ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елдегі төтенше жағдайға қарамастан көкпектілік шаруа қожалықтар көктемгі егістік жұмыстарына қызу дайындық жүргізіп жатыр. Бүгінде техника жөндеу, тұқым дайындау, арзандатылған дизель отынын алу жұмыстары басталып кетті. Егістік науқаны негізінен сәуірдің 20-нан кейін басталады. Ол көктемгі ылғал жабу жұмыстарынан бастап, жер жырту, дәнді дақылдар себу ретімен атқарылмақ. 

Егіс жұмыстарын ұйымдастыру ауа райы, тұқым сапасы және жеке ауыл шаруашылығы өндірушісінің жыл қорытындысы ғана емес, жалпы ауданның да әл-ауқатына байланысты. Сондықтан көктемгі егіс жұмыстарының барысы аудан әкімінің ерекше бақылауында.
4 сәуір күні аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Серікбек Қонысбаев және аудандық газет тілшілері бірқатар іргелі шаруа қожалықтарында болып, дайындық барысын көзімен көріп қайтты. Қайрат Дүйсенбаев басшылық ететін «Рустам» қожалығы, Жұмабек Күшікпаевтың "Талап" ШҚ, ағайынды Бекбердиновтердің «Елім-ай» агро-өнеркәсіп кешені, Ержан Қойгелдиннің «Өрнек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалары сақадай сай. Сондай-ақ, Самар өңіріндегі Есембек Мәмбетовтің «Мәмбет», Самарқан Жотабаевтың «Қалисатарұлы», Михаил Лопаткиннің «Лик» шаруа қожалығының базасында болған сала басшылары дайындық барысына оң баға берді.

ЖЫЛДАҒЫ ЖОСПАРДАН ЖАҢЫЛМАЙДЫ 

Көкжайық ауылдық округінде орналасқан «Талап» шаруа қожалығы сапарымыздың алғашқы пункті болды. Бүгінде ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлкен үлес қосып, басқа шаруа қожалықтарына үлгі болып отыр деуімізге болады.
Шаруа қожалығында 67 адам еңбек етеді. Мұнда 153 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы бар. Ағымдағы жылға егіс алқабының жалпы көлемі 8500 га, оның 2671 га күнбағыс, 1900 га арпа, 2995 га бидай, 604 га сұлы және 238 га көпжылдық шөптер егіледі.
Біздің сапарымыз кезінде шаруашылық аумағында техниканы дайындау жұмыстары қайнап жатты. Шаруашылық қызметкері Хатиф Ибраев қызмет барысында жеке гигиена талаптары және коронавирустық инфекцияның алдын алуға негізделген шараларды толық сақтап, әдеттегі режімде жұмыс жасайтынын жеткізді. Ол елде болып жатқан жағдайлардың «көктемгі дала жұмыстары» деп аталатын қауырт және жауапты кезеңдердің жоспарлы жұмысына қандай да бір түрде әсер етпеуі тиіс деп есептейді. Өйткені бұл кезең күзгі жиын-терін маусымы үшін негізгі фактор екені анық.

ШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКАСЫ НАУҚАНҒА ДАЙЫН

Ақой ауылында орналасқан «Рустам» шаруа қожалығына барғанда шаруашылық техникаларының науқанға дайын екені көңіл көншітті. 2007 жылы аталмыш қожалықтың ірге тасын қалаған Қайрат Дүйсенбаев, осы уақытқа дейін шаруашылықтың тізгігінін ұстап келе жатыр. Қожалық мал шаруашылығына (сиыр, жылқы және қой өсіру) және мал азығын әзірлеуге маманданған. Жұмыс-шылар ұжымы 100-ге жуық адамды құрайды. Әңгіме барысында біз осы жылы 3000 га алқапқа бидай, 2000 га арпа, тағы 2000 га күнбағыс егілетіндігін және 1000 га сұлы егілетіндігінен хабардар болдық.
Қайрат Советбекұлы биылғы жылы шаруашылықтың өнімділігін арттыру үшін 10 млн. теңгеге культиватор, құны 46 млн. теңгені құрайтын комбайн және 4 млн. теңгеден екі тырма құрылғысы сатып алынғанын айтты.
«Рустам» ШҚ-да тәжірибелі жұмыс-шылармен қатар, жас мамандар да иық тіресе еңбек етеді. Дидар Сайфутдинов бірнеше жыл бойы жүргізуші болып жұмыс істейді. Ол табыс табу үшін қалаға кеткен кезі де болды. Бірақ жастарға ауылдық жер қолайлырақ болғандықтан, ол қайтып оралады. Осындай дұрыс таңдау жасаған жас жігіт қазір бұл үшін өкінбейтінін жеткізді.
Ал Үлкенбөкен ауылының азаматы Тұрсын Байболов 30 жылдық еңбек өтілі бар темір ұстасы. Өзінің көп жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, ол елдегі төтенше жағдайға байланыс-ты қалыптасқан ахуалдар тарих тезінен өткен жұмыс істеу тетігіне әсер ете алмайды деп есептейді. Бұл мәселеде ең бастысы - еңбекқорлық, кәсіби тәсіл және барлық сақтық шараларын сақтау.

БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ – БОЛАШАҚҚА САНАЛЫ ИНВЕСТИЦИЯ

Одан әрі Көкжайық ауылына ат басын бұрдық. Онда «Елім-ай» АӨК бар. Бұл ірі кәсіпорынға «Елім-ай» ШҚ және «Елім-ай Көкпекті» ЖШС кіреді. Шаруа қожалығы 1996 жылы құрылған, негізгі бағыты өсімдік шаруашылығы болатын. 2003 жылы асыл тұқымды мал сатып алынып, мал шаруашылығы дами бастады.
2011 жылы «Елім-ай Көкпекті» ЖШС-нің жаңа жобасы басталды, оның стратегиялық мақсаты бірнеше бөлімшеден тұратын толық циклды агро-өнеркәсіп кешенін құру болып табылады: азықтық дақылдарды өсіру және азықтарды дайындау, асыл тұқымды және асыл тұқымды емес малдарды өсіру, мал сою және етті қайта өңдеу.
Біздің жұмыс тобы келген уақытта қызметкерлер машина-трактор паркінің аумағында сенбілік өткізіп жатыр екен. «Елім-ай» АӨК құрылтайшысы Марат Бекбердинов жоспарланған егістіктер 10-11 мың гектар алқапты құрайтынын айтты. 215 га күнбағыс, 700 га жүгерінің сүрлемі, 4000 га бидай егуге, қалған бөлігі арпаға арналған екен.
Қазіргі уақытта жасалатын жұмыс-тардың негізгі түрлері жерлерді жырту және тыңайту болып табылады. Жұмысшылар егістікке шығу үшін ауа райының қолайлы күндерін күтуде: тұқыммен қамтамасыз етілген, 100-ге жуық барлық шаруашылық техникалары жұмыс майданына толықтай дайын.
Біздің тарапымыздан қойылған: «Пандемия мен елдегі төтенше жағдай жергілікті аграрлық салаға кері әсерін тигізіп тұрған жоқ па? - деген сұрағымызға, Марат Миғражұлы:
- Қиындықтар бар, әрине. Бірақ біз бірінші кезекте ұжымда еңбек етіп жатқан адамдар туралы ойлаймыз. Біз жұмысшылар үшін жауаптымыз, шаруашылықта 200 адам бар, оларды жалақымен қамтамасыз етуіміз керек. Алдағы уақытта егін даласында қызу еңбек етуге керектігін ұмытпаймыз. Бұл тек біздің табысымызға ғана емес, ауданның әл-ауқатына да үлес қосатыны анық.
Өңірдегі жетекші кәсіпорындарының бірі болып табылатын басшының осындай ұстанымы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі болып табылады. Бұл дегеніміз бизнес заңдарын сақтаумен және сапалы өнім немесе қызмет өндірумен қатар қоғам алдында қосымша міндеттемелерді өз еркімен алатынын анықтайды. Осы тұжырымдаманы басшылыққа ала отырып, «Елім-ай» АӨК ауданда көптеген спорттық және мәдени іс-шаралардың белсенді демеушісі болып табылады, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына үнемі қолдау көрсетіп отырады.

КӨКТЕМНІҢ БІР КҮНІ ЖЫЛҒА АЗЫҚ

Одан кейін Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округке аттандық. Мұнда «Өрнек» ЖШС орналасқан, оның өндірістік қуаты округтің локомотиві деп атауға болады. Қызметтің негізгі бағыттары өсімдік шаруашылығы және сүт тұқымды ірі қара мал өсіру болып табылады.
Бізді серіктестік басшысы Ержан Қойгелдиннің оң қолы болып табылатын Ерлан Қойгелдин қарсы алды. Ол биылғы жылы 5150 га аумақта бидай егу жоспарланғанын, арпа 1500 га, күнбағыс 900 га, жүгері 550 га, ал азықтық қоспа 840 га жерге егілетінін айтты.
Мұнда барлығы 150 жұмысшы еңбек етеді. Кәсіпорынның машина-трактор паркінде 70 түрлі техника бар. Осы жылы сенбі күні жұмысшылар жұмыстың маңызды кезеңін жүзеге асыратын тұқым сепкіш машиналарды жөндеумен, сондай-ақ топыраққа тұқым себумен айналысты.
Ерлан ағамен әңгіме барысында дайындық жұмыстарын екі апта ішінде аяқтау жоспарланып отырғанын анықтадық. Дәнді дақылдардың тұқымын ЖШС өзі дайындайды, ал күнбағыс дәндерін сатып алады екен. Сондай-ақ, кәсіпорын жуықта екі вагон тыңайтқыш күтеді.
Егіс науқанына әсер ететін маңызды фактор - ауа райы. Сондықтан оған барлық аграрлық сала тәуелді. Оны адамдардың жоспарына сай өзгерту мүмкін емес, сондықтан күтуге тура келеді. Бірақ науқанға қолайлы жағдай туысымен, барлығы бірден егіске шығады. Ерлан Тұрсынханұлы қазір сылбырлық танытуға негіз жоқ деп санайды, себебі «көктемнің бір күні жылға азық».
Біз ЖШС басшылығынан корона-вирусқа байланысты орын алып жат-қан жағдайдың 2020 жылғы егістік науқанына ықпалы жайында сұрадық. Ерлан ағаның пікірінше, оның теріс әсері онсыз да арзанға түспейтін ауыл шаруашылығы техникасына арналған бөлшектердің қымбаттауынан көрініс тапқанын тілге тиек етті. Елдер арасындағы шекараларды жабу, республика ішіндегі қозғалысты шектеу және бақылау көктемгі егіс жұмыстары қарсаңында кәсіпорындар арасындағы сатып алу шараларына кері әсер етуі мүмкін. Осы салада туындаған мәселелерді ауыл шаруашылығы бөлімі мен аудан әкімдігі шешуі тиіс. «Жергілікті билік пен мемлекет тарапынан қолдау бізге жаңа жоғары көрсеткіштерге қол жеткізе отырып, жұмыс істеуге қосымша серпін береді», - деді Ерлан Тұрсынханұлы.

"БІЗ БАСҚАЛАРҒА КӨМЕКТЕСУГЕ ДАЙЫНБЫЗ"

Самар аймағы бойынша сапар «Қалисатарұлы» ШҚ-нан басталды. Бұл шаруашылық жыл сайын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттырып, ауданымыздың аграрлық азық-түлік бағдарламасын орындауға үлкен үлес қосып келеді.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшысы Самарқан Жотабаевты өздерінің «кеңсесі» аталып кеткен Қамыстыда, яғни күнделікті істермен айналысатын басқа жұмысшылар арасынан таптық. Самарқан Қалисатарұлы біз үшін экскурсия жасап, егіс науқанына дайындық туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.
Сонымен, ол шаруашылықтың жалпы егістік алқабы 1400 гектарды алып отырғанын айтты. Оның 400-іне күнбағыс егіліп, 200-і сұлы алады, ал 800 гектардың басым бөлігіне – бидай егіледі. Ол жер шарындағы ең көне және кең таралған тұқымдардың бірі. Сондай-ақ, ол кең сұранысқа ие азық-түлік маңызымен ерекше.
Шаруа қожалығы егіс алқабындағы жұмысты бастауға әзір. Машина-трактор паркі дайын, жанар-жағар маймен қамтамасыз етілген, тұқымдары өзінікі. Қазір олар ауа райының қолайлы кезеңін күтуде.
Ынтымақты да ұйымшыл жұмысшылар 20 адамнан құралған. Маусымдық жұмыстар кезінде оны 10-15 адамға дейін толықтырады.
- Біз жұмыс істеуге дайынбыз және өзгелерге көмектескіміз келеді. Егер шағын шаруашылықтарда тұқым сатып алуда қиындықтар туындаса, біз оларға осы мәселені шешуге де көмектесеміз, - дейді Самарқан аға.

ЕГІН АЛҚАБЫНАН ДАСТАРХАНҒА ДЕЙІН

Келесі кезекте біз «Мәмбет» шаруа қожалығына бардық. Ол шаруашылық 1993 жылы құрылған, басшысы Есімбек Дәлелұлы Мәмбетов. Шаруашылықтың негізгі қызмет түрлеріне – өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сату жатады. Есімбек Дәлелұлы бізге істің ағымдағы жағдайымен таныс-тырды.
Қожалық еншінсінде жалпы шаруа-шылық жүргізуге арналған 6000 га жуық егістік жері бар. Бидайды 1800 га, 2000 га күнбағыс, 1200 га тары егу жоспарланып отыр. Шаруа қожалығын егіс науқанына 100% дайын деп айтуға болады.
«Мәмбет» ШҚ-ның ерекшелігі - өнімділігі сағатына 20 тонна диірмен және наубайхана сияқты қайта өңдеу нысандарының болуы. Біздің сапарымызда жұмыс барлық жерде қайнап жатты. Шаруашылықта 150 адам еңбек етеді. Әрбір қызметкер өз міндеттерін нақты біледі және іске жауапкершілікпен қарайды.
Біз наубайханаға кірген сәтте жаңа піскен нан иісін сездік. Мұнда екі наубайшы мен технолог еңбек етеді. Кәсіпорын нан және нан-тоқаш өнімдерінің 18-21 атауын шығаруда. Шаруашылық өнімдері Самар өңірі мен Күршім аудандарына экспортталады.

САПАЛЫ ӨНІМ АЛУҒА ДЕГЕН ҰМТЫЛЫС 

Сапарымыздың соңғы нүктесі Михаил Лопаткин басқаратын «Лик» ШҚ болды. Ол 1997 жылы құрылған, өсімдік шаруашылығы мен дәнді дақылдарды өсірумен айналысады. Оларға тиесілі ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі 2300 га, бидай осы аумақтың 90%-ын алады, қалғанын қарақұмық пен жасымық өзара бөліседі.
Шаруашылық басшысы егіс жұмыс-тарына дайын екенін атап өтті. Жанар-жағар май мен тұқым дайындалған, 3 вагон тыңайтқыш күтілуде. Өз ісінің кәсіби шебері болып табылатын 20 адам тұрақты негізде жұмыс істейді.
Шаруа қожалығының машина-трактор паркінде 25 бірлік техника бар. Қыста К-700 екі доңғалақты тракторға күрделі жөндеу жүргізілді.
Бүгінгі күні «Лик» ШҚ ауданның ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірі болып табылады. Өзінің еңбекқорлығының арқасында Михаил Викторович үнемі жаңашылдыққа ұмтылып, жыл сайын шаруашылыққа қажетті жаңа инновациялық технологияларды қолданысқа енгізеді.
Бұған тікелей дәлел – шаруашылықтың биотехнология әдістерін пайдалануы. Бактериялар ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Мысалы, тыңайт-қыш өндіру үшін, жоғары өнімді сорттар жасау немесе топырақты азотпен байыту үшін. Ал өнімділікті арттыру мақсатында азотобактерин, нитрагин, фосфобактерин сияқты бактериялық тыңайтқыштар қолданылады. Михаил Викторович бұл әдісті тәжірибеде сынап көрмекші.
Бұл сапар ауданның ауыл шаруа-шылығы құрылымдарының егіс науқанына дайындық дәрежесін баға-лауға ғана емес, сонымен қатар ШҚ басшыларына өзекті мәселелерді аудан әкімінің орынбасары және ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілдерімен тікелей талқылауға мүмкіндік тудырды. Шаруашылық сала мамандарының көпшілігін арзандатылған бағамен жанар-жағар май жеткізу мәселесі мазалайды. Бұл мәселені шешу аудандық деңгейде талқыланатын болады.
Ауданның ауыл шаруашылығын дамытуда жетістікке жетудің кепілі - еңбекқор егіншілер, олардың кәсіпқойлығы, туған жерге деген адалдығы және сүйіспеншілігі болып табылады. Олардың жұмысы әрдайым үлкен күш-жігерді, қолда бар ресурстарды пайдалануға деген шаруашылық қарым-қатынасты және жоғары нәтижелерге қол жеткізу ниетін талап етеді.
Біз барлық аграрлық сала өкілдеріне олардың қиын жұмыстарында табыс тілейміз. Сіздерге әр жылдың көктемі шуақты күн, күзі қамба толы астық нәсіп етіп, қай мезгілде болмасын шаңырақтарыңыздан құт-береке арылмасын деп тілейміз!

Виктория ГАРМАШОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз