«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ су тасқынынан...

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Мечеть Махмут-бей в деревне Касаба в Кастамону — последнее сооружение на маршруте анатолийских...

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамонудағы Қасаба ауылындағы Махмут бей мешіті Анадолы ағаш мешіттерінің жолындағы соңғы...

  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10
  • ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    08.04.2024 07:13
  • Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    04.04.2024 05:04
  • Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    04.04.2024 05:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында туған жерінің өсіп-өнуіне еңбегі сіңген азаматтарды ардақтау керектігі айтылған болатын. Осы бағдарлама аясында Көкпекті ауылындағы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте білім беру ісіне бар ғұмырын арнап, айшықты із қалдырған азамат, Қазақ ССР-іне Еңбек сіңірген қызметкер, Социалистік Еңбек Ері Жақия Шайжүнісовтың есімін ұлағатталған шара өтті.


Жақия Шайжүнісовтың педагогикалық жолы – мейірім мен жанашырлықтың, қамқорлықтың, қайырымдылықтың, рақымшылдықтың, төзімділік пен сабырдың және балаға деген махаббат пен сүйіспеншіліктің үлкен мектебі.
Балалар үйінің ыстығына күйіп, суығына тоңып, «Қайтсем осыларды адам қатарына қосамын» - деген тілектегі адамгершілік парызын ғұмырына арқау еткен жан Жақия Шайжүнісов. Панасыздарды киімі бүтін, тамағы тоқ дәрежеге жеткізумен бірге, патриоттық, адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиесімен баулып, олардың рухани дүниеден шет қалмауына күш-жігерін салды. Сол кездегі оқу мен еңбекті ұштастыра жүргізіп, жастық жалын мен азаматтық қасиетті қатар ұстаған Жақия Шайжүнісұлы түн ұйқысын бөліп, жарғақ құлағы жастыққа тимей, панасыздарға аға орнына аға, әке орнына әке, шеше орнына шеше бола білген. Осылайша, үлкен жүректің жылуы талай жанның бойында өмір отын маздатты. Аумалы-төкпелі заманда түрлі қиындықтардың салдарынан тағдырдың соққысына ұшыраған қамкөңіл жетімдермен ұзақ жылдар бойы тапжылмастан еткен үздіксіз де қажырлы еңбегі үшін Ж.Шайжүнісовке әуелі «Қазақ КСР-не еңбек сіңірген мұғалім», ал 1968 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Қазіргі таңда кезінде Жақия Шайжүнісұлының шарапатына бөленген, ел шаруашылығының сан саласына кірпіш болып қаланған түрлі ұлт өкілдерін құрайтын азаматтар мен азаматшалар жүздеп, мыңдап саналады. Ұстаздың жарқын бейнесі олардың санасынан ешқашан өшпек емес.


Көкпекті балалар үйін аймақтағы ең мәртебелі мекемеге айналдырып, өзі ұзақ жылдар басқарған мекемені Одақ көлеміне әйгілі еткен мерейлі ұстаздың алақанының жылуын сезініп, қамқорлығын көріп өскен шәкірттері оны сағына, аса бір сүйіспеншілікпен, мақтанышпен еске алады.
Биылғы жылы ауданымыздың мақтаны, ардақты ұстаз Жақия Шайжүнісовтың туғанына 105 жыл толды. Осыған орай Жақия Шайжүнісов білім ордасы атына сай, атағына лайық іс-шаралар өткізуде. Мектеп ұжымының айлық жоспарлары аясында бірнеше шаралар өтті. Атап айтатын болсақ, мұражайда Ж.Шайжүнісов туралы ақпараттар жинау, балалар үйінің Жақия Шайжүнісов қызмет еткен кездегі тәрбиеленушілерінің естеліктерін жинастыру жұмыстары, «Асыл бейне» атты ұстаз туралы фильмдер көрсетілімі және «Қалдырған ізің мәңгілік» атты аудандық мүшайра, 5-7 сынып оқушылары арасындағы ұстазға арналған сурет және қолөнер көрмесі мұғалімдер арасында аудан деңгейінде «Мың баланың әкесі» тақырыбында конференция, «Тұлғаңды арманыма ұстатқаның» атты ұстаздар туралы әндерден байқау ұйымдастырылды. Оқушылар арасында «Тоғызқұмалақтан», «шахматтан» турнир өтті.
Ұстаздың 105 жылдық мерейтойына арналған шара ағымдағы жылдың 6 мамыр күні «Ізгілікті өмір» атты салтанатты кеш және волейболдан аудандық ашық біріншілікпен қорытындыланды.
Бұл күні келген қонақтарды мектептің оқуда озат, талантты да талапты, спортшы балалары үлкен қошеметпен қарсы алды. «Той атымен тон тігіледі» демекші, ұлағатты ұстазды еске алу шарасында оның көзі тірісінде бірге еңбек етіп және де Жақия атамыздың бар ғұмыры өткен Қ.Раев атындағы балалар үйінде қызмет еткен азаматтар келіп кештің ажарын ашты. Атап айтқанда, Қаршыға Тыныбаев, Бақыт Мүлікова, Галина Орсаева, Раушан Қоржынбаева, Ләйлә Өзбекова, Қаршыға Имекенұлы, Хафиз Құсайнов, Көкпекті ауылдық округі әкімінің орынбасары Нина Укешова мен бас маман Құралай Қонақаева, Күләш Жоламанова, наиб имам Кенжебек Ахметқалиев, Сәбит Темірханов болды.
Көзкөрген, заманында әріптес болған кеш қонақтары Жақия ағамыздың жарқын жүзін, еңбек жолын еске алып, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.
Кештің құрметті қонақтары алдымен спорт залда өткен волейболдың ашылу турниріне қатысты. Ресми шара акт залында өткен концерттік бағдарламамен жалғасты. Акт залындағы мерекелік шарада балғындар ұстаз туралы ән-жырларын шырқады. Сондай-ақ, ұстаз туралы «Дом родной» кинофильмі көрсетілді.
Ұлы ұстаздың есімін ұлықтауға арналған аудандық турнирге барлығы 8 команда үлкен және кіші топ болып бөлініп ойын көрсетті. Ойын нәтижиесі бойынша кіші топтар арасында І орын Самар ауылындағы БЖСМ оқушылары (жаттықтырушысы: М.Абаев), ІІ орын Көкпекті ауылындағы БЖСМ оқушылары (жаттықтырушысы: А.Нұрмұхамбетов), ІІІ орын (жаттықтырушысы Д.Оспанов) ие болды. Ал, үлкен топтар арасында І орын үлкенбөкендіктер (жаттықтырушысы Д.Оспанов), ІІ орын Амангелді (Көк-жыра жаттықтырушысы М.Токов), ІІІ орын Самар ауылындағы БЖСМ (жат-тықтырушысы М.Абаев) қанжығалап қайтты. Ойын соңында жеңімпаздар арнайы мадақтамалармен және арнайы медальдармен марапатталды.
Француз ойшылы Жан Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» деген қанатты сөзі Жақия Шайжүнісов атамыздың бар болмысын ашып тұрғандай. Ол ғұмырын осы киелі мамандыққа бағыттап, ұстаздықты өмірдің мәні мен мағынасы деп ұғына білген жан. Ардақтаған елі «біздің Жақаң» «Жақия аға» деп кеткен Шайжүнісов өз дәуірінің лайықты азаматы бола білді, заманының әділ бағасын алды. Оның жұлдызы өзі шыққан Толағайдан асып, бүкіл қазақ жеріне елжандылық пен мейірімділік белгісіндей жарқырайды.
Галина Михайловна Орсаева, педагог, еңбек ардагері:
- Сұрапыл соғыс жылдары мен соғыстан кейінгі қайта қалпына келтіру кезінде әр отбасында қиындық болды. Ал, балалар үйі сынды үлкен отбасындағы қиындықтардың салмағы тіптен көп еді. Осындай ел басына күн туған ауыр кезеңде балалар үйін басқарып, оны аяғынан тік тұрғызу жолында Жақия Шайжүнісұлының төккен тері мен күш-қуаты ұшан теңіз. Айта берсем, ұлағатты ұстаз, мерейлі әке туралы аңызға бергісіз естеліктердің ұшы-қиыры жоқ. Мені және менімен тағдырлас мыңдаған жетім баланы кездестіргені үшін үлкен жүректі Ұстаз алдында басымызды иіп, шексіз алғыс айтқымыз келеді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз