«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ су тасқынынан...

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Мечеть Махмут-бей в деревне Касаба в Кастамону — последнее сооружение на маршруте анатолийских...

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамонудағы Қасаба ауылындағы Махмут бей мешіті Анадолы ағаш мешіттерінің жолындағы соңғы...

  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10
  • ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    08.04.2024 07:13
  • Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    04.04.2024 05:04
  • Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    04.04.2024 05:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 

Қонақ бөлмесінің қабырғасында атқа қонған найзалы батырдың майлы бояумен жазылған суретіне үңіле қарап:
- Сізге ұқсайды екен, атаңыз ба? – деймін ғой.
- Батыр бабамыз. Ерлігі тарихта қайталанбаған. Үлкен бір шайқаста бес қалмақпен айқасып, бәрін баудай түсіріпті. Естуімізше, осы Самар, Қалба өңірлерінде өмір сүрген, - деп Самархан Жотабаев тарихтан тартып, әңгімесін бастаған.

 

Жер бетінен Жоңғарларды атымен жойып, Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан-ғайыр даланы бүгінгі ұрпаққа аманаттап кеткен жүрек жұтқан батыр бабаларымыздың атын жадымыздан өшіруге әсте болмайды. Қиқымдай жер үшін бастарын бәйгеге тігіп, жаумен алысқан батырлардың ерлігін ертеңгі ұрпаққа әңгімелеп жеткізу - біздің азаматтық парызымыз. Сол үшін де жүрген ортамызда тарихи әңгімелер айтыла қалса, қойын кітапшамызға түртіп алуға тырысамыз. Бұл жолы да Самар ауылының тұрғыны Самархан Жотабаев бабасының батырлығы туралы айтқан әңгімесін жазып алған едік.
- Қалбатауын мекен еткен үш жам Қарауыл жасықтың Қасаболат бастаған батырлары Қаракерей Қабанбай жүргізген азаттық соғысынан тыс қалмаған. Оқыған болсаңыздар, жерлес жазушымыз Қалихан Алтынбаевтың «Көкпекті», күршімдік жазушы Советхан Қалиғожиннің «Нар найман саңлақтары», орыс статисті Федор Щербина «Материалы по киргизскому делу», Мүсәйіп Сыдықовтың «Қарауыл жасақ шежіресі» деген кітаптарда Қасаболат батыр мен оның ұлдары Сатыпалды, Жайнақ, Бекен, Жолан туралы айтылады, - деп жинақтап қойған қағаздарын қопарыстырып, біреуін маған ұсынды.
Шежіре екен. Көз жүгіртіп шықтым. Қарауыл жасықтан Есенгелді, одан Мәмбетқошқар тарапты. Мәмбетқошқардан Қасаболат батыр туған. Оның Сатып-алды, Жайнақ, Бекен, Жолан деген ұлдары болыпты. Іштеріндегі батырлығымен танылған Сатыпалды екен. Батыр бірде Керей еліне үлкен асқа барып, бәйгеге тұлпарын қосады. Сол дүбірлі жарыста жалдас күреңі бас бәйгені тоғызымен алып, олжалы оралады. Елге қайтар жолды орталап қалғанда, шүйіншілей шапқан жігіттер Ақкүміс ананың ұл тапқанын жариялайды. Сонда қуанышы қойнына сыймаған Сатыпалды «тұлпарым топтан озып, бәйгеден келгенде туған ұлым қашан да елдің алды болсын» деп сәбиге Аткелтір деп есім берген екен.
Кітапты шолып шығып, Самархан Жотабаевқа Сатып-алды батырдың бес қалмақты баудай түсіргені туралы айтып беріңізші дегем. Сәл ойланып отырды да:
-Бітімі кесек кісі болыпты. Бес қаруды бірдей меңгерген. Соғыстың тактикасына да әбден төселген. Жүрек жұтқандығы сондай, қалың қолға жалғыз шығуға дайын тұратын көрінеді. Соңынан ерген інілері де білекті, жүректі болыпты. Жайнақ та батырлығымен көзге түскен. Ал Жолан мен Бекен жауырындары жерге тимеген балуандар еді. Төртеуі де қазақтың тулақтай жерін жауға бермеу үшін жан аямай шайқасқан. Қарауыл жасықтың мекен еткен жерлері - Қалбаның шығыс жағы. Қыс түсерде Қарғалыға көшіп келіп жүріпті. Үлкенді-кішілі майдандарда мергендігімен көзге түсіп жүрген Сатыпалды бабамыз садақшылардың қолын басқарған. Ондағы садақ тартқандар да шетінен құралайды көзге атқан мергендер екен. Сатыпалды садақшылардың құрамын толықтыру үшін тағы да мергендерді іріктеп, қатарын мыңға жеткізген. Қалмақтардың қазақтың жеріне қауіп төндіріп тұрған уақыты ғой. Тұтқиылдан шабуылдауы мүмкін. Сондықтан да күні-түні жаумен айқасуға дайындалған. Ұсталарға сауытбұзар жебелерді көптеп соқтырған.
Содан дейміз ғой, әңгіменің қызығына кіріп кетіп...

-Содан әлгі садақшылар атойлап шапқан қалмақтарды қойша қырған екен. Қозыжауырын жебелері қалмақтардың қорғасын сауыттарын жарып өтіп, сұлата берген. Сөйтіп қалың қол есеңгіреп қалған. Қалбадағы бұл жеңіс көп кешікпей Барақ батырдың құлағына жеткен. Ол уақытта Барақ, Танаш батырлар да қалмақтың қалың қолын Сібеден ысырып жатқан. Барақтан қашқан қалмақтар Қалбаның шығыс жағына келіп бекінбек болады. Оны білген Барақ Сұлтан Сатыпалдыға хабар жібереді. Қараужасық қолын бастап жүрген Сатыпалды ол тұста жиырма бес-ақ жаста еді. Қалмақтар да қонтайшыларынан «қазақты қырыңдар, мал-мүлкін тартып алып, тірілерін құлдыққа жіберіңдер» деген бұйрық алады. Қазақтар қарап жатсын ба? Олар да бас қосып, соғысудың айла-тәсілін ойласады. Сөйтіп алдымен садақшылар оқ жаудыратын болып шешеді. Содан соң қатарлары бұзылған жауды қаптағайлап, қос бүйірден келіп, басып-жаншимыз деп ымыраласады.
...Қалбаға қарай жерді қайыстырып, қалмақтың қалың қолы келе жатады. Қанша қан төгіліп, жан қиылары бір құдайға ғана аян еді. Жақындай бере қалмақтың бес батыры жекеленіп шығып, «жекпе-жек, жекпе-жек» деп аттандай бастайды. Бесеуінде бес түрлі қару. Бірі болмаса, бірі жеңіп шығып, қазақтың жеріне иелік етпекші. Қазақтың ішінен суырылып Сатыпалды шығады. Жау жақтан екі иығына екі жігіт мінгенде шо-йын қара алты кез алдаспанын айналдырып, айғайлап, біздің батырға қарай ұмытылады. Сатыпалды сассын ба?! Қалмақтың сермеген қылышын сол мезетте-ақ ұшырып жібереді. Күндей күркіреп шыққан шойын қара қашпақ болып тырмысқанымен, Сатыпалдыдан сытыла алмаған. Қалмақтардың рухтары сынып кетсе керек, екі найзагері бірге шығады. Бірге шығып, бірге мерт болады, сол жерде. Төртіншісі бүртікті шоқпармен шығып, екеуі беріспей ұзақ алысқан. Ақыры Сатыпалды орнынан көтеріп алып, жерге ұрып өлтіріпті. Соңғы батыры садағын кезенген. Бірақ жебесі қиыс кетіп, батыр бабамыз аман қалады. Сатыпалдының мергендігіне мін жоқ қой. Көздегенін аман жібермеген. Ат үстінен сауыт бұзар жебені шірене тартып, қалмақты топ еткізеді. Қазақтың мықтылығын қалмақтар іштей мойындағанмен, серттен тайып, шабуылға көшеді. Бұған да дайын қазақтың қолы ақылдасқан әдістерімен қалмақтың қолын ойсырата жеңеді. Сол заманда ат үстінде жүрген Абылай келіп, қазақ даласында дүбірлі той жасаған көрінеді. Сонда ұлы майданда құралайды көзге атқан Сатыпалды мерген Абылай ханның өзінен сыйға садақ алыпты, - деп Самархан Жотабаев Қалба жаққа басын соза қараған.
Федор Щербинаның кітабындағы мәліметтер бо-йынша, Жайнақ, Жолан, Бекен және Ақболат аталары Ертіс, Қайыңды бойын, Көкжота мен Құлынжонда, Ешкібай бұлағында және Қамыстыда тұрыпты. Сатып-алды батырдан жеті ұл тараған екен: Жаналы, Бегалы, Тезекбай, Есен, Байсал, Байыр, Аткелтір. Бүгінгі күні осы аталардың ұрпақтары Қалба тауының қойнауын жайлап,егеменді елімізде ғұмыр кешіп жатыр.
- Аткелтір атаның Бопысынан - Атабай, Жотабай мен Елубай, Лаубайлар туған. Жотабайдан тараған Қалисаттар батыр бабасының ұрпақтарын жалғастырып келеді. Қалисаттардың әкесі ерте қайтыс болып, Екпін ауылындағы Бағила апаның қолында ер жетеді. Ол 1941 жылы соғысқа аттанып, 1946 жылы аман-есен оралған. Ауылға келісімен, Екпін колхозында жұмыс істей жүріп, сол заманның азын-аулақ техникасының тілін меңгереді. ЗИС, лобогрейка, шөп шабатын ат машиналарды жөндеп, колхозға септеседі. Алғырлығын байқаған шаруашылық басшылары Аягөз қаласында жүргізушілер дайындайтын үш айлық курсқа жібереді. Осы курсты оқи жүріп, сол жақтағы сыбан елінің көргенді қызы Зылихаға үйленеді. Самарға қайтып келген соң, Күршім, Үлкен Нарын, Самар аудандарын қамтитын Самар авторотасына жүргізуші болып қызметке кіреді. Самар ауылында қоныс тепкен әкеміз үй салып, ағаш егіп, бала өсіріп, үбірлі-шүбірлі болады. Әкеміздің Ұлы майдан, қанды соғыстан алған орден медальдары бейбіт күннің марапаттарымен еселеніп, Самар халқының құрметіне бөленеді, - дейді Қалисаттар ақсақалдың ұлы Самархан.
Батыр бабасы туралы кеңінен әңгімелеп берген Самархан Жотабаев төрт қыздан кейін туған ұл екен. Ол дүниеге келгенде атасы Сапа «Самар ауылында қанымыз араласып, бауыр болайық, азаматымыз Самарда хандай болсын» деп батасын берген екен...

Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ,
«Egemen Qazaqstan»

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз