«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ су тасқынынан...

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Мечеть Махмут-бей в деревне Касаба в Кастамону — последнее сооружение на маршруте анатолийских...

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамонудағы Қасаба ауылындағы Махмут бей мешіті Анадолы ағаш мешіттерінің жолындағы соңғы...

  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10
  • ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    08.04.2024 07:13
  • Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    04.04.2024 05:04
  • Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    04.04.2024 05:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жерлесіміз «Көкпекті жолдары» ЖШС директоры Гүлназ Нұрғалиева «АруАна» бизнесте танылу сыйлығының жеңімпазы атанды. Кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін ынталандыру мақсатында тағайындалған республикалық сыйлық Шығыс Қазақстан облысы бойынша бірінші рет беріліп отыр. Жеңімпазға диплом мен мүсіншіні «Атамекен» ҚР ҰКП іскер әйелдер кеңесінің ШҚО бойынша төрайымы Елена Березинская-Абилова, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Әлия Мұқашева табыстады.
20 жылдан бері Көкпекті ауданында жұмыс істеп келе жатқан «Көкпекті жолдары» ЖШС әрбір аудан тұрғынына жақсы таныс. Көкпектіліктер ерекше қадірлейтін, құрметпен еске алатын ел ағасы Құдайберген Нұрғалиев іргетасын қалаған кәсіпорын табысты жұмыс істеумен қатар жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып келеді. Жол салу, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бағытында маманданған «Көкпекті жолдарының» арнайы техникасы қысы-жазы бір тынбай аудан жолдарын қардан тазалап, жөндеу жұмыстарымен айналысуда. Әке жолын жалғап, кәсіпорынның қызмет көрсету аясын кеңейткен Гүлназ Құдайбергенқызы 10 жылдан астам уақыт бойы кәсіпорынға шебер басшылық етуде.


Өз саласының білікті маманы ретінде танылған Гүлназ Құдайбергенқызы көкпектіліктерге әлеуметтік жауапкершілігі жоғары басшы ретінде де жақсы танымал. Ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласып, түрлі мәдени-спорттық іс -шараларға демеушілік танытады. «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтып, жыл сайын Жеңіс күнінде ардагерлерді ардақтауға атсалысады. «Нұр Отан» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаты болып сайланған Гүлназ Құдайбергенқызының алдағы уақытта ауданымыздың дамуына зор үлес қосарына сенім мол.
Нәзік жанды арудың бұл қажырлы еңбегі елеусіз қалмады. Белсенді азаматтық ұстанымы мен еліміздің өркендеуіне қосып келе жатқан өлшеусіз үлесі үшін зор марапат иесі атанды. Бұл қуанышты күні республикалық деңгейдегі сыйлық иегерін марапаттау салтанаты өткізілді. Шараға аудан әкімі Серікқазы Садуақасов, «Атамекен» ҚР ҰКП іскер әйелдер кеңесінің ШҚО бойынша төрайымы Елена Березинская-Абилова, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Әлия Мұқашева, Көкпекті аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Бауыржан Артықбаев қатысты.
Сондай-ақ, шара барысында Көкпекті ауданының экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар іскер әйелдер аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Раушан Нұрғалиева, Бибинұр Мұрсалимова, Зухра Қалиева, Валентина Гранкина, Толқын Сапарова, Надия Айдарова сынды кәсіпкерлер күнделікті қажырлы еңбегімен еліміздің өркендеуіне атсалысуда.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз