көңілінен шыққан шара туралы құрметті қонақтар да пікір білдірді.
- Семей қаласы құрамасының аға жаттықтырушысы ретінде турнирге 40-тан астам жас балуандар алып келдік. Көкпекті ауданында еліміздің мақтанышы, жастардың бой түзейтін темірқазығы Дәулет Тұрлыханов есімі ұлықталып жатқаны қуантады. Жастар үлгі алатын, ісіне қарап сондай болуға талпынатын азаматтарды насихаттау керек. Қажымұқан, Жақсылық, Дәулет балуан есімдерін құлағына құйып өскен ұрпақ елжанды болып өседі, - дейді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қайыртай Оразалинов.
Байрақты бәсекені жоғарғы деңгейде ұйымдастырған Аслан Балабекұлы ШҚО грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі федерациясы Төрағасының алғысхатымен марапатталды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз