«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ су тасқынынан...

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Мечеть Махмут-бей в деревне Касаба в Кастамону — последнее сооружение на маршруте анатолийских...

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамонудағы Қасаба ауылындағы Махмут бей мешіті Анадолы ағаш мешіттерінің жолындағы соңғы...

  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10
  • ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    08.04.2024 07:13
  • Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    04.04.2024 05:04
  • Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    04.04.2024 05:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Облыс әкімі Д.Ахметовтың басшылығымен жасалған жоба аясында тұрмысы төмен, көпбалалы аналарға кешенді көмек көрсету жұмыстары бір мезетте облыс бойынша 230 жанұяны қуанышқа кенелтті. Шілде айының 11 жұлдызы Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде аудан әкімі А.Смаилов баспаналы болған 34 отбасыға салтанатты түрде үйдің кілтін табыстау рәсімі өтті.

 

Мерекелік іс-шара мәдениет үйі әртістерінің орындауындағы «Сарыарқа» күйімен шымылдық түрді. Шараға қатысушы аналардың көздері бал-бұл жайнап, қуаныштарында шек жоқ екендіктері көрініп отырды. «Кез-келген адам ананың аялы алақанынан нәр алып, махаббатына марқайып өседі. Ана дегенде көңілі тебіренбейтін, ет-жүрегі елжіремейтін адам кемде-кем. Өйткені адамзат баласы алғаш дүниеге есігін ашқанда ананың ақ сүтінен қуат алады, ана құшағына еніп, мейіріміне бөленеді. Халқымыз «ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді. Аналар бір шаңырақтың ғана емес, тұтас елдің ұйытқысы. Егер әр отбасында ана бақытты болса, онда біздің тұтас еліміз де бақытты деуге болады. Осыны ескерген облыс басшысы Даниал Кенжетайұлы аналардың жағдайын жақсартуды басты назарда ұстап отыр. Өздеріңізге белгілі ағымдағы жылы аз қамтылған отбасыларды үймен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 1,5 млрд қаржы жұмсалған, оның ішінде 8 млн үй сатып алуға, 800 млн теңге үйлерді салып беруге жұмсалған оған қосымша облыс әкімі бюджеттен тыс көздер есебінен облыс аудандарында кезекте тұрған көпбалалы отбасыларды тұрғын-үйлермен қамтамасыз етудің арнайы 3 деңгейлі бағдарламасын әзірлеген, бұл бағдарлама әдейілеп тұрып ауылды жерлерде тұрып жатқан көпбалалы аналарға арналған бағдарлама, республика бойынша тұңғыш атқарылып отырған іс-шара Д.Ахметовтың ерен еңбегі» деді Асхат Сайдахметұлы. Кілт табыстау рәсімінен кейін алтын құрсақ аналар себепші болған барлық ел ағаларына алғыстарын айтып, шексіз қуанышты екендіктерін білдірді. Мерекелік іс-шара аяқталысымен аудан әкімі көпбалалы аналар  А.Гусейнова мен Ә.Мұхамадиеваның үйіне барып жаңа қонысымен құттықтап, үйдің жай-күйіне оң баға беріп қайтты. Көпбалалы аналар өз кезегінде аудан басшысына зор алғысын білдіріп, қажымас күш-қайрат денсаулық тіледі.

З.Қамзаева, көпбалалы ана:

- Бала - көңілдің қуанышы, өмірдің жалғасы. Бүгін өз ұрпағымның болашағы үшін үлкен бір оң қадам жасалды, ол әрине баспана. Өз тарапымнан  Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына   және облыс әкімі Даниал Кенжетайұлына шексіз алғысымды білдіремін.  Осы баспананы кішкентай қызымның 2 жасқа толған туған күніне үлкен сыйлық деп қабылдадық, барлықтарыңызға үлкен рахмет!

Ш.Бүлдірген, көпбалалы ана:

- Бізбен бірге кілт алған барлық отбасыларды   баспаналы болуымен шын жүректен құттық-таймын, ел іргесін берік ұстайтын адал азаматтарды тәрбиелеп өсірулеріне тілектеспін. Тамаша бастаманы жүзеге асырған облыс басшысы Даниал Кежетайұлына алғыстан басқа айтарым жоқ. Халықтың ақ батасын алып, жұрттың разылығына бөлене беріңіз!

Айдын ТОҚСАНОВ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз