Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

В период с 8 по 10 марта горный курорт Шымбулак стал центром внимания фристайл-сообщества со...

АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ ПОЗДРАВИЛ ЖИТЕЛЬНИЦ ОБЛАСТИ С МЕЖДУНАРОДНЫМ ЖЕНСКИМ ДНЕМ

На торжественную церемонию, которая прошла 7 марта в городе Семей, были приглашены 80...

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗНАМАНЫҢ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

14 Наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына...

ОБЛЫС ӘКІМІ АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

7-наурыз күні Семей қаласында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев аруларды мерекемен құттықтады. ...

  • «Могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша фристайлдан FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңдерінің қорытындысы

    «Могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша фристайлдан FIS Әлем...

    19.03.2024 11:32
  • Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

    Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и...

    19.03.2024 11:28
  • АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ ПОЗДРАВИЛ ЖИТЕЛЬНИЦ ОБЛАСТИ С МЕЖДУНАРОДНЫМ ЖЕНСКИМ ДНЕМ

    19.03.2024 05:58
  • КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗНАМАНЫҢ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

    19.03.2024 05:49
  • ОБЛЫС ӘКІМІ АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    19.03.2024 05:49

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні ауданымызда жыл сайын ерекше сән-салтанатпен аталып өтіледі. Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Бұл – экономиканың ең маңызды саласының бірі. Халық тұтынысына қажетті тауарлардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Бар күш-жігерін дәл осы салаға салып, ырыздығын жерден көрген дихандар үшін бұл басқосу дүбірлі думанман деңгейлес. Себебі шаруалар жаздай көрген қиыншылығының жемісін осындай думанды кеш аясында айқын сезінеді. Бір жылдық еңбегінің бағасын біледі. Машақаты мол міндеті үшін зор марапат алады. Аудан аумағында аталып өтілген айтулы күн аясында ауылшаруашылық саласы мамандарын жергілікті билік өкілдері құттықтады.

 Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің төл мерекесі – ел ырысын еселеген жандар үшін шуақты күндердің бірі. Атаулы күні Көкпекті ауданында осы сала қызметкерлерінің қажырлы еңбегі еленіп, құрмет көрсетілді. 28 қараша күні Самар ауылында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мәдени шараға ауданның мемлекеттік мекеме басшылары, аудан кәсіпкерлері, шаруа қожалықтарының басшылары, ветеринария және ауыл шаруашылығы салаларының мамандары қатысты. 

Ел өмірінде алар орны ерек саланың үздіктеріне арналып, сәулеті келіскен Самар ауылындағы «Нұрлан» мейрамханасында мерекелік дастархан жайылды. Жер-Ананы идіріп, қырманды қызыл дәнге толтырғандар мен төрт түлікті төлдетіп, қораны малға толтырған өз ісінің майталман мамандарын аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов салтанатты түрде құттықтады.
- Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Тірліктегі нәпақасын ауыл шаруашылығымен сабақтастырып, саналы ғұмырын осы салаға арнаған, оның дамуына айтарлықтай үлес қосып келген аталмыш саласының мамандары мен ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіп, шынайы ризашылығымды білдіргім келеді, – деді аудан басшысы.
Мерекелік шарада еселі еңбегімен ел экономикасын өркендетуге сүбелі үлес қосқаны үшін бірқатар еңбек озаттары лайықты марапаттарға ие болды.
Мерекелік кеш барысында әннен шашу шашылып, жылы лебіздер легі толассыз ағылып жатты. Жылдың төрт мезгілінде тынбай еңбек етіп, құрмет көрсету рәсіміне құр келмеген ауыл еңбеккерлері осылайша ұлықталды.

Нұрғазы Нұрқасымұлы Күркебаев, Үлгігімалшы ауылының тұрғыны, ауыл-шаруашылығында 40 жыл еңбек еткен зейнеткер:
- Құрметті жерлестерім, еңбектеріңізді жер жүзін-дегі ең қажетті де, аса маңызды қызметке арнаған өздеріңіздей мамандарды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Халықтың «Ас атасы - нан» деген дана сөзінің терең мағынасы қоғамның барлық даму кезеңдерінде құпталып келеді. Осы сәтті пайдаланып, ауданымыздың бетке ұстар азаматтарын ауылдары үшін жасаған игі істеріне ағалық алғысымды білдіргім келеді. Ауыл шаруашылығының еңбекшілері мен ардагерлеріне еліміздің өркендеуіне атқарар алдағы еңбектеріне тек қана табыс, зор денсаулық, ырыс, құт-береке, бақыт тілеймін.


Жарқын Бауедимов, «Мал дәрігері зерт-ханасының" директоры:
- Ауылшаруашылық қыз-меткерлері күні қарсаңын-да сіздерді кәсіби мереке-леріңізбен құттықтай отырып, ауылшаруашылық саласын өркендетуге үлес қосқандары үшін аграрлық саланың барлық қызметкерлеріне шын жүрегімізден алғысымды айтып, келешекте де зор табыстар тілеймін.
Ауылда еңбек ететін жандардың барлығына зор денсаулық, отбасыларына береке мен молшылық, тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін жасап жатқан еңбектеріне табыс тілеймін! Самар жерінде өтіп жатқан бүгінгі мерекеге жиналған қауымды айтулы күнмен құттықтаймын. Мерекелеріңізбен!


Дүйсенбай Баяхметұлы Байсеңгіров, ҚР АШМ АӨК МИК "Республикалық фитосанитарлық диаг-ностика және болжамдар әдістемелік орталығы" РММ ШҚО Көкпекті аудандық филиалының басшысы:
- Елбасы Нұрсұлтан Әбіш-ұлы Назарбаев Еліміздің тағдырындағы ауылдың маңыздылығына мән беріп былай айтқан: «Жер абаттанса, ел ауқаттанады. Ауылдың амандығы - елдің амандығы». Бұл сөздердің мағынасы терең екені сөзсіз. Әрбір елдің, мемлекеттің бар болуы, әрі дамуы экономиканың осы саласына, оның ахуалына тура тәуелді болады. Сондықтан да, осы салада еңбек етіп, өзінің бар күш-жігерлерін жұмсап отырған қызметкерлерін нағыз еңбекқор адамдар деп айтсақ, болар. Сіздердің еңбектеріңіздің арқауы - ауданымыздың сондай-ақ, облысымыз бен еліміздің мәртебесі. Барлықтарыңызды мерекемен құттықтай келе, отбасыларыңызға амандық тілеймін.


Рашид Қахарманұлы Далабаев, «Қахарманұлы» ШҚ басшысы, Сарыбел ауылы:
- Құрметті ауыл еңбек-керлері, ардагерлер! Кәсіптік мереке Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні құтты болсын! Диқандардың, малшылардың, механи-заторлардың, басқа ауыл шаруашылығы мамандары-ның еңбегі - ел экономикасын дамытуға қосылған баға жеткісіз үлес.
Сіздерді кәсіптік мереке-леріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, өркендеу, құт-береке және Отанымыз Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа да жоғары еңбек жетістіктерін тілеймін!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз