«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ су тасқынынан...

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Мечеть Махмут-бей в деревне Касаба в Кастамону — последнее сооружение на маршруте анатолийских...

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамонудағы Қасаба ауылындағы Махмут бей мешіті Анадолы ағаш мешіттерінің жолындағы соңғы...

  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10
  • ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    08.04.2024 07:13
  • Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    04.04.2024 05:04
  • Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    04.04.2024 05:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Халыққа қызмет көрсету орталығы Көкпекті ауданында 2007 жылғы 27 қазанда ашылды. Бүгінгі күні мекемеге  Ерік Табиғатұлы  басшылық етіп келеді.  Бұл ұжымда 13 қызметкер жұмыс істейді. Ал 2018 жылы орталық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы ШҚО бойынша филиалы ХҚКО Көкпекті ауданының бөлімі болып өзгертілген.  

2019 жылдың 7 айында 25 мың 391 қызмет түрлері көрсетіліп, 24 мың 658 дайын құжат берілген. 2020 жылдың 1 қаңтарынан 31 шілдеге дейін 12 мың 854 қызмет көрсетіліп, 11 мың 283 дайын құжат берілген. Карантин басталғанға дейін 1 қаңтарынан 20 наурызға дейін 7437 қызмет қабылданып, 7065 дайын құжат ұсынылған. Ал карантин уақытында 20 наурыздан 10 тамыз аралығында 6025 құжат қабылданып, 4807 жауап берілген.


Бүгінгі таңдағы пандемия кезінде тұрғындарға қалай қызмет көрсетіп жатырсыздар? - деген сауалға Ерік Табиғатұлы төмендегідей жауап берді.
- Қағаз түрінде түскен құжаттардың барлығын дерлік қабылдай береміз. Тек электорндық қызмет түрлерін қабылдамаймыз. Бұл үшін өзіне-өзі қызмет көрсету сервисі бар, сол арқылы халық қызмет алып жатыр.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы ШҚО бойынша филиалы ХҚКО Көкпекті ауданының бөлімі қалыпты режимде жұмыс істейді. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамын «egov.kz» порталы арқылы алуға болады.
Келушілердің басым көпшілігіне қажет ПНД, ОНД анықтама, сотталмағандығын растау туралы анықтамалары. 2019 жылдың қазан айы-нан бастап мекен-жай анықтамасы алынып тасталған. Сондай-ақ, жеке қызметтер мен сервистер «ЕgovМоbile» мобильдік қосымшасында, «eGovKzBot2.0» телеграмм-ботында 30 шақты онлайн қызметтерін алуға болады. Атап айтсақ, №2 формалы анықтамасын, ПНД, ОНД анықтамасын алуға болады. Қазіргі уақытта халық аталмыш мекемеге бармай-ақ, «ЕgovМоbile» мобильдік қосымшасы арқылы қызмет алуды жақсы пайдаланады. Мекеме мамандары күніне шамамен 100-150 адамға қызмет көрсетеді. Келушілердің көбі консультациялық кеңес алуға келеді.
ХҚО-да: қабылдау секторы, жинақтау секторына, дайын құжаттарды беру секторына өзіне-өзі қызмет ету секторы, сондай-ақ, азаматтарды құжаттандыру және тіркеу бағыты бойынша қызметтер көрсетіледі.
Қазіргі таңда елімізде орын алған індетке байланысты қызметкерлері «1414» байланыс орталығының кеңесшілерімен бірге қазақстандықтарға онлайн-форматта консуль-тациялық көмек көрсетеді. Бұған Қазақстан бойынша қоңыраулар келіп түседі. Аталмыш салаға Заманбекова Тоғжан жауапты.
Былтырғы 2019 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы ШҚО бойынша филиалы ХҚКО Көкпекті ауданының бөлімінде арнайы мамандандырылған ХҚКО деп аталатын қызмет түрімен айналысып келеді. Уақыты өткеніне байланысты жүргізуші куәлігін ауыстыру, көліктерді тіркеуге алу, тіркеуден шығару сияқты қызметтерге Қайырқанова Назира, Балабаев Қайрат жауапты. Қазіргі таңда алғашқы рет жүргізуші куәлігін алатын, қосымша категорияға тапсыратын адамдарды қабылдауға мүмкіндік жоқ. Себебі Көкпекті ауданында көлік жүргізу тапсыру үшін автодрон жоқ. Автомектепті бітірген соң, Өскемен, Семей қалаларынан сынақ тапсыруға болады.

МАЙТАЛМАН МАМАН

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы ШҚО бойынша филиалы ХҚКО Көкпекті ауданының бөлімі басшысының орынбасары  - Габдрахманов Асхат Метхатұлы. Ол Үлкенбөкен ауылындағы Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешенінде 9-сыныпты бітірген соң, 2004-2007 жылдары экономика және қаржы колледжінде бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша білім алады. 2007-2010 жылдары Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «экономист» мамандығын тәмамдайды.  Еңбек жолын 2008 жылы Семей қаласындағы Гелиос автозаправкасында оператор  қызметінен бастаған. 2011-2013 жылдары Мегасторои құрылыс дүкенінде есепші-ревизор қызметін атқарады. Ал 2013 жылдан бастап Көкпекті ауданының ХҚКО-да еңбек етіп келеді. 2016 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы ШҚО бойынша филалы ХҚКО Көкпекті ауданының бөлімі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған. Асхат Метхатұлы 2010 жылы үйленіп, бүгінгі күні жұбайы Наргиз екеуі екі бала тәрбиелеп отыр. 

ӨЗ ІСІНІҢ БІЛГІРІ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы ШҚО бойынша филиалы ХҚКО Көкпекті ауданының бөлімінің жинақтау секторының маманы - Терлікпаева Гузалья Кабдулқаққызы жайлы сөз етпекпіз.
Бүгінгі Көкпекті ауылдық округіне қарасты Шегелек ауылында дүниеге келген. Куйбышев атындағы орта мектебін ойдағыдай аяқтағаннан кейін Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіне оқуға түседі. Аталмыш оқу орнын тарих пәнінің мұғалімі мамандағы бойынша оқып, тәмамдайды. Бұған қоса заңгер мамандығы бойынша дипломы бар. Білікті маман бұл салада 2007 жылдан бері 13 жылдай жемісті еңбек етіп келеді.
Жинақтау секторына жауапты маман Гузалья күн бойы түскен барлық құжаттарды ЕСО-мен өткізіп, реестрдан шығарып, құжат мазмұнына байланысты мемлекеттік мекемелерге жіберуге курьерге тапсырады. Сонымен қатар ай сайынғы есеп тапсырады, мекеменің кіріс, шығыс құжат айналымы ісін тыңғылықты жүргізеді.
-Негізгі қағаз түріндегі мекемеге түскен барлық құжаттың қай салаға жататынын анықтаймын, оларды жауапты тұлғаларға уақтылы жолдануын бақылаймын. Ал дайын құжаттарды клент алу үшін беру секторына тапсырамын, – деді Гузалья.
Білікті маманның еңбегі ескеріліп, жиі басшылық тарапынан мақтау мен мадақтауларға ие болып жүрген жайы бар.
Гузалья - өз ісін жетік меңгерген маман болумен қатар, аудандық ішкі істер саласының қызметкері болған жолдасы екеуі екі бала тәрбиелеп отырған үлгілі жанұяның отанасы.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз