Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

В период с 8 по 10 марта горный курорт Шымбулак стал центром внимания фристайл-сообщества со...

АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ ПОЗДРАВИЛ ЖИТЕЛЬНИЦ ОБЛАСТИ С МЕЖДУНАРОДНЫМ ЖЕНСКИМ ДНЕМ

На торжественную церемонию, которая прошла 7 марта в городе Семей, были приглашены 80...

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗНАМАНЫҢ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

14 Наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына...

ОБЛЫС ӘКІМІ АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

7-наурыз күні Семей қаласында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев аруларды мерекемен құттықтады. ...

  • «Могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша фристайлдан FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңдерінің қорытындысы

    «Могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша фристайлдан FIS Әлем...

    19.03.2024 11:32
  • Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

    Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и...

    19.03.2024 11:28
  • АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ ПОЗДРАВИЛ ЖИТЕЛЬНИЦ ОБЛАСТИ С МЕЖДУНАРОДНЫМ ЖЕНСКИМ ДНЕМ

    19.03.2024 05:58
  • КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗНАМАНЫҢ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

    19.03.2024 05:49
  • ОБЛЫС ӘКІМІ АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    19.03.2024 05:49

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданында егін ору науқаны басталды. Алғаш болып іргелі шаруалар күзгі жиын-терімге кірісті. Таяу күндері өзге де диқандар дәнді-дақылдарға орақ салады. Мамандар биылғы егістің шығымы жақсы дейді. Егін ору науқанын Марат Каликовтың «Қалиқанұлы» шаруа қожалығы егістік алқабынан өз көзімізбен көріп, мамандардың дерегіне қанық болдық. 

Биыл Көкпекті ауданында егілген дәнді дақылдардың егіс алқабы 82.5 мың гектарды құрайды. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Расул Сармановтың айтуынша, егіннің шығымы тәуір. Күзгі жиын-терім де уақытында басталған. Бүгінгі күнге дәнді дақылдардың 12,6 пайызы орылыпты. 11 мың тоннадан астам астық қамбаға құйылған.


– Биылғы жиын-терім науқанындағы өнімділік деңгейі жақсы. Аудан бойынша орташа алғанда гектарына 11 центнерден айналуда. Қазір егістік алқабын көріп отырған «Қалиқанұлы» шаруа қожалығының жиын-терімі гектарына орташа есеппен 13 центнерден. Бұл бірінші кезекте қолайлы ауа-райының әсерінен. Жалпы «Қалиқанұлы» қожалығының дәнді дақылдар алқабы 400 гектар. Аудандағы барлық шаруалар күзгі науқанға толық дайын. Қажетті техникалардың 100 пайызы әзірлікпен жұмысқа кірісті. Биылғы жылы диқандар жаңадан 4 комбаин сатып алды. Бұл дегеніміз науқан қызған шақта жұмыс өнімділігін арттыруға тамаша мүмкіндік, - дейді Расул Мұратұлы.
Егіннің шығымы жақсы болады деген мамандар, биыл әр гектарынан алынатын түсімнің де жоғары болатынына сенімді. Әрі жиын-терімнің үздіксіз жүргізілуі үшін мемлекеттің қолдауымен арзандатылған жанар-жағар май да бөлінген. Өз кезегінде біз биылғы егін орағы науқанының барысымен апта сайын оқырмандарды таныстырып, барынша жаңа жаңалықтарды жеткізіп тұратын боламыз.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз