«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ су тасқынынан...

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Мечеть Махмут-бей в деревне Касаба в Кастамону — последнее сооружение на маршруте анатолийских...

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамонудағы Қасаба ауылындағы Махмут бей мешіті Анадолы ағаш мешіттерінің жолындағы соңғы...

  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10
  • ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    08.04.2024 07:13
  • Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    04.04.2024 05:04
  • Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    04.04.2024 05:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жыл сайын дəстүрге айналған ұстаздар күні биыл ерекше аталды. 4 қазан күні Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Ұстаз – саған мың алғыс» атты мерекелік концерт өтті.
Ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған іс-шараға аудан әкімі Раджан Сейтқанов қатысты. Шара басталар алдында Раджан Қайырқанұлы аудандық Оқушылар шығармашылық сарайы тәрбиеленушілерінің әзірлеген көрмесін тамашалады. Салтанатты шараға шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі ерен ұстаздар қауымы құрметті қонақ ретінде шақырылды. Мерекелік бағдарлама аудан әкімі Р.Сейтқановтың құттықтау сөзімен басталды.


- Құрметті ұстаздар! Білім саласының қызметкерлері! Сіздерді білім саласы қызметкерлерінің төл мерекесі - Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы - адам болса, сол «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» дейді дана Абай.
Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады. Сондықтан білім саласы - елдің ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала.
Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де - ұстаз. Сондықтан еліміздің ертеңгі келешегі сіздердің қолдарыңызда. Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қиын да қастерлі ұстаздық қызметте табыс тілеймін! - деді өз сөзінде аудан әкімі.
Әрбіріміздің өмірімізде ұстаздың орны ерекше. Педагогтер өскелең ұрпаққа сапалы білім беріп қана қоймай, шәкірт бойындағы талантты ашуға зор үлес қосады. Жас буынды еңбек етуге үйретіп, шығармашылық қарым-қабілетін ұштайды.
Ұстаздардың төл мерекесіне арналған салтанатты шарада білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шарада аудандық оқушылар сарайының тәрбиеленушілері мен Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің өнерпаз жастары ұстаздарға тарту ретінде əзірленген концерттік бағдарламасын ұсынды.
Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсек те, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әріп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя - мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады. Олай болса ұстаздарымызға деген құрметіміз арта берсін.
Биыл Мемлекет басшысының Жарлығымен 20-дан астам мұғалім білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапат алғанын білеміз. Сол үздіктер арасында «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын алған Шығыс Қазақстан облысы бойынша Көкпекті ауданы, Самар ауылының Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі Альмира Тоқтарғазықызы Сеңгербаева болды. Альмира Тоқтарғазықызы жоғары санатты, шебер ұстаз 37 жыл оқушыларға білім берген. Ұстаз оқушыларға физика пәнінің қыр-сырын үйретіп, жүздеген білімді шәкірт тәрбиелеген. Альмира апай көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы. 2016 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен, 2017 жылы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған. Сонымен қатар, Альмира Тоқтарғазықызы дайындаған мектеп-лицейінің оқушылары физика пәні бойынша халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі әр түрлі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.
Альмира Тоқтарғазықызы Сеңгербаева, физика пәнінің мұғалімі, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атты Қазақстан Республикасының Президенті төсбелгісінің иегері.
-«Бүгін ұстаздар үшін айтулы күн. Бұл ауданымыздағы мұғалімдердің атқарған жұмысына берілген жоғары баға деп ойлаймын. Педагогтерге мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп жатқаны бәрімізді қуантады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы тағайындалып, сол награданы алу бақыты маған бұйырды. Мектеп қабырғасындағы оқушыларға білім берудегі көпжылдық еңбегімді ескерген ең алдымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, облыстық, аудандық білім бөлімдеріне алғыс айтамын.
Еңбегімнің еленіп, көрсетілген құрмет үшін алғысым шексіз», – деді «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» Альмира Сеңгербаева.


«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТӨСБЕЛГІСІМЕН
Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі Альмира Тоқтарғазықызы Сенгербаева марапатталады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН КЕЛЕСІ ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛАДЫ.
Ғ.Оспанова, Ж.Болғанбаев атындағы орта мектеп-лицейінің орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні мұғалімі
Г.Мұхамедқалиева, М.Әуезов атындағы орта мектептің директоры
Г.Мухамбетова, Көкжота орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Г.Тұрлыбекова «Өрнек» жеке меншік балабақшасының меңгерушісі

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН КЕЛЕСІ ҰСТАЗДАР
МАРАПАТТАЛАДЫ.
Г.Тоқтасынова, Куйбышев атындағы негізгі мектебінің директоры
Ж. Искакова, Шәріптоғай негізгі мектебінің оқу тәрбие ісінің меңгерушісі және орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні мұғалімі
Г.Бақытбек, білім бөлімінің әдіскері
А.Халиульдина, Шәріптоғай негізгі мектебінің директоры
Ә.Баянбаева, Көкжайық орта мектебінің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі және биология пәнінің мұғалімі
А.Жакашбаева, Көкжайық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Т.Мұстафинов, Ж.Шайжүнісов орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Г.Сарбасова, Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің тәрбие ісінің меңгерушісі, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
С.Жаркимбаева, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі
Т.Мутбаева Иван Яроцкий атындағы негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН КЕЛЕСІ ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛАДЫ.
А.Сыдықова, Ю.Гагарин атындағы бастауыш мектебінің
директоры және бастауыш сынып мұғалімі
Ж.Дюсупова, Қ.Аухадиев атындағы бастауыш мектебінің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі және ағылшын пәні мұғалімі
Ш.Байжакупова, І.Жансүгіров атындағы орта
мектебінің педагог-психологы және өзін-өзі тану пәні мұғалімі
С.Кусаинова, «Дәншік» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
А.Кайынбаева, Маринагорка орта мектебінің оқу тәрбие ісінің
меңгерушісі және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Р.Қажығалиева, Амангелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

КӨКПЕКТІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН КЕЛЕСІ ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛАДЫ
Н.Балахонова, Сарыбел орта мектебінің орыс тілі және орыс әдебиеті пәні мұғалімі
Г.Мукузинова, Раздольное негізгі мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Г.Сайфутдинова, Воздвиженка шағын комплектілі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Ж.Айтчанова, «Шуақты Шұғыла» балабақшасының тәрбиешісі
Н.Кужуров, Биғаш негізігі мектебінің технология пәні мұғалімі

КӨКПЕКТІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ МАДАҚТАМА ҚАҒАЗЫМЕН КЕЛЕСІ ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛАДЫ
Н.Сарманова, Көкпекті орта мектебінің директоры
И.Тоқтарбекова, аудандық білім бөлімінің әдіскері
Б.Дарибаева, Миролюбовка орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Б.Шекенова, «Оқушылар шығармашылық сарайының домбыра сыныбының мұғалімі
А.Бейсетаева, Амангелді орта мектебінің мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз