«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ су тасқынынан...

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Мечеть Махмут-бей в деревне Касаба в Кастамону — последнее сооружение на маршруте анатолийских...

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамонудағы Қасаба ауылындағы Махмут бей мешіті Анадолы ағаш мешіттерінің жолындағы соңғы...

  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10
  • ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    08.04.2024 07:13
  • Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    04.04.2024 05:04
  • Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    04.04.2024 05:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауылдарымызды абаттандыру және олардың санитарлық жағдайы туралы мәселе басшылықтың ең өзекті тақырыбы. Таза ортаны қалыптастыру тазалық жасаудан емес, ластамаудан басталады. Қандай себеппен екені белгісіз, Көкпекті ауылдық округінің тұрғындары бұл қарапайым шындықты ұмыта бастады. 

Сенбілік мәселесінен бөлек, бүгінгі таңда тұрмыстық қалдықтарға арналған жергілікті қоқыс үйіндісінің жағдайы ұзақ уақыт бойы шешілмей келе жатқан мәселе күйінде қалып отыр. Өткен жылы қоқыс төгу орны Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектептің аумағынан тысқары орналасқан жер теліміне ауыстырылды. Осы аз уақыт ішінде бұл аумақ жергілікті басшылықтың «бас ауруына» айналды.


Оның себебі баяғы сол жергілікті тұрғындардың салғырттығы. Қоқыс тастайтын жердің белгіленген шекарасы болса да, тұрмыстық зат қалдықтары оның шетіне шығып кететіні де жасырын емес. Соған қарағанда қоқыстарды белгіленген орынға апарып төгу біздің тұрғындар үшін басы артық жұмыс боп есептелетін сияқты.
Учаскелік полиция инспекторлары – лейтенант Нұрлыбек Саден мен майор Жасұлан Разаевпен бірге біз "қылмыс орнына" барып, мәселенің ауқымын анықтап қайттық.
Бұл аумақтағы жағдай шынымен де өкініш тудырады. "Қоқыс жолының" мөлшерлі жерге жетпей-ақ басталып кететіні таңғалдырды. Сонымен қатар, біз сапарымыздың кезінде бір ауыл тұрғынын заңды белшесінен басып, рұқсат етілмейтін жерге қоқыс қалдықтарын төгіп жатқан әрекетінің үстінен түстік. Учаскелік полиция инспекторлары ол кісімен профилактикалық сұхбат жүргізді. Құқықбұзушылық алғаш рет орын алғанда тек ескерту жасалады. Дегенмен егер азамат екінші рет осындай әрекетпен ұсталатын болса, жаза қатал болады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодексінің 505 бабы - Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілеріне нұқсан келтіру, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және бүлдіру:
1. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілеріне нұқсан келтіру, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және бүлдіру – жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе 20 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 40, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған құқықбұзушылық әрекеттері орын алған жағдайда: жеке тұлғаларға – 30, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 40, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 50, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Бұндай жағдайлардың пайда болуына қандай себептер әсер етті? Неге біздің ауыл тұрғындары өз аумақтарын тазартуға қатысудан бас тартқанды былай қойғанда, тұрмыстық қалдықтарды арнайы бөлінген орынға апарып тастауды да қадалағасы келмейді? Біздің округтің және ауданның әрбір тұрғыны осы сұраққа өзі жауап беруі тиіс. Бұл "біреу" үшін емес, барлық және жеке алып қарағанда әрбір адам үшін мәселе болып табылатынын түсіну маңызды. Сіздердің мінез-құлықтарыңыз өсіп келе жатқан ұрпақ үшін үлгі болатынын ұмытпаңыздар! Және олар келешекте біздің бүгін алдын алуымызға болатын экологиялық мәселелердің құрбаны болуы әбден мүмкін.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз