Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

В период с 8 по 10 марта горный курорт Шымбулак стал центром внимания фристайл-сообщества со...

АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ ПОЗДРАВИЛ ЖИТЕЛЬНИЦ ОБЛАСТИ С МЕЖДУНАРОДНЫМ ЖЕНСКИМ ДНЕМ

На торжественную церемонию, которая прошла 7 марта в городе Семей, были приглашены 80...

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗНАМАНЫҢ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

14 Наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына...

ОБЛЫС ӘКІМІ АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

7-наурыз күні Семей қаласында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев аруларды мерекемен құттықтады. ...

  • «Могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша фристайлдан FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңдерінің қорытындысы

    «Могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша фристайлдан FIS Әлем...

    19.03.2024 11:32
  • Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

    Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и...

    19.03.2024 11:28
  • АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ ПОЗДРАВИЛ ЖИТЕЛЬНИЦ ОБЛАСТИ С МЕЖДУНАРОДНЫМ ЖЕНСКИМ ДНЕМ

    19.03.2024 05:58
  • КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗНАМАНЫҢ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

    19.03.2024 05:49
  • ОБЛЫС ӘКІМІ АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    19.03.2024 05:49

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Осыдан жеті жыл бұрын Елбасы әкімдерге жылына бір рет елге есеп беруді тапсырған. Содан бері бұл үрдіс дәстүрге айналды. Жыл бойына атқарылған шаруалар айтылып, бағынбаған белестердің себеп-салдары сараланатын болған. Осы үдеріске сәйкес Көкпекті ауданының әкімі Асхат Смаилов ел алдында есеп берді. Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Кәкенкаджиұлы Байахметов, аудандық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес, ардагерлер Кеңесінің мүшелері, құқық қорғау органдары мен аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық ұйымдар, жастар өкілдері, әлеуметтік сала мамандары және аудан тұрғындары қатысқан есеп беру кездесуі кезінде Асхат Сайдахметұлы өткен жылы атқарылған ауқымды жұмыстарды жан-жақты баяндады.

 

Аудан әкімінің Көкпекті ауылдық округіндегі халық алдында есеп беру кездесуі өткен мәселелерді, өзара кең ауқымды диалогты қызу талқылауда өтті. Аудан әкімі А.Смаиловтың ағымдағы есеп беру баяндамасында барлық салалар қамтылды. Асхат Сайдахметұлы аудан мен ауылдық округте әлеуметтік-экономикалық даму, азаматтарды толғандыратын мәселелерді шешу үшін қажетті барлық жағдайлар бар екенін атап өтті.
Көкпекті – облыстың малды ауданы. Өткен жыл соңында өңірлердің даму рейтингісінің қорытындысы бойынша біздің аудан екінші орынға ие болды. Аудан еңбеккерлерінің еселі еңбек, тынымсыз талпынысы мен әкімнің тәлімді тәжірибесі, іргелі істер өз нәтижесін беріпті. Қамба толық болса, халық аш болмайды. Сол секілді ауданның өсіп-өркендеуі, экономикалық өрлеуі, әлеуметтік жағдайдың артуы, тікелей қаражатқа байланысты. Егер қоржын қаңырап тұрса, артық қадам басу мұң. Сондықтан ең бірінші ауданның бюджеті толық болуға керек.
Асхат Сайдахметұлы нақты санға құралған, артық ауыз сөзі жоқ, нәтижесі көзге көрінген істің бәрін бір деммен баяндап шықты.
- Материалдық өндіріс саласын дамыту бюджетке тұрақты салықтық және басқа да міндеттемелер түсімдерін қамтамасыз етеді, оның қаржылық базасын нығайтады. 2020 жылдың 1 қаңтары жағдайына аудан бюджетінің кіріс бөлігі жоспардан 100,2% орындалып, 9329,9 млн. теңге түсім түсті, былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғандағы өсу қарқыны 143,6%. Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 98,7 пайыз орындалды. 2020 жылдың 1 қаңтары жағдайына ауданның меншікті кірістері бойынша жоспар 101,4% орындалды, былтырғы жылдың ұқсас кезеңінен 116,1% өсу қарқынымен 1181,3 млн. теңге түсім түсті.
Аудан бюджеті әлеуметтік бағыттылыққа ие. Бюджеттің негізгі үлесі білім беру саласына – 41,1%, әлеуметтік қорғау саласына – 8,4%, мәдениет саласына – 2,4% бағытталған, - деді. Сондай-ақ, жиында аудан әкімі білім, денсаулық, мәдениет және спорт салаларында тындырылған істерді баяндап, әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жасалған жұмыстардан да хабардар етті.
– Алдымызға қойылып отырған міндеттер жылдан-жылға артып келеді. Сол міндеттерді орындау халықтың талап-тілегіне сай жұмыс атқару, еліміздің көркейіп, дамуына нақты ісімізбен жауап беру - басты мақсатымыз. Ең бас-тысы оның барлығы халықтың әл-ауқатын арттыру үшін жасалуда, – деп аудан әкімі алдағы жылы атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды. Баяндамадан кейін облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Кәкенкаджиұлы Байахметов есепті оң бағалап, өз ойын айтты.

Осы жыл еншісінде тұрған басты міндет – Мемлекет басшысының Жолдауын негізге ала отырып, үкімет тарапынан қабылданған салалық бағдарламаларды жүзеге асыру. Аудан әкімінің баяндамасы тыңдалғаннан кейін тұрғындар көкейде жүрген сауалдарын қойып, өтініш тілектерін білдіріп, жылдық есепке бағаларын берді.
Алғашқы болып сауалын қойған Көкпекті ауылының тұрғыны зейнеткер Әбенов ақсақал мал бордақылау алаңы туралы, қараусыз қалған қариялар мәселесі бойынша өз ойын білдірсе, Южная көшесіндегі №36 пәтерлі үйдің тұрғыны Мәншүк Сагидулина аталмыш үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмегенін, ауруханада білікті мамандардың жоқтығы туралы наразылығын білдірді. Екі зейнеткерді мұқият тыңдаған аудан басшысы ауыл әкімі Қайрат Алғазиновке тапсырма берді. Сонымен қатар, жиында жазбаша да сұрақтар түскен болатын. Бірінші сауал балалар өнер мектебі қашан саз мектебі болып бөлек шығатыны және БЖСМ балаларды жаттықтыру үшін қажетті татамиді қашан алып беретіні жайында болды. Бұл сауалдарға аудан басшысы қысқа да нұсқа жауап бере келе, аудан спортына көңіл бөлу, балалалардың спорт жарыстарына қатысуына аудан қаражатынан тиісті іссапарлар үшін биыл ақша бөлінетінін жеткізді. Ал жиында сөз алған Көкжыра ауылының имамы Нұркен Қабиевтің ұсынысына ойланып шешімін айтатын жеткізді.
Өз кезегінде аудан басшысы қойылған сұрақтарға жауап беріп, тұрғындар көтерген мәселелердің орындалуы, мемлекеттік, өңірлік бағдарламалардың сапалы, уақытылы жүзеге асырылуы қатаң бақылауда болатынын, шешімін таппаған мәселелер бюджетке байланысты кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
Кездесу соңы жылы да жақсы көңілмен бітіп жатты. Өйткені, кездесуге келген әрбір жан өз сауалына ашық әрі нақты жауап алды. Ең бастысы әкімдік басшылығының жоспары адамдар мүддесімен үндесіп жатты. Бір сөзбен айтқанда, аудандық билік пен тұрғындар бір толқынмен алға қарай басуда. Жалпы алғанда былтырғы жылы ауданда іргелі істер мен ірі жобалар іске асырылып, көптеген жұмыстар қолға алынды. Аудан әкімінің бір жыл бойы атқарған жұмысына аудан халқы жақсы деген бағасын берді.
Самарқан Қалисатарұлы Жотабаев, «Қалисатарұлы» ШҚ басшысы:
- Аудан әкімінің есебін мұқият тыңдадым. Қанағаттанарлық деп баға беремін. Ең бастысы, еліміздегі тыныштық пен татулықтың қаймағы бұзылмасын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді ғой. Басқа шаруаларды ауданымыздың еңбексүйгіш халқымен біртіндеп, күнделікті ағыммен тындыратынымыз анық.

Ерлан Зинатоллаұлы Низамиев, Аққала ауылдық округінің имамы:
- Бүгінгі күні ауылда еңбек етімін деген жанға кәсіп жетіп артылады. Жергілікті билік, шаруа қожалықтары да халыққа қолдау болып отыр. Тіпті біздің тумалар да туған ауылын назарда ұстайды. Осының барлығы елдегі тату-тәтті тіршілі пен береке-бірліктің арқасы. Сол үшін де Елбасының амандығын тілейміз, елдің тыныштығын қалаймыз.

Айсұлу Айғалиқызы Егеубаева, Үлкенбөкен мектеп-бала-бақша кешенінің директоры:
- Жылына бір мәрте өткізіліп отыратын осындай келелі кеңеске ауыл тұрғындары кеңінен қамтылғаны қуантады. Атқарылған жұмыстар елдің алдында айтылып, халықтың талқысына салынуы халықтың билікке деген сенімін нығайта түсетіні сөзсіз. Әкімнің алдында пікірін ортаға салуға мүмкіндік алатын ауыл тұрғындары үшін де берері мол

Акашева Гүлжан, Ж.Шайжүнісов орта мектебінің хатшысы:
- Жыл сайынғы есептік кездесулер халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналғаны қуанышты. Көпшілік көптен күтетін науқан. Есептік баяндамадан мемлекеттік бағдарламалардың аудан дамуына қосқан орасан әсерін анық байқауға болады. Өңірлік бағдарламалардың сәтті жүзеге асырылуы халықтың әл-ауқатын арттыруға тікелей әсер етеді.

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз