Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ су тасқынынан...

  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10
  • ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    08.04.2024 07:13

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Елбасының Жарлығына сәйкес аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаиловтың халық алдында есеп беру кездесулерінің соңғы күні, кестеге сәйкес, 5 ақпанда аудан орталығы Көкпекті ауылында өтті. Әдеттегідей, әр жылдың қорытындысын шығарып, жаңа жылға тың серпін беретін міндеттер талқыға салынатын әкімдердің есеп беру кездесулері билік пен тұрғындар арасын жақындатып қана қоймай, көкейде жүрген бірқатар түйткілді сұрақтардың оң шешімдерін табуға да жол ашатыны рас.

 

Елімізде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен облыс, қала және аудан әкімдерінің халық алдында есеп беруі бүгінгі таңда бұлжымас дәстүрге айналып кетті. Осы жүзбе-жүз кездесулерде жұртшылық әкімдерге өз тұрғылықты жерлеріндегі өзекті мәселелерді батыл айтып, келесі жылы оның қалай шешілгендігі туралы жауаптарына қанығатын болды. Әрине, бұдан басқа халық пен билік арасында мәселенің шешілуіне әкімдіктерде ашылған сайттар, сенім телефондары мен жәшіктері де тиімді жол болып отыр.
Бұл күні Қ.Алтынбаев атындағы орталық мәдениет үйіне жиналған халықтың нөпірі көп болды. Есептік жиынға арнайы ат басын тіреген Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Қасымбекұлы Ақтанов, ардагер ақсақалдар, ауылдық округ әкімдері, шаруашылық басшылары, дербес бөлім басшылары, заң органдарының қызметкерлері, дәрігерлер мен ұстаздар, қара-пайым ауыл тұрғындары қатысты.

Көкпекті ауданының әкімі Асхат Сайдахметұлы есептік баяндама жасап, ауданда іс жүзіне асқан жұмыстарға тоқтала келе, алда атқарылар шараларды да мәлімдеді. Оның ішінде ауданды көркейту, абаттандыру ісін жалғастыру сынды бірқатар мәселелер айтылды.
Күн тәртібінің ретімен аудан басшысы Асхат Сайдахметұлы ауданда мақсатты бағытталған берекелі істің нәтижесінде атқарылған жұмыстарды егжей-тегжейлі баяндап, есептік кезеңдегі ау-данның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму динамикасындағы оң өзгерістерді тізбелеп берді. Газетіміздің алдыңғы сандарында аудан көрсеткіштері жарияланғандықтан біз оларды қайталамауды жөн көрдік. Жиын барысында халықтың берген бағасы аудан әкімінің халық алдындағы беделі жоғары екендігін, атқарылған қызметтерге аудан жұртшылығының көңілі тола-тындығын дәлелдегендей.
Асхат Сайдахметұлының есебінде аталған Көк-пекті ауданындағы бірнеше білім ордаларының жөндеуден өткізілуі мемлекет тарапынан білім беру саласына жасалған қамқорлық деуге негіз бар. Сондай-ақ, бүкіл аумақтың айнасы болып саналатын аудан орталығындағы бірнеше көшелердің қалыпқа келтірілуі де ауыл ажарын аша түсті. Алайда, тұрғындардың пікірінше, аудан орталығының келбетін әлі де көріктендіре түсу үшін көп істер тындырылуы қажет.
Елімізде жүргізіліп жатқан саясаттың, Елбасы Н.Назарбаевтың қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Жолдауларынан туындаған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы, экономикалық өсім мен әлеуметтік кепілдемелерді қамтамасыз ету жолында аудандағы атқарушы биліктің қол жеткізген табыстары ауыз толтыра айтарлық екені де көрер көзге аян. Аудан дамуының барлық салалары бойынша 2018 жылы алдыңғы жылмен салыстырғандағы ілгерілеулер мен жетістіктерді, даму көрсеткіштерін алақандағыдай етіп экраннан тамашалап отырған көзі қарақты жұртшылықтың, тіпті аудан басшысына қояр сауалдары да аздығымен ерекшеленді бұл басқосу.
– Барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдын-дағы жыл сайынғы есептері еліміздің қоғамдық-саяси өмірін әрі қарай демократияландырудың маңызды бөлігі болып қана табылмайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы үкімет және халық арасындағы байланыстың нәтижелі диалогы, біршама өзекті мәселерді шешудегі оның жауапкершілігін арттыру құралы болып табылады. Ағымдағы жылы Көкпекті ауданы әкімдігінің жұмысы экономикалық даму қарқынын қамтамасыз етуге, сондай-ақ орнықты әлеуметтік кепілді құруға бағытталды. Өткен жылда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің оңды серпіні байқалады, - деді аудан басшысы.
Жарыссөзге бірінші болып шыққан аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы Мұқашев «Бірлік – береке бастауы» демекші көпұлтты ауданымыздың халқы береке-бірліктің арқасында ауданды өрге сүйреген бір-шама жұмыстарды кезең-кезеңімен шешіп келеді. Бірақ біздің алдымызда әлі де талай ауқымды міндеттер тұр. Осының барлығы түрлі салалардағы қарапайым еңбек адамдарының жұмыла атсалысқан өлшеусіз еңбегінің арқасы. Көкпекті ауданының бүгіні де, болашағы да өз қолымызда. Олай болса, міндет те, мүдде де баршамызға ортақ. Тек еңбегіміз екпінді, істеріміз ілкімді, тірлігіміз тиянақты болсын»,- деп жерлестеріне жүйелі ой тастап, ақсақалдық ақ тілегін жеткізді.
Ал, Преображенка ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрайымы Т.Шнайдер өз сөзінде арадагерлер ке-ңесінің ұйымдастыруымен қол жеткен табыстарға тоқталып, жиналған қауымға жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, сөз кезегін алған білім беру ісінің үздігі, медиатор Сайрамхан Чалова аудан әкімінің есепті баяндамасында көрсетілгендей Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласынан басталған Қазақстан қоғамын рухани жаңғырту үдерісі сананы, тарихты, мәдениетті, білім мен өнер салаларын отарсыздандыру процесіне жол ашатыны жайында мәлімет берді. Ал, жарыссөзге шыққан Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейдің жас ұстазы, физика пән мұғалімі Д.Мергенчинов ана тілінде көркем де таза сөйлеп, көпшілікті тұла бойынан ұшқындап тұрған жастық жалынымен баурап алды. Осындай жас-тарымыз көп болғай!
Есептік кездесуде Р.Арынов, М.Искаков, Қ.Түсіпбеков сынды ауыл ақсақалдары өздерін толғандырып жүрген мәселелерді ұсынып, аудан басшысының жұмысына оң бағаларын берді. Облыс, аудан басшыларына алғыстарын арнап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Салтанатты шараның құрметті қонағы, облыс әкімінің орынбасары С.Ақтанов қорытынды сөз сөйлеп, тұрғындар тарапынан түскен сауалдарға жауап берді:
- Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлының осы ауданға қызметке тұрғалы сегіз ай-дың ішінде атқарылған жұмыстарына және алда атқарылатын міндеттеріне нақтырақ тоқталып өтті. Өзім арнайы келіп қатысып отырғандықтан аудан басшысының жұмысына қуанып отырмын. Оның жерге, елге беріліп қызмет атқаруы көңілімізге қуаныш ұялатады. Сіздердің тараптарыңыздан айтылып жатқан аудан әкімі ешқайда ауыспай осында қалсын деген тілектеріңіз, біздің сенім артқан Асхат бауырымыздың өз ісіне деген жауапкершілігін көрсетеді. Сондай-ақ, жақында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Кенжетайұлы Елбасымыздың қатысуымен өткен кеңейтілген жиналыста біздің облысқа жақсы бағасын берді. Бұл тек облыстың емес ауданда отырған сіздер мен біздердің еңбегіміздің арқасы. Жалпы аудан әкімінің көрсеткіштері жаман емес, тек бірігіп жұмыс істеу керек. Келген жыл берекелі болсын! – деді Серік Қасымбекұлы.
Кездесу соңы жылы да жақсы көңілмен бітіп жатты. Өйткені, кездесуге келген әрбір жан өз сауалына ашық әрі нақты жауап алды. Ал, ең бастысы, әкімдік басшылығының жоспары адамдар мүддесімен үндесіп жатты. Бір сөзбен айтқанда, аудандық билік пен тұрғындар бір толқынмен алға қарай басуда.
Талғат Қабиұлы Қаймулдинов, Көкпекті ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы:
- Аудан әкімінің есебін мұқият тыңдадым. Қанағаттанарлық деп ба-ға беремін. Ең бастысы, еліміздегі тыныштық пен татулықтың қаймағы бұзылмасын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді ғой. Басқа шаруаларды ауданымыздың еңбексүйгіш халқымен біртіндеп, күнделікті ағыммен тындыратынымыз анық.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз