Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

В период с 8 по 10 марта горный курорт Шымбулак стал центром внимания фристайл-сообщества со...

АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ ПОЗДРАВИЛ ЖИТЕЛЬНИЦ ОБЛАСТИ С МЕЖДУНАРОДНЫМ ЖЕНСКИМ ДНЕМ

На торжественную церемонию, которая прошла 7 марта в городе Семей, были приглашены 80...

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗНАМАНЫҢ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

14 Наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына...

ОБЛЫС ӘКІМІ АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

7-наурыз күні Семей қаласында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев аруларды мерекемен құттықтады. ...

  • «Могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша фристайлдан FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңдерінің қорытындысы

    «Могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша фристайлдан FIS Әлем...

    19.03.2024 11:32
  • Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

    Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и...

    19.03.2024 11:28
  • АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ ПОЗДРАВИЛ ЖИТЕЛЬНИЦ ОБЛАСТИ С МЕЖДУНАРОДНЫМ ЖЕНСКИМ ДНЕМ

    19.03.2024 05:58
  • КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗНАМАНЫҢ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

    19.03.2024 05:49
  • ОБЛЫС ӘКІМІ АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    19.03.2024 05:49

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

11 қараша күні аудандық әкімшілік ғимаратындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде Самар ауылдық округінің әкімі Ахмет Күдербаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг өткізді. Журналистермен кездесуде округ әкімі Самар ауылының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндама жасап, болашақ жоспарларымен таныстырды.
- Самар ауылдық округінің аумағы 103640 га құрайды. Округ бойынша тұрғындар саны - 6837 адам. Экономикалық белсенді халық құрамы - 3520 адам. Жергілікті қауымдастық округте өтетін барлық іс-шараларға белсене қатысады, округтің мәселелерін шешеді және өздерінің кеңестерін береді. Округте барлығы 53 ауыл шаруашылық тауар өндірушілері бар. Олар 48 шаруа қожалықтары және 5 ЖШС ауыл шаруашылық құрылымдары.


Самар ауылдық округі бүгінгі күні ауданымыздың ең ірі аграрлық өңірлердің бірі болып табылады. Қазіргі уақыттағы ауыл шаруашылығының жай-күйі округіміздің барлық әлеуметтік-экономикалық жағдайына айтарлықтай әсер етеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарықтық бағадан төмен бағамен өткізу және тұрғындардың көкөніс, ет, балық өнімдеріне сұранысын қанағаттандыру мақсатында шаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі.
Самар ауылын көріктендіру мақсатында, ағымдағы жылдың көктем-жаз мезгілдерінде туя ағашының 200 түп көшеті, шырша, самырсын көшеттерінің 350 дана, 1500 түп раушан гүлі, астра, бархатцы, петунья гүлдерінен 2000 түп орталық алаңға, мәдениет үйі мен барлық мекеме ғимараттарының маңайына отырғызылды, - дейді Ахмет Фазылұлы.

Көкпекті ауданында ауылдық округ әкімдерімен өтіп атырған алғашқы баспасөз конференциясына қатысушылар мен модератордың сұрақтары да жауапсыз қалмады.

Аяжан Амантайқызы- модератор:
- Самар ауылына барсақ, тек Абай орталық алаңын ғана көреміз. Басқа демалыс орындары жоқ па?
Ахмет Күдербаев - Самар ауылдық округінің әкімі:
- 1985 жылы Ұлы Жеңістің 40 жылдығына орай ашылған Даңқ Мемориалы бар. Одан кейін 2002-2003 жылдары Ауған соғысының ардагерлеріне арналған саябақ салынды. Ол жерді де көркейтіп, ағаштар отырғызып, гүл егіп жатырмыз. Самар ауылында 3 саябақ демалатын орын бар. Көпшілік келетін орын - Абай алаңы. Өйткені бұл жер орталықта орналасқан және алаңда су бұрқақ бар.

Виктория Гармашова - аудандық «Жұлдыз- Новая жизнь» газетінің тілшісі:
- Самар ауылы халық тығыз орналасқан ауылдардың бірі болып табылады. Алайда, әлі күнге дейін қоғамдық монша жоқ. Бұл мәселе болашақта өз шешімін табады ма?
Ахмет Күдербаев - Самар ауылдық округінің әкімі:
- Иә, расымен қазіргі уақытта қоғамдық монша жоқ. Самар ауылының орталығында коммуналдық базар орналасқан. Кезінде ол жерде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Біз бұл ғимаратты қоғамдық моншаға дайындадық. Бірақ түсініксіз себептермен жұмыс тоқтатылды. Осыған оралуды жоспарлап отырмыз. Қоғамдық монша халыққа қажет. Сондықтан біз осы мәселені шешумен айналысамыз.

Аяжан Амантайқызы- модератор:
- Самар ауылдық округінде жер мәселесі қалай шешімін табуда?
Ахмет Күдербаев - Самар ауылдық округінің әкімі:
- Самар округінде жер мәселесімен сұрақ жоқ. Себебі үлкен ауыл шаруашылық қожалықтары бар. Одан кейін ұсақ шаруаларда да жер телімі барлығында рәсімделген. Бұрындары жер мәселесі туралы даулар болған. Бірақ олар заңды түрде шешілді. Бүгінгі күні бұл сұрақ төңірегінде мәселе жоқ.

Гүлім Ерланқызы - аудандық «Жұлдыз- Новая жизнь» газетінің тілшісі:
- Самар ауылы бойынша коронавирус індетінің таралу жағдайы қандай? №2 ауданаралық ауруханасында дәрі-дәрмектер қоры жеткілікті ме?
Ахмет Күдербаев - Самар ауылдық округінің әкімі:
- Ағымдағы жылдың қыркүйек - қазан айларында коронавируспен ауырған 21 адам үйлерінде ем қабылдады. Барлық науқастарға дәрі-дәрмектер берілді. Бүгінгі күні 2 науқас Өскемен қаласында, 4 науқас Көкпекті аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. 2020 жылдың 9-10 қараша айларында коронавируспен ауырғандар жоқ. Пандемия басталғаннан бастап, округ бо-йынша коронавируспен ауырғандар саны - 143 адам. Дәрі –дәрмек қоры жеткілікті. Бұл сұрақ төңірегінде мәселе жоқ. Оттегі препараттардан ешқандай сұрақ жоқ. Аурухана «Бобров» аппараттарымен де қамтылған. Менің халықтан сұрайтыным – өз денсаулықтарына салғырт қарамау. Бетперде тағу, ара қашықтықты сақтау, тойға, халық көп шоғырланған жерге бармау. Осы мәселе бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Аяжан Амантайқызы- модератор:
- Білім саласында қандай жаңалықтар болып жатыр?
Ахмет Күдербаев - Самар ауылдық округінің әкімі:
- Округте 3 мектеп, 1 мектеп-лицей, 1 балабақша, «Самар агро-техникалық колледжі», балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, шығармашылық үйі бар. 4 мектеп бойынша оқушылар саны 909 адамды құрайды. Мектепалды даярлық тобында 95 және балабақшаға 90 бала барады. 4 кезекшілік топ және 2 мектеп-алды даярлық тобы жұмыс істейді. 

Округте «Аграрлық-техникалық колледжі» КММ кәсіби білім береді. Топтарда 5 мамандық бойынша 107 студент білім алуда. Кадрларлы даярлау үшін қажетті материалдық базамен қамтамасыз етілген. Басқа жақтан келген студенттерге 100 орындық жатақхана қызмет етеді. Колледждегі 93 студент 3 уақыт ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Мектеп, агротехникалық колледж, балабақша ұжымдары ауылдық округ әкімшілік аппаратымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Сонымен қатар, барлық іс-шараларға және сенбіліктерге, елді мекенді көгалдандыру жұмыстарына белсене араласады.

Дархан Бердібек - аудандық «Жұлдыз- Новая жизнь» газетінің директор- редакторы:
- Агро-техникалық колледжде ауыл шаруашылық мамандығында 93 бала оқытамыз дедіңіз. Аудандағы ірі шаруашылық басшылары үнемі маман тапшылығы мәселесін көтереді. Сіздердің тарапыңыздан колледжді бітірген шәкірттердің тұрақты жұмысқа орналасуы қадағаланып отыр ма? Қазіргі күні шаруа қожалықтарында тапшы болып отырған мамандар өзімізде оқытылып жатқанымен, жергілікті жерде жұмыс істемеуінің себебі не?
Ахмет Күдербаев - Самар ауылдық округінің әкімі:
- Ауыл шаруашылығы жұмысшылары сенбі-жексенбі күндері жұмыс жасайды. Көктемде егістік егу, болмаса шөп шабу, егін ору науқанына біздің жастар шыдамайды. Қала өміріне қашқысы келіп тұрады. Ауыл шаруашылық басшылары мен шәкірттер арасында байланыс бар. Студенттер іс-тәжірибеден өткен кезде, әрбір шаруа қожалығына бөлініп барады. Шаруа қожалықтары да оларды 3 уақыт ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, өздеріне шәкіртақы төлеп, яғни, жұмыс істеген еңбектерін төлеп, жұмысқа тартады. Арасында сонда тұрақты жұмысқа қалғандары да бар. Әрине 10 бала баратын болса, ішінен 2-3 шәкірт қана қалуы мүмкін. Колледжді бітіріп, білімімізді жоғарылатамыз деп кетіп қалады. Кейбіреуі басқа колледждерге кетеді. Үлкен шаруа қожалықтарынан «Мәмбет» және «Қалисатарұлы» колледжбен тығыз қарым-қатынаста. Дегенмен, көп түлектер қалаға қашып тұрады.

Аяжан Амантайқызы - модератор:- Тұрғындарды толғандырған жол мәселесіне тоқталсаңыз?
Ахмет Күдербаев - Самар ауылдық округінің әкімі:
- 2017 жылы Самар ауылына облыс әкімі Даниал Ахметов келген еді. Сол кезде біздің жергілікті қауымдастық аймақ басшысына Самар ауылының көшелерін жөндеуге 500 миллион қаражат бөлінуін сұраған болатын. Облыс әкімі сұраған қаражаттың 75 пайызын бөлеміз деп, уәдесін берген. Біз барлық құжаттарды дайындадық. 2017 жылдың аяғы, 2018 жылдың басында Самар ауылына таза ауыз су тарту бағдарламасы енді. Сол себептен «алдымен суды тартып алайық, содан кейін жол жөндеуді қолға аламыз» деп келістік. Қазір кейбір көшелерге су тартылып, құбырлары салынып, шұңқырлары жабылып, құдықтары қойылды. Енді сол көшелердің жолын 2021 жылдың жазында жөндеуді бастаймыз. Облыс әкімінің берген уәдесі бар. Ол бойынша хат дайындалып жатыр. Осы мәселелер шешілген соң, күрделі жөндеу жұмыстарын бастаймыз деп жос-парлап отырмыз.

Виктория Гармашова - аудандық «Жұлдыз- Новая жизнь» газетінің тілшісі:
- Қазір халықты алаңдатып отырған мәселенің бірі – бруцеллез ауруының таралуы. Ауру ошақтары бүкіл аудан бойынша тіркелуде. Ет өнімдері үлкен маңызға ие. Халық күн сайын дүкен сөрелерінен, жәрмеңкеден ет өнімдерін сатып алуда. Осыған байланысты сатылып жатқан еттің тазалығына кім бақылау жасайды деген сұрақ туындайды. Самар ауылдық округінде осы қауіпті аурудың таралуын болдырмау үшін қандай алдын алу шаралары қолданылуда?

Ахмет Күдербаев - Самар ауылдық округінің әкімі:
- Бруцеллез шын мәнінде өзекті тақырып болып табылады. Біздің ветеринарлық қызмет белсенді жұмыс істеуде. Қан анализін алады, малға екпе егеді. Анықталған ошақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Ауру мал жойылады. Жәрмеңке алдында ет өнімдері ветеринарлар жүргізетін арнайы талдаудан өтеді. Осыдан кейін ғана оны сатуға рұқсат беріледі.

Аяжан Амантайқызы- модератор:
-Самар округіне қарайтын ауылдардың жағдайы қандай?
Ахмет Күдербаев - Самар ауылдық округінің әкімі:
- Округ құрамында Шұбарқайың және Қайыңды ауылдары бар. Қайыңды ауылында орман шаруашылығы жұмыс істейді. Бұл ауылда 112 адам шоғырланған. Қайыңды ауылында қаншама жылдан бері жөндеу жұмысын қажет ететін апатты көпір болған. Осыған аудан әкімі Серікқазы Садуақасов биыл қаржы бөлді. Күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, бүгінде халық игілігін көріп отыр. Шұбарқайың ауылында 212 адам тұрады. Табиғаты қатал, жеміс-жидек өспейді. Жылыжай салынып, биылғы көктемде көкөніс өсіріліп, жергілікті тұрғындарға сатылды. Алдағы жылы футбол алаңын салу жоспарда бар. Жарықтанбаған көшелерге жарық орнатып береміз.

Дархан Бердібек- аудандық «Жұлдыз- Новая жизнь» газетінің директор- редакторы:
- Пантелеймоновка ауылының Шұбарқайың болып тарихи атаумен қайта аталуына сіздің көп еңбектенгеніңіз көпке мәлім. Былтырғы жылы облыстық ономастика комиссиясына ұсынылған Пантелеймоновка мектебіне Байқадам бидің атын беру туралы шешім қолдау таппады. Қазақ тарихында өлшеусіз із қалдырған тұлғаның аты неге берілмеді? Бұның себебі неде? Бұл бағыттағы жоспарларыңыз қандай?
Ахмет Күдербаев - Самар ауылдық округінің әкімі:
-Жергілікті халықтан да ұсыныс түсті және өзімнің де тарапымнан жұмыс жүргізіп, Пантелеймоновка ауылын Шұбарқайың атауына өзгерттік. Енді сол жерде бізден бір ағаттық кетті. Бірден Пантелеймоновка орта мектебінің атын да ауыстыру керек еді. Келесі жылдан бастап осы жұмыспен шұғылданамыз. Жергілікті халықтың ұсынысы бойынша Байқадам бидің атын беруге жұмыс жасаймыз.

Дархан Бердібек- аудандық «Жұлдыз- Новая жизнь» газетінің директор- редакторы:
- Самар ауылының халқын алаңдататын мәселе - көктемгі су тасқынына дайындық. Лайлы су қоймасындағы жағдай қандай, дайындық жұмыстары жасалды ма?
Ахмет Күдербаев - Самар ауылдық округінің әкімі:
- Самар ауылында 2 су қоймасы бар. Бірі - Лайлы су қоймасы. Оның сыйымдылығы қағаз жүзіндегі техникалық анықтамасында 780 текше метр, ал біз 900 текше метрге дейін сыйдырамыз. Ешкібай су қоймасы одан 5 есе үлкен. Лайлы су қоймасы мен Ешкібай су қоймасын жалғастырып тұратын канал бар. Ұзындығы 3 шақырым. Биыл сол каналдың іші тазаланды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз