Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

В период с 8 по 10 марта горный курорт Шымбулак стал центром внимания фристайл-сообщества со...

АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ ПОЗДРАВИЛ ЖИТЕЛЬНИЦ ОБЛАСТИ С МЕЖДУНАРОДНЫМ ЖЕНСКИМ ДНЕМ

На торжественную церемонию, которая прошла 7 марта в городе Семей, были приглашены 80...

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗНАМАНЫҢ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

14 Наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына...

ОБЛЫС ӘКІМІ АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

7-наурыз күні Семей қаласында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев аруларды мерекемен құттықтады. ...

  • «Могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша фристайлдан FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңдерінің қорытындысы

    «Могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша фристайлдан FIS Әлем...

    19.03.2024 11:32
  • Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

    Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и...

    19.03.2024 11:28
  • АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ ПОЗДРАВИЛ ЖИТЕЛЬНИЦ ОБЛАСТИ С МЕЖДУНАРОДНЫМ ЖЕНСКИМ ДНЕМ

    19.03.2024 05:58
  • КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗНАМАНЫҢ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

    19.03.2024 05:49
  • ОБЛЫС ӘКІМІ АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    19.03.2024 05:49

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданында оқу жылын 187 түлегі аяқтады, оның ішінде 21 «Алтын белгі» және 5 «Үздік аттестат» иегерлері бар. Ұлттық бірыңғай тестілеу 2020 жылдың 28 маусымында бір ағынмен өтті.
Біздің ауданда Ұлттық бірыңғай тестілеу ағымдағы жылдың 28 маусымы күні бір кезеңде өткізілді. Оған аудан мектептерінің 134 түлегі қатысты. Тестілеу кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталды. Атап айтсақ, ұйымдастырушылар мен қатысушылар арасында 2 метрден кем емес ара қашықтық сақтау, дезинфекция жасайтын тоннельде өңдеу өткізу, қолды және аяқ киімді антисептикпен өңдеу сияқты шаралар қабылданды. Аудандық аурухана қызметкерлері тестке қатысушы түлектердің тепловизор аспабы арқылы дене температурасын өлшеді. Сонымен қатар әрбір ҰБТ қатысушысына респираторлық маскалар мен қолғаптар таратылды.


Мемлекеттік комиссия мүшелері әрбір түлектің жеке басын сәйкестендіріп, тыйым салынған заттарды (ұялы телефондар, планшеттер, смарт сағаттар, шпаргалкалар) алып өтуге жол бермеу мақсатында металл іздегіш құралмен тексерді. ҰБТ таңертеңгі сағат 9.00 - де басталып, 13.00-де аяқталды. Тестілеу уақыты ҚР БҒМ-мен 4 сағат болып белгіленді.
ҰБТ-ны өткізуге БСБД өкілі, ҚР БҒМ, ҚР ҰҚК өкілдері, бақылаушылар, мемлекеттік комиссия мүшелері және Көкпекті ауылындағы №861 филиалының ҰБТӨП қызметкерлері қатысты. Айтып өтсек, Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру барысында бірде-бір ҰБТ ережесіне сай құқықбұзушылық анықталған жоқ. Аудан бойынша ҰБТ-ның орташа балы - 67 -і құрады. 3 түлек 115 балдан жоғары ұпай жинады. Олар: 128 - Лескен Асылнұр (Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта-мектеп лицейі), 116 - Құмарбекова Гүлім Мұхамеднұрқызы (Абай атындағы мектеп-балабақша кешені, Мұқиятқызы Аяна (Көкпекті орта мектебі). 100-ден жоғары балды 11 түлек алды. Шекті деңгейдегі ұпайды ала алмаған 10 түлек 49 балл және одан төмен балл жинады.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз