Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

В период с 8 по 10 марта горный курорт Шымбулак стал центром внимания фристайл-сообщества со...

АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ ПОЗДРАВИЛ ЖИТЕЛЬНИЦ ОБЛАСТИ С МЕЖДУНАРОДНЫМ ЖЕНСКИМ ДНЕМ

На торжественную церемонию, которая прошла 7 марта в городе Семей, были приглашены 80...

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗНАМАНЫҢ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

14 Наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына...

ОБЛЫС ӘКІМІ АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

7-наурыз күні Семей қаласында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев аруларды мерекемен құттықтады. ...

  • «Могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша фристайлдан FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңдерінің қорытындысы

    «Могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша фристайлдан FIS Әлем...

    19.03.2024 11:32
  • Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

    Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и...

    19.03.2024 11:28
  • АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ ПОЗДРАВИЛ ЖИТЕЛЬНИЦ ОБЛАСТИ С МЕЖДУНАРОДНЫМ ЖЕНСКИМ ДНЕМ

    19.03.2024 05:58
  • КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА НАУРЫЗНАМАНЫҢ ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

    19.03.2024 05:49
  • ОБЛЫС ӘКІМІ АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    19.03.2024 05:49

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұлы Жеңістің туы тігілгелі де 74 жыл уақыт өтіпті. Жыл сайын мамыр айының алғашқы аптасымен келіп жететін Ұлы мерекені еліміз республика көлемінде жоғары дәрежеде атап өтіп келеді. Бұл күндері елімізде ардагерлерімізге құрмет көрсетіліп, майдан даласында шейіт болған боздақтар рухына тағзым етіліп, ұлы ерлік жаңғырады. 

 

Биылғы жеткен Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесін аудан жұртшылығы да бір кісідей, өз дәрежесінде ұлықтап, атап өтті. Мереке қарсаңында мекеме-ұйымдар мен білім, тәрбие, мәдениет ошақтарында ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында әртүрлі ізгі шаралар өтті.
Мерекелік жиын мекеме-ұйымдардың салтанатты шеруімен ашылды. Бұдай кейін майдан даласында шейіт болған боздақтар мен бүгінде ортамызда жоқ ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етілді. Сахна төріне көтерілген аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов барша аудан халқын Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесімен құттықтады. Ұлы Отан соғысына қатысқан ауданымыздың ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімдерін атап, ардақты ардагерлерге ақ тілегін білдірді. Аудан басшысы өз құттықтауында Ұлы Жеңістің ұлағаты жөнінде айта келіп, елімізге тыныштық, әрбір отбасына амандық тіледі.
- Бүгiн 9 мамыр - Жеңiс күні. Бүгінгі күні Отан үшiн от кешiп, кеудесiн оққа тосқан ардагерлердiң қатары саусақпен санарлықтай ғана қалды. Ұлы Отан соғысы жыл санап тарихтың қойнауына бойлап бара жатса да, оның қаһарлы сызы ешқашан ұмытылмақ емес. Халқымыздың батыр ұлдары мен қыздарының майдандағы ерлiктерiн, «Бәрi де майдан үшiн, бәрi де жеңiс үшiн!» деген ұранмен еңбек еткен тыл еңбеккерлерінің ерлiк iстерiн үлгi тұту – бәрiмiзге ортақ міндет. Кейінгі ұрпақ олардың мәңгiлiк өшпес рухы алдында бас иедi! Ұлы Жеңiс күнi құтты болсын!, - дедi өз сөзінде Асхат Сайдахметұлы.
Құттықтау сөзден соң аудан басшысы Ұлы Отан Соғысының ардагері Елеусіз Кинбаев ақсақалға сыйға плазмалық теледидар берді. Сөз кезегінде соғыс ардагері Елеусіз Кинбаев: - Біз елімізді жаудан ерлікпен қорғадық. Ал бейбіт күндерде еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек етіп, қандай шаруаға да белсене қатыстық. Барлық Көкпекті ауданы тұрғындарын, майдандас достарымды, замандастарымды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын. Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін,- деді. Сондай-ақ, жастар атынан Аққала ауылындағы Октябрь мектеп-балабақша кешенінің мұғалімі Мирас Оразбекұлы жиналғандарды айтулы күнмен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Мерекелiк шара мәңгiлiк алауға гүл шоқтарын қоюмен жалғасты. Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерді жиналған қауым бiр минуттық үнсiздiкпен еске алды. Құттықтау сөзден кейін Ұлы Жеңістің 74 жылдығына әзірленген соғыс жылдарын сомдаған көріністері мен концерттік бағдарламасына ұласты.

Бұл күні соғыс жылдарындағы, сондай-ақ Ұлы Жеңісті дәріптеген әндер шырқалып, әртүрлі сахналық қойылымдар көрсетілді. Осындай мағынасы терең, ауқымы кең сахналық қойылымдарды дайындап, актерлік шеберліктерін байқатып, шынайы образ жасай білген Шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүкті сомдаған Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп және Рейхстагқа Ту тіккен Р.Қошқарбаевты көрсеткен Көкпекті орта мектептерінің ұжымы мен оқушылары, 28 Панфиловшыларды «Балерке», «Көкпекті-Толағайы», «Шуақты Шұғыла» балабақша ұжымы, ал Шәріптоғай мен Ажа ауылындағы білім ордаларының ұжымдары мен оқушылары қазақ батыры партизан Қасым Қайсеновпен тылға түскен тұтқындардың өмірін көрсетсе, Көкпекті ауылындағы Балалар өнер мектебі соғыстың алғашқы жылдарын көрсеткен қойылымдарына аудан халқы риза болып, қошемет көрсетті. Бұдан кейін ауданымыздың жезтаңдай әншілері, бірнеше дүркін байқаулардың жеңім-паздары А.Фархатқызы, А.Жеңісова және Д.Манарбеков салған әсем ән Жеңіс күнін шырайландыра түсті.
Майдангерлеріміздің Отан қорғауда жасаған ерліктері мәңгілік, ол уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Отанға қалтқысыз қызмет етудің үлгі-өнегесін көрсеткен жеңімпаз бабаларымыздың рухына бас иеміз. Тәуелсіз мемлекетімізде, қазақ жерінде Көкбайрағымыз мәңгі желбірей берсін, елімізде бейбітшілік мәңгі орнасын!
Қорыта айтқанда, ауданымызда Ұлы Жеңіс мерекесі өз мәнінде ұлықталды. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Керісінше жылдар өткен сайын, Ұлы ерлік жаңғыра бермек.

Қайса Балшынов, зейнеткер, тыл еңбеккері:
- Жеңіс күні тек соғыс ардагерлерінің ғана емес, барша қазақстандықтардың айрықша мерекесі. Бұл сұрапыл соғыста жанқиярлықпен ерлік жасаған, елі үшін жанын құрбан еткен бабалар рухына тағзым етудің, қиян-кескі ұрыстан аман келген ата-әжелерді құрметтеудің нағыз үлгісі көрсетілетін күн. Биыл да Жеңістің 74 жылдығы мерекесі ауданымызда ерекше сән-салтанатпен аталып өтуде.
Майдан Жомартов, Көкпекті ауы-лының тұрғыны:
- Бұл барлығымызға ортақ мереке. Жерлестеріміздің Жеңіске қосқан үлесі өлшеусіз. Сіздер сыйлаған бейбіт өмірде бүгінде еліміз дамып келеді. Сіздерге әрқашан құрмет көрсету біздің парызымыз, мерекелеріңіз құтты болсын!

Жаңыл Дәуітқазы, Ажа ауылының тұрғыны:
- Ұлы Отан соғысы біздің халқы-мыздың, аға буын өкілдерінің, біздердің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан оқиға болса, Ұлы Жеңіс күні аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Сондықтан, барлық жерлестерімізді жарқын мерекемен құттықтаймын!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз